щеткамен тегістеу машинасы,
жылтырату машинасы, нақыштауға
немесе кесуге арналған машина ретінде
қолдануға арналған. Осы электр
құралымен қамтамасыз етілген барлық
қауіпсіздік ескертулерін, нұсқауларды,
суреттерді және сипаттамаларды
оқыңыз. Осы келесі нұсқауларды
сақтамау тоқ соғуына, өртке және/немесе
ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін.
b. Өндірушімен осы құрал үшін арнайы
қарастырылмаған жабдықтарды
қолданбаңыз және оларды қолдану
ұсынылмайды. Сіздің электр
құралыңыздағы аксессуарларды бекіту
мүмкіндігі оны сенімді қолдануға кепілдік
бермейді.
c. Тегістеу аксессуарларының
дәрежеленген жылдамдығы электр
құралында көрсетілген максималды
жылдамдыққа тең болуы қажет. Рұқсат
етілген жылдамдықтан артық айналатын
аксессуарлар жарылуы мүмкін.
d. Жұмыс құралының сыртқы диаметрі
мен қалыңдығы Сіздің электр
құралыңыздың қуатына сай келуі тиіс.
Дұрыс өлшенбеген аксессуарларды дұрыс
басқару мүмкін емес.
e. Тегістеу дөңгелектері, ернемектер,
тегістеу тәрелкелері немесе басқа да
жабдықтар cіздің электр құралыңыздың
коронкасына берік орнатылуы тиіс.
Электр құралының бекіту жабдығына
сәйкес емес аксессуарлар шамадан тыс
жұмыс істейді, дірілдейді және бақылаусыз
қалуы мүмкін.
f.
Дөңгелектерде орнатылған тегістеу
шеңберлері, тегістеу барабандары,
кескіштер немесе басқа аксессуарлар
коронкаға немесе патронға салынуы
тиіс. Егер шпиндель айтарлықтай
жақсы бекітілмесе және/немесе дисктің
ұшуы өте көп болса, орнатылған диск
ажыратылып және үлкен жылдамдықпен
ұшып кетуі мүмкін.
g. Ақауы бар жұмыс құралдарын
пайдаланбаңыз. Пайдаланар алдын
әрқашан тегістеу дөңгелектерінің
сынықтары мен сызаттарын,
тегістеу тәрелкелерінің сызаттарын,
қатерлерін немесе қатты тозуын,
сым щеткаларының бекітілмегендігін
немесе сынған сымдардың бар-жоғын
тексеріңіз. Электр құрал немесе жұмыс
құралы құлағаннан кейін зақымдануын
соңғы тексеріңіз және қажеттілігіне
қарай зақымданбаған жұмыс құралын
орнатыңыз. Жұмыс құралын тексеріп,
бекіткен кезде өзіңіз және жақын
жердегі адамдар жұмыс құралының
айналу жазықтығынан бой тасалауы
тиіс, осыдан кейін электр құралын бір
минутқа максималды айналу санына
қосыңыз. Зақымдалған аксессуарлар осы
сынақ барысында қалыпсыз түрде үзілуі
мүмкін.
h. Жеке қорғаныс құралдарын
пайдаланыңыз. Орындалатын
жұмыс түріне лайықты бетті
қорғағыш қалқанын, көзге арналған
қорғаныс құралын немесе қорғаныс
көзілдірікті пайдаланыңыз. Қажет
болса, шаңға қарсы респираторды,
есту мүшелерін қорғау құралдарын,
қорғағыш қолғапты немесе абразивті
бөлшектер мен материал бөліктерінен
сақтандыратын арнайы алжапқышты
пайдаланыңыз. Көзіңіз түрлі жұмыстар
орындау барысында ауада ұшатын
бөтен бөлшектерден қорғалуы тиіс.
Шаңға қарсы маска немесе респиратор
операциямен құрылған бөлшектерді
сүзгілеуге мүмкіндігі болуы қажет. Қатты
шуылдың ұзақ әсерінен есту қабілетіңіз
төмендеуі ықтимал.
i.
Төңірегіңіздегі адамдардың жұмыс
учаскесінен қауіпсіз жерде болуын
қадағалаңыз. Жұмыс учаске шектерінде
әр адамның жеке қорғаныс жабдықтары
болуы тиіс. Бөлшек немесе жарылған
жұмыс құралдарының жарықшалары
жан –жаққа ұшып, жұмыс учаскесінен
тыс орындарда да жарақаттарға әкелуі
ықтимал.
j.
Жасырын тоқ сымына немесе өзінің
қоректендіруді қосу сымына тиіп
кетуі ықтимал жұмыстарды орындау
кезінде электр құралын тұтқаның
тек оқшауланған бетінен ұстаңыз.
"Кернеудегі" сыммен түйісу электр
құралдың металл бөлшектері "кернеуде"
болуы мүмкін және электр тогының
соғуына алып келеді.
k. Құралды қосу кезінде оны мықтап
ұстаңыз. Қозғалтқыштың реактивтік
моменті оны толық жылдамдық екпінімен
құралдың айналуын тудыруы мүмкін.
l.
Әрқашан мүмкіндігіне қарай
дайындаманы бекіту үшін басқыштарды
қолданыңыз. Ешқашан жұмыс кезінде
шағын дайындаманы бір қолмен және
құралды екінші қолмен ұстамаңыз.
Шағын дайындаманы бекіту сізге
құралды басқару үшін екі қолыңызды
қолдануға мүмкіндік береді. Істікшелер,
құбырлар немесе түтік сияқты цилиндр
бөлшектерде кесу кезінде айналуға
бағыты болуы мүмкін.
m. Қоректендіруді қосу сымын айналатын
жұмыс құралынан қашық ұстаңыз. Егер
Сіз құралды бақылауды жоғалтсаңыз,
қоректендіруді қосу сымы кесілуі немесе
айналатын жұмыс құралына тиіп кетуі
мүмкін және Сіздің қолыңыз айналатын
жұмыс құралына түсуі мүмкін.
n. Жұмыс құралы толық тоқтағанша
электр құралын қолыңыздан босатушы
болмаңыз. Айналмалы жұмыс құралы
тіреу бетіне ілініп қалуы мүмкін және сіз
оны бақылаудан шығарып алуыңыз мүмкін.
o. Қондырмаларды ауыстырып
немесе қандай да бір баптауларды
орындағаннан кейін коронка гайкасы,
патрон немесе кез келген реттеу
аспаптары мықтап тартылғандығына
көз жеткізіңіз. Нашар бекітілген ретте
аспаптары бақылауды жоғалта отырып
оқыстан жылжып кетуі мүмкін, нашар
бекітілген айналмалы бөлшектер
жарақат келтіріп, ұшып кетуі мүмкін.
p. Тасымалдау кезінде электр құралын
сөндіріңіз. Киіміңіз айналатын жұмыс
құралымен тартылып, жұмыс құралынан
жарақаттануыңыз мүмкін.
110
q
r
s
К
т
с
б
к
б
а
к
а
с
д
б
т
м
б
т
б
о
ж
К
қ
б
a
b
c
d
e