Makita HG6530V Manual De Instrucciones página 33

Ocultar thumbs Ver también para HG6530V:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 18
Бөліктер жоқ болса немесе
зақымдалған болса, дилерге
хабарласыңыз.
Электрлік құралдың жалпы
қауіпсіздік ескертулері
Осы электрлік құралмен бірге берілген
қауіпсіздік ескертулерін, нұсқауларды,
суреттерді жəне техникалық сипаттамаларды
оқып шығыңыз. Төменде берілген барлық
нұсқауды орындамаған жағдайда, электр тогының
соғуы, өрт шығуы жəне/немесе ауыр жарақат
алуға себеп болуы мүмкін.
Алдағы уақытта қолдану үшін
барлық ескерту мен нұсқауды
сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі "электрлік құрал" термині қуат
көзінен жұмыс істейтін (сымды) электрлік құралды
немесе аккумулятормен жұмыс істейтін (сымсыз)
электрлік құралды білдіреді.
Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
1.
Жұмыс аймағы таза əрі жарық болуы керек.
Лас немесе қараңғы аймақтарда жазатайым
оқиғалар туындауы мүмкін.
2.
Электрлік құралды айналасында тез
тұтанатын сұйықтық, газ немесе шаң
сияқты заттардан тұратын жарылыс қаупі
бар орталарда пайдаланбаңыз. Электрлік
құралдар шаң немесе газды тұтандыратын
электр ұшқындарын шығарады.
3.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
балалар жəне бөгде адамдар алшақ жүруі
керек. Басқа нəрсеге алаңдасаңыз, құралға ие
бола алмай қалуыңыз мүмкін.
Электрлік қауіпсіздік
1.
Электрлік құралдың ашасы розеткаға
сəйкес келуі керек. Ашаны ешбір жағдайда
өзгертпеңіз. Адаптер ашаларын жерге
тұйықталған электрлік құралдармен
пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген ашалар мен
сəйкес келетін розеткалар электр тогының соғу
қаупін азайтады.
2.
Түтіктер, радиаторлар, жылу батареялары
жəне тоңазытқыштар сияқты жерге
тұйықталған бұйымдарды ұстамаңыз. Егер
денеңіз жерге тұйықталатын болса, ток соғу
қаупі жоғары болады.
3.
Электрлік құралдарды жаңбырдың астына
немесе ылғалды жерлерге қоймаңыз.
Электрлік құралға су кіретін болса, ток соғу
қаупі артады.
4.
Қуат сымын мұқият пайдаланыңыз.
Электрлік құралды тасу, тарту немесе
қуат көзінен ажырату үшін қуат сымын
пайдалануға болмайды. Қуат сымына
ыстық зат, май, өткір жиек немесе
қозғалмалы бөлшектер тимеуі керек.
Зақымдалған немесе оралған қуат сымдары
ток соғу қаупін арттырады.
5.
Электрлік құралды сыртта пайдаланғанда,
сыртта қолдануға жарамды ұзартқышты
қолданыңыз. Сыртта қолдануға жарамды
шнурды пайдалану ток соғу қаупін азайтады.
6.
Егер электрлік құралды ылғалды жерде
пайдалану керек болса, қорғаныстық
ажырату құрылғысын (RCD) пайдаланыңыз.
Қорғаныстық ажырату құрылғысын пайдалану
ток соғу қаупін азайтады.
7.
Электр қуатын əрдайым 30 мА немесе одан
кем номиналды дифференциалды тогы бар
қорғаныстық ажырату құрылғысы (RCD)
арқылы пайдалану ұсынылады.
8.
Электрлік құралдар электрмагниттік өрістер
шығарады, ол пайдаланушыға қауіпті
емес. Дегенмен электрокардиостимулятор
жəне соған ұқсас басқа медициналық
құрылғылардың пайдаланушылары электрлік
құралды пайдаланбас бұрын, өндірушімен
жəне/немесе дəрігермен кеңесуі керек.
9.
Қуат ашасын су қолыңызбен ұстамаңыз.
10. Егер сымы зақымдалған болса, қауіптен
сақтану үшін оны өндірушіге немесе оның
агентіне апарып ауыстырыңыз.
Жеке қауіпсіздік
1.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
жасап жатқан жұмысыңызға қырағылық
танытып, мұқият болыңыз. Шаршағанда
немесе есірткі, алкоголь немесе дəрі-
дəрмектің əсерінде болған кезде электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Электрлік құралды
пайдалану кезінде сəл ғана аңсыздық таныту
ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
2.
Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
Міндетті түрде қорғаныс көзілдірігін
тағыңыз. Шаңнан қорғайтын маска,
сырғанамайтын қорғаныс аяқ киімі, каска
немесе құлаққап сияқты қорғаныс жабдықтарын
тиісті жағдайларда қолдану жарақаттануды
азайтады.
3.
Кездейсоқ іске қосудың алдын алыңыз.
Құралды қуат көзіне жəне/немесе
аккумулятор блогына қоспас бұрын, оны
жинап немесе тасымалдамас бұрын,
ауыстырып-қосқыш өшірулі күйде екеніне
көз жеткізіңіз. Саусақ электрлік құралдың
ауыстырып-қосқышында тұрған кезде оны
тасымалдау немесе ауыстырып-қосқышы
қосулы электрлік құралды қуат көзіне қосу
жазатайым оқиғаға əкеп соғуы мүмкін.
4.
Электрлік құралды қоспас бұрын, реттегіш
немесе сомынды бұрайтын кілттерді алып
тастаңыз. Электрлік құралдың айналмалы
бөлігінде реттегіш немесе сомынды бұрайтын
кілт бекітулі қалса, жарақаттауы мүмкін.
5.
Тым артық күш салмаңыз. Əрдайым
тұрақты жəне тепе-теңдік сақтайтын күйде
болыңыз. Бұл күтпеген жағдайда электрлік
құралды жақсы басқаруға мүмкіндік береді.
6.
Жұмысқа сай киініңіз. Бос киім кимеңіз
жəне əшекей тақпаңыз. Шашыңызды жəне
киіміңізді қозғалмалы бөлшектерден алшақ
ұстаңыз. Бос киім, əшекейлер немесе ұзын
шаш қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы
мүмкін.
7.
Шаң тұту жəне жинау құрылғылары
қамтамасыз етілген болса, олардың
33 ҚАЗАҚША

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Hg6531c

Tabla de contenido