Соққымен бұрғылау
GSB 18V-21
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақинаны (4) "Соққымен бұрғылау"
белгісіне орнатыңыз.
Ажыратқыш
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (11)
басып тұрыңыз.
Жарық диоды (9) қосу/өшіру қосқышы (11) сәл немесе
толық басылғанда жанып, жарық жеткіліксіз жұмыс
аймақтарын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (11)
жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (11) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (11) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Айналу моментін алдын ала таңдау
Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш
сақинаның (3) көмегімен қажетті айналу моментін 20
қадам бойынша алдын ала таңдауға болады. Реттелген
айналу моментіне жеткенде электр құралы тоқтап қалады.
Берілістің механикалық таңдалуы
Беріліс ауыстырып-қосқышынын (5) тоқтап тұрған
u
кезде немесе электр құралы жұмыс істеп тұрғанда
қозғалтуға болады. Дегенмен, оны толық жүктеме
кезінде немесе максималды жылдамдықта
орындау керек.
1-беріліс:
Төмен айналу жиілігінің диапазоны; үлкен бұрғы
диаметрімен жұмыс істеу немесе бұрап бекіту үшін.
2-беріліс:
Жоғары айналу жиілігінің диапазоны; кіші бұрғы
диаметрімен жұмыс істеу үшін.
Температураға тәуелді артық жүктемеден қорғаныс
Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына
артық жүктеме түспейді. Қатты жүктелуде немесе рұқсат
етілген аккумулятор жұмыс температурасының
аймағынан артып электр құралы өшіп жарық диод электр
құралында жыпылықтайды. Жұмысты жалғастырудан
алдын электр құралын суытыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Беріліс ауыстырып-қосқышын немесе жұмыс
u
режимдерін ауыстырып-қосқышты әрдайым
тірелгенше жылжытыңыз немесе айналдырыңыз.
Әйтпесе электр құралына зақым келтіруіңіз мүмкін.
Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
u
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Бұрауыш биттерді немесе әмбебап бит ұстағышын алып
тастау үшін көмекші құралды пайдалануға болады.
Шаңы көп қоршауда жұмыс істегенде электр
u
құралы істемей қалуы мүмкін. Егер электр құралы
кездейсоқ істемей қалса, көмір қылшықты шешіп
оны тексеріңіз ("Көмір қылшақтарды алмастыру"
бөлімін қараңыз).
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Көмір қылшақтарды алмастыру (C суретін қараңыз)
Көмір қылшақтардың ұзындығын әр 2–3 ай сайын
тексеріп, қажет болса, көмір қылшақтарды
алмастырыңыз.
Ешқашан тек бір көмір қылшақты алмастырмаңыз!
Нұсқау: тек Bosch компаниясынан сатып алынған,
өніміңізге арналған көмір қылшақтарды пайдаланыңыз.
– Қалпақтарды (6) арнайы гайка бұрауышпен
босатыңыз.
– Серіппе қысымының астында тұрған көмір
қылшақтарды (14) алмастырып, қалпақтарды
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақ | 141
1 609 92A 87N | (29.09.2022)