ҚАУІП
Тоқпен зықымдалу қаупі
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс
кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы жұмыс істемейді
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
2. Фирмалық тақтада көрсетілген кернеу қорек
көзінің кернеуімен сəйкес келе ме, жоқ па,
тексеріңіз.
3. Желі баусымын зақымдарға тексеріңіз.
Құрылғы қысым тудырмайды
Су жеткізу жеткіліксіз.
1. Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
2. Жеткілікті су мөлшері беріліп жатыр ма, жоқ па,
тексеріңіз.
3. Максималды сору биіктігі асып кетпегендігіне көз
жеткізіңіз.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы елек ластанды.
1. Құрылғыны тазалаңыз, Су жеткізуге арналған
жалғағыштағы електі тазалау бөлімін қараңыз.
Құрылғыдағы ауа.
1. Құрылғыны желдетіңіз:
a Жалғанған жоғары тегеурінді құбыршексіз
максимум 2 минутқа құрылғыны қосыңыз жəне
су жоғары тегеурінді жалғағыштан
көпіршіктерсіз шықпағанша күтіңіз.
b Құрылғыны өшіріңіз.
c Жоғары тегеурінді құбыршекті қосыңыз.
d Сору жұмыстарын жүргізу кезінде
максималды сору биіктігін бақылаңыз,
Техникалық мағлұматтар бөлімін қараңыз.
Қысымның күшті айырмасы
1. Жоғары тегеурінді саптаманы тазалау:
a Саптаманың саңылауынан.
b Жоғары тегеурінді саптаманы алдыңғы
жағынан сумен жуып алыңыз.
2. Келген судың мөлшерін тексеріңіз.
Құрылғының саңылаулылығы
1. Құрылғының шағын саңылаулылығын оның
конструкциясы қамтамасыз етеді. Күшті
саңылаулылық кезінде авторландырылған
сервистік қызметке жүгініңіз.
Жуғыш құрал сіңбейді
1. Vario Power шүмегін пайдаланыңыз жəне оны
«SOFT» (ЖҰМСАҚ) бағытына тірелгенге дейін
бұраңыз.
2. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегіндегі
сүзгіні тазалаңыз.
3. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін иілуге
тексеріңіз.
Кепілдік
Əр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік
шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық
немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда,
ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз
жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз
болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе
жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына
түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
(Мекенжайымыз артқы бетте)
ЕО стандарттарына сəйкестігі
туралы декларация
Осымен төменде көрсетілген машина қауіпсіздік
жəне денсаулық қорғау бойынша ЕО
директиваларының талаптарына сəйкес келетіні
мəлімдейміз. Бізбен келісусіз машинаның
конструкциясы өзгерген жағдайда осы декларация
өз күшін жояды.
Бұйым: Жоғарғы қысымды жуғыш
Типі: K 4, K 4 Premium, KHD 4
Қолданыстағы ЕО директивалары
2000/14/EG
2006/42/EG (+2009/127/EG)
2011/65/EU
2014/30/EU
Қолданылатын біріздендірілген стандарттар
EN 60335-1
EN 60335-2-79
EN 55014-1: 2017 + A11: 2020
EN 55014-2: 1997 + A1: 2001 + A2: 2008
EN 61000-3-2: 2014
EN 61000-3-3: 2013
EN IEC 63000: 2018
Сəйкестікті бағалаудың қолданбалы əдісі
2000/14/EC: V қосымшасы
Дыбыс қуаттылығының деңгейі дБ(А)
Өлшенді: 86
Кепілдік береді: 89
Қол қойғандар басқарманың тапсырмасы мен
уəкілдігі бойынша əрекет етеді.
Құжаттаманы жүргізетін уəкілетті тұлға:
С. Райзер
Alfred Kärcher SE & Co. KG
Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40
71364 Winnenden (Германия)
Тел.: +49 7195 14-0
Телефакс: +49 7195 14-2212
Winnenden, 2023/08/01
Қазақша
141