ҚАЗАҚША (Түпнұсқа нұсқаулар)
ЕСКЕРТУ
•
Қолданар алдында, аккумулятор
ұстағышымен бірге қолданылатын Makita
өнімінің нұсқаулығын оқып шығыңыз.
Аккумулятор ұстағышын тек Makita
•
компаниясы көрсеткен өнімдермен бірге
пайдаланыңыз. Аккумулятор ұстағышын
үйлесімді емес өнімдермен пайдалану
өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе
электролиттің ағуына әкеп соқтыруы
мүмкін.
ОРНАТУ
Аккумулятор картриджін орнату
немесе алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнатпас немесе алмас бұрын, құрылғыны
әрдайым өшіріп жүріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнатқан немесе алған кезде, аккумулятор
ұстағышын және аккумулятор картриджін
мықтап ұстаңыз. Аккумулятор ұстағышын және
аккумулятор картриджін мықтап ұстамасаңыз,
олардың қолыңыздан сырғып түсіп, нәтижесінде
аккумулятор ұстағышының және аккумулятор
картриджінің зақымдалуына және/немесе жарақат
алуға әкеп соқтыруы мүмкін.
► Сурет1: 1. Қызыл индикатор 2. Түйме
3. Аккумулятор картриджі
4. Аккумулятор ұстағышы (қосымша
керек-жарақ)
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы ойықпен туралап,
оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен дыбыс
естіліп, өз орнында құлыпталғанша, аккумулятор
картриджін орнына итеріп салыңыз. Егер түйменің
жоғарғы жағында қызыл индикатор көрініп тұрса,
демек ол толығымен құлыпталмаған.
Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені басып, оны аккумулятор
ұстағышынан сырғытып шығарып алыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
картриджін әрдайым қызыл индикатор
көрінбейтіндей етіп, толығымен орнатыңыз.
Әйтпесе аккумулятор картриджі аккумулятор
ұстағышынан абайсызда түсіп қалып, сізді немесе
айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
күштеп орнатпаңыз. Егер аккумулятор картриджі
жеңіл сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған.
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор ұстағышындағы
белдік ілмегін пайдалану
Аккумулятор ұстағышын белдігіңізге тағатын
болсаңыз, аккумулятор ұстағышының белдік
ілмегін белдігіңізге бекітіп, ұяшықты аккумулятор
ұстағышының ашасына қосыңыз.
► Сурет2: 1. Белдік ілмегі 2. Аккумулятор
ұстағышы 3. Бел буатын белдік 4. Аша
5. Ұяшық
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
абайсызда түсіп қалуына жол бермеу үшін,
бау тесігін пайдалану арқылы бау тағып, оны
мықтап бекітіңіз.
Аккумулятор ұстағышының түсіп қалуға жол
бермейтін функциясы бар. Аккумулятор ұстағышын
белдіктен алу кезінде оны босату түймесін басып
тұрып, тартыңыз.
► Сурет3: 1. Босату түймесі
USB құрылғыларын қосу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
енгізетін портпен үйлесімді құрылғыларды
ғана қосыңыз. Әйтпесе бұл аккумулятор
ұстағышының ақаулығына себеп болуы мүмкін.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
аккумулятор ұстағышына (аккумулятормен)
қосудан бұрын, әрдайым USB құрылғысында
деректердің резервтік көшірмесін жасаңыз.
Әйтпесе бұл деректеріңіздің жоғалуына себеп
болуы мүмкін.
Аккумулятор ұстағышы (аккумулятор картриджімен)
USB құрылғылары үшін сыртқы қуат көзі ретінде
жұмыс істеуі мүмкін.
Қақпақты ашып, USB кабелін (бірге берілмеген)
аккумулятор ұстағышындағы қуат көзінің портына
қосыңыз. Содан кейін кабельдің екінші ұшын
құрылғыға қосып, USB портының жанындағы
ауыстырып-қосқышты қосыңыз.
Аккумулятор ұстағышы (аккумулятор картриджімен)
5 В ТТ, 2,4 А (максимум) қамтамасыз етеді.
► Сурет4: 1. Қақпақ 2. Ауыстырып-қосқыш
ЕСКЕРТПЕ: Аккумулятор ұстағышы кейбір USB
құрылғыларын зарядтамауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланбайтын кезде немесе
зарядтаудан кейін, USB кабелін алып тастаңыз
және қақпақты жабыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Аккумулятор қуаты ауыстырып-
қосқыш қосулы кезде тұтынылады. Құрылғыны
пайдаланбаған кезде ауыстырып-қосқышты
әрдайым өшіріп жүріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бірнеше USB құрылғысын зарядтау
кезінде келесі құрылғыны зарядтауды бастаудан
бұрын, алдыңғы құрылғының зарядталуы
аяқталғаннан кейін шамамен 10 секунд күтіңіз.
32 ҚАЗАҚША
Аккумулятордың
USB құрылғысын
USB құрылғысын