Descargar Imprimir esta página

Hilti Nuron SI-AT-22 Manual De Instrucciones página 477

Ocultar thumbs Ver también para Nuron SI-AT-22:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 86
6.5.2
Жұмыс режимін басқару түймелері арқылы орнату
Бұрап бекітілетін бекіткіш бөлшекте ешқандай штрихкод, QR коды немесе екі өлшемді матрицалық
штрихкод болмаса, жұмыс режимін тарту модулінің басқару түймелері арқылы қолмен орнатуға
болады.
1. Тарту модулін құлыптан босатыңыз. → Бет 468
2. Көрсеткі түймелерін пайдаланып, таңдау жақтауын өзгерткіңіз келетін опцияға жылжытыңыз.
3. OK түймесін басыңыз.
▶ Таңдалған опция енді қара түспен көрсетіледі.
4. Көрсеткі түймелерінің көмегімен қалаулы параметрді таңдаңыз.
5. OK түймесін басыңыз.
▶ Таңдалған параметр таңдау жақтауымен көрсетіледі.
6. Қосымша параметрлерді орнату үшін, қажетінше 3-5 қадамдарды қайталаңыз.
7. Тарту модулін құлыптаңыз. → Бет 468
6.6
Өнімді интеллектуалды режимде қондыру
Тарту модулін пайдалану алдында бұрап бекітілетін бекіткіш элементтің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз. Бұрап бекітілетін бекіткіш элементтердің қызмет көрсету бойынша нұсқаулығын және
бекіткіш элементтердің тексеру бойынша нұсқауларды орындаңыз.
1. «Интеллектуалды» жұмыс режимін орнатыңыз.
2. Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын оңға айналу күйіне орнатыңыз.
3. Соқпа гайка бұрауышты арнайы алмалы-салмалы құралдың көмегімен бұрап бекітілетін бекіткіш
элементке қондырыңыз.
4. Бағдарламалық ауыстырып-қосқышты тарту модулі келесі хабарлардың бірін бергенше басып
тұрыңыз:
Нәтиже 1 / 4
"Бұрап бекіту сәтті аяқталды" хабары көрсетіледі:
Бақылау шамдары жасыл түспен жанып тұр.
Растау дыбысы шығарылады.
Бекіткіш элемент тиісінше тартылған. Бірдей түрдегі келесі бекіткіш элементпен жалғастыруға
болады.
Нәтиже 2 / 4
"Қайта тарту сәтті аяқталды" хабары көрсетіледі:
Бақылау шамдары сары түспен жыпылықтайды.
1-ескерту дыбысы шығарылады.
A) Алдын ала тартылып, сонан соң қайта босатылған анкерлік болттың немесе химиялық дюбельдері
бар бұрандалы қарнақтың бұрандалы қосылымы қайтадан тартылды. Егер бұрандалы қосылым
алдында дұрыс жолмен тартылмаған болса, оны калибрленген бұрауыш кілтпен тексеру немесе
B) Орнату жүйелерінің және анкерлік шиналарға арналған бұрандалы қосылым
тарту керек.
әлдеқашан тартылды, бірақ модуль дұрыс тарту моментінің қолданылғанын анықтай алмайды.
Бұрандалы қосылымды калибрленген бұрауыш кілтпен тексеріп, қажет болса, оны дұрыс орнату
кезіндегі айналу моментімен тартыңыз.
Нәтиже 3 / 4
"Аккумулятор кернеуі тым төмен" хабары көрсетіледі:
Бақылау шамдары қызыл түспен жыпылықтайды.
Аккумулятордың қалған сыйымдылығы бекіткіш элементті тарту үшін тым аз.
▶ Хабарды растау үшін, OK түймесін басыңыз.
▶ Зарядталған аккумуляторды салыңыз.
Нәтиже 4 / 4
"Бұрап бекіту" дұрыс аяқталған жоқ" хабары көрсетіледі:
Бақылау шамдары қызыл түспен жыпылықтайды.
2-ескерту дыбысы шығарылады.
▶ Бекіткіш элементті калибрленген бұрауыш кілтпен тартыңыз.
*2343813*
2343813
Қазақ
473

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Si-at-22