ҚАЗАҚША (Түпнұсқа нұсқаулар)
ЕСКЕРТУ
Еуропадағы пайдаланушылар үшін: Бұл құрылғыны 8
•
және одан жоғары жастағы балалардың және физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі
мен білімі жетіспейтін адамдардың оларға құрылғыны
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар беріліп, бақыланған
және қауіп-қатерді түсінген жағдайда пайдалануына болады.
Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз. Тазалау
және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын балаларға
ересектердің бақылауынсыз орындауға болмайды.
Еуропадан басқа аймақтардағы пайдаланушылар үшін: Бұл
•
құрылғы олардың қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғыны
пайдалану бойынша қадағалау жүргізіп, нұсқаулар
бермейінше дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі,
сондай-ақ тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғаларға (соның
ішінде балаларға) пайдалануға арналмаған. Балалардың
құрылғымен ойнамауын қадағалау қажет.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Бұл желдеткіш 3 жылдамдықты басқару жүйесі, желдеткіш бастиегінің тербелісі және автоматты түрде өшетін таймер
функцияларымен жабдықталған. Қуат көзі ретінде Makita аккумулятор картриджін немесе АТ адаптерін пайдалануға болады.
Үлгі:
Номиналды кернеу
АТ адаптері
Өлшемдері (Ұ x Е x Б)
Таза салмағы (аккумулятор картриджін қоспағанда)
•
Зерттеу мен әзірлеудің үздіксіз бағдарламасына байланысты осы құжаттағы техникалық сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
•
Техникалық сипаттамалары әр елде әр түрлі болуы мүмкін.
Жарамды аккумулятор картриджі мен зарядтау құрылғысы
Аккумулятор картриджі
Зарядтау құрылғысы
•
Жоғарыда берілген аккумулятор картридждері мен зарядтау құрылғыларының кейбірі сіздің тұрып
жатқан жеріңізге байланысты қолжетімсіз болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Тек жоғарыда аталған аккумулятор катридждері мен зарядтау құрылғыларын ғана
пайдаланыңыз. Аккумулятор картридждері мен зарядтау құрылғыларының басқа түрлерін пайдалансаңыз,
жарақат алуыңыз және/немесе өрт шығуы мүмкін.
Кірісі
Шығысы
14,4 В ТТ үлгісі
18 В ТТ үлгісі
203 ҚАЗАҚША
DCF203
14,4 В / 18 В ТТ
100 – 240 В, 50 / 60 Гц, 1,2 A макс.
15 В, 2,5 А
140 x 333 x 447 мм
BL1415N / BL1430 / BL1430B / BL1440 / BL1450 / BL1460B
BL1815N / BL1820 / BL1820B / BL1830 / BL1830B / BL1840 /
BL1840B / BL1850 / BL1850B / BL1860B
DC18RC / DC18RD / DC18RE / DC18SD / DC18SE / DC18SF
1,9 кг