Descargar Imprimir esta página

Bosch GBH Professional 2-28 Manual Original página 142

Ocultar thumbs Ver también para GBH Professional 2-28:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 27
142 | Қазақ
Жұмыс режимін орнату
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын (11) пайдаланыңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (10)
басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11)
қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау
күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы (11) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын реттеу
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (7) электр
құралының айналу бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.
Дегенмен ажыратқыш (9) басылса, бұл әрекетті орындау
мүмкін болмайды.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (7) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу
бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
– Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
(7) екі жағынан да
күйіне тірелгенше бұраңыз.
– Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
(7) екі жағынан да
күйіне тірелгенше бұраңыз.
Қосу/өшіру
– Электр құралын қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып-
қосқышын (9) басыңыз.
– Ажыратқышты (9) бұғаттау үшін оны басып тұрып,
бекіту түймесін (8) қосымша басыңыз.
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (9)
жіберіңіз. Ажыратқыш (9) бұғатталған кезде, оны
алдымен басып, сонан соң жіберіңіз.
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
Ажыратқышты (9) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп
реттеуге болады.
Ажыратқышты (9) сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы
санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы
саны ұлғаяды.
1 609 92A 9A8 | (15.04.2024)
Кескіш қалпын өзгерту (Vario-Lock)
Қашауды 36 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы
жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
– Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
– Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11) "Vario-
Lock" күйіне бұраңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне
бұраңыз.
– Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11) "Қашау"
күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші
бұғатталады.
– Қашау үшін айналу бағытын оңға айналу күйіне
орнатыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Бұрғылау тереңдігін реттеу (J суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (14) қажетті бұрғылау
тереңдігін X реттеуге болады.
– Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (12) басып,
тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (13) орнатыңыз.
Тереңдік шектегішінің (14) бұдыр жағы төмен қарап
тұруы қажет.
– SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал
бекіткішіне (3) тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе
SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате бұрғылау
тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
– Тереңдік шектегішін бұрғы ұштығымен тереңдік
шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау
тереңдігіне X сәйкес келгенше тартыңыз.
Жылдам өшіру (KickBack Control)
Жылдам өшіру (KickBack Control)
электр құралын жақсырақ бақылауға
көмектеседі және осылайша KickBack
Control құралынсыз электр
құралдарымен салыстырғанда
пайдаланушы қорғанысын да
күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі
бойынша кездейсоқ және күтілмеген
ретте айналса, электр құралы өшеді.
– Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (9) жіберіп, содан
кейін екі рет басыңыз.
Енгізу құралын енгізу (K суретін қараңыз)
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Бұрауыш биттерді пайдалану үшін SDS plus бекіткіш білігі
(керек-жарақ) бар әмбебап ұстағыш (22) қажет болады.
– Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап
майлаңыз.
– Айналмалы әмбебап ұстағышты құрал бекіткішіне
автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
– Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
– Әмбебап ұстағышқа бұрауыш битті салыңыз. Тек
бұранданың бастиегі үшін жарамды бұрауыш биттерді
пайдаланыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gbh professional 2-28 f