Descargar Imprimir esta página

Bosch GWS 24-230 Professional Manual Original página 242

Ocultar thumbs Ver también para GWS 24-230 Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 43
242 | Қазақ
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
u
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда
u
абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын
қараңыз.
Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
u
дайындаманы бекітіңіз.
Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
u
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Электр құралды абразивті-кесу станинада
u
пайдаланбаңыз.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Нұсқау: Пайдаланбағанда желі айырын розеткадан
шығарыңыз. Электр құралында желі айыры қосулы
болып желіде кернеу барысында өшірулі болғанда да
аздап тоқ тұтынады.
Пайдалану нұсқаулары
Сыдырып тегістеу
Байланыстырылған ажарлағыш құралдардың
u
көмегімен сыдырып ажарлау кезінде әрдайым
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7)
пайдаланыңыз.
Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
u
пайдаланбаңыз.
Сыдырып ажарлау кезінде кесуге арналған
u
қорғаныш қаптама (8) немесе ажарлауға арналған
қорғаныш қаптама (7) монтаждалған кесуге
арналған қаптамамен (9) бірге дайындамаға
соғылып, бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкелуі
мүмкін.
30°–40° еңкейту бұрышымен сыдырып ажарлау кезінде
ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Электр
құралын орташа қысыммен алға-артқа жылжытыңыз.
Нәтижесінде дайындама тым қатты қызбайды, түсін
өзгертпейді және қатпарлар пайда болмайды.
Кесуге де, ажарлауға да рұқсат етілген
u
байланыстырылған дискілер пайдаланылған кезде,
кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (8) немесе
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7)
монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (9) бірге
пайдалану керек.
1 609 92A 9HP | (25.03.2024)
Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен үстіңгі беттерді
ажарлау
Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен ажарлау
u
кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш
қаптаманы пайдаланыңыз (7).
Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен (керек-жарақ),
сонымен қатар дөңес беттерді және профильдерді де
өңдеуге болады. Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискілер
әдеттегі ажарлағыш дискілермен салыстырғанда
ұзағырақ қызмет етеді, азырақ шуыл шығарады және
төменірек ажарлау температурасына ие болады.
Ажарлау тәрелкесімен үстіңгі беттерді ажарлау
Резеңке тегістеу тәрелкесімен (20) жұмыстар үшін
u
әрқашан қол қорғағышын (19) киіңіз.
Ажарлау тәрелкесімен ажарлау әрекетін қорғаныш
қаптамасыз орындауға болады.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Домалақ гайканы (22) бұрап бекітіңіз де, екі саңылаулы
кілтпен тартыңыз.
Тостаған тәрізді қылшық/дискілік қылшық
Дискілі қылшақтармен ажарлау кезінде әрдайым
u
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7)
пайдаланыңыз. .Тостаған тәрізді қылшақтармен
өңдеу әрекетін қорғаныш қаптамасыз орындауға
болады.
Тостсаған тәрізді қылшықпен жұмыстар үшін
u
әрқашан қол қорғағышын (19) киіңіз.
Дискілі қылшақтардың сымдары қорғағыш
u
қаптамаға ілініп, дискілі қылшақтардың рұқсат
етілген ең үлкен өлшемдерінен асып кетсе, үзілуі
мүмкін.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақты шпиндельге
шпиндель фланеці шпиндель ирек оймасына тығыз
тақалып тұратындай бұрап бекіту керек. Айыр тәрізді
кілтпен тостаған тәрізді/дискілік қалшықты бекемдеңіз.
Металды кесу
Металл материалдарды байланыстырылған кескіш
u
дискілермен немесе алмас кескіш дискілермен
кескен кезде әрдайым кесуге арналған қорғаныш
қаптаманы (8) немесе ажарлауға арналған
қорғаныш қаптаманы (7) монтаждалған кесуге
арналған қаптамамен (9) бірге пайдаланыңыз.
Ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7)
u
байланыстырылған кескіш дискілермен кесу
жұмыстары үшін пайдаланған кезде, дискілер
сынған жағдайда, ұшқын мен бөлшектер және диск
бөліктері тиюінің артқан қаупі туындайды.
Кескіш дискімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс
беріліспен жұмыс істеңіз. Кескіш дискіге қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанда кескіш дискіні
тоқтатпаңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading