Descargar Imprimir esta página

3M Peltor WS Lite-Com Manual Del Usuario página 300

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 46
ЕСКЕРТУ! VOX қызметін тасымалдауды бастау үшін, телефон ішіндегі акустикалық шуылмен түзетілетін сөйлесу
микрофоны ауызға өте жақын болуы керек (1–3 мм) (G)! VOX тарату қызметін пайдаланғанда, әдетте хабардың
бірінші бөлігі радио іске қосылғанша «үзіледі». Сондықтан, хабарды қысқа және «қажет емес» сөзбен бастаңыз
және жоғарғы дыбыспен сөйлесіңіз!
Телефоннан шыққан өз дауысыңызды естісеңіз, радио сигналының беріліп жатқаны.
КЕДЕРГІЛЕРДІ БАСУ (шуылды басу)
«Кедергілерді басу» термині кіріс сигналы белгіленген деңгейден төмен болғанда құлақаспаптағы шу басылатынын
білдіреді.
Жеткілікті қатты радио сигналын қабылдау барысында, сигнал дереу таңдалған дыбыс деңгейінде қайтады.
Кедергілерді басу деңгейін орнату үшін UP (+) немесе DOWN (–) түймелерін пайдаланыңыз. Дыбыстық хабарлама
түймені басқан сайын жаңа параметрді растап отырады. Кедергілерді басудың бес деңгейі және өшіру режимі бар.
1-деңгей – өте сезімтал: қабылдағышты ең төмен кіріс сигналында қосады. Өшіру режимін таңдау үшін, DOWN (–)
түймесін бірінші деңгейде басып, екі секундтай ұстап тұрыңыз. «Squelch off» (кедергілерді басу функциясы өшірілді)
деген дыбыстық хабарлама өшірулі режимін растайды. Кедергілерді басу режимін қайта қосу үшін, UP (+) түймесін
басыңыз.
ІШКІ АРНА (кедергілерді ішінара басу)
«Ішкі арна» термині үні бірдей қабылдағышты қосу үшін сөзбен бірге белгілі бір дыбыстық белгі немесе код
берілетінін білдіреді. Бұл бірнеше пайдаланушылар тобына бір-біріне кедергі келтірмей, бір арнаны пайдалану
мүмкіндігін береді.
ЕСКЕРТУ! Таңдалған сигналы немесе коды жоқ басқа радиобайланыстар «сүзгімен» оқшауланады.
UP (+) немесе DOWN (–) түймешіктерін ішкі арнасын орнату үшін пайдаланыңыз. Дыбысты хабар параметрді
түймешікті басқан сайын растайды. 1-38 сандары бойынша бағдарламаға енгізілген (мұқабаның ішкі жағындағы
F кестесін қараңыз) 38 үн (CTCSS) бар. Егер функция өшіп (OFF күйінде) тұрса, арна бойынша жіберілетін барлық
хабарларды қадағалауға болады.
ЕСКЕРТУ! Бос арнаны құлыптау (BCLO) мүмкіндігі бос арнадағы таратылымды құлыптайды. (Жоғарыдағы «VOX»
бөлімін қараңыз.)
ҚУАТ (шығыс)
Радио байланысы таратқышында екі шығыс қуат деңгейлері бар; жоғары және төмен. Қуат деңгейлерін ауыстыру
үшін, UP (+) немесе DOWN (–) түймелерін пайдаланыңыз. Дыбыстық хабарлама түймені басқан сайын жаңа
параметрді растап отырады. Төменгі қуат, мүмкін болса, жұмыс істеу уақытын ұзату үшін пайдаланылады!
ЕСКЕРТУ! Батареяның қызмет ету мерзімі (жұмыс істеу ұзақтығы) көбіне батареялардың түрі мен жай-күйіне және
құлақаспапты пайдалану жағдайларына байланысты болады.
PTT (Push-to-talk) Бас та сөйлей бер
PTT түймешігін радиода қолдап тасымалдау үшін басыңыз.
Радио деректер жіберіп немесе қабылдап жатқанда, LED жылдамырақ жыпылықтайды.
«VOX» қызметін ажырату немесе қосу үшін, түймешікті екі рет жылдам басыңыз.
Дыбысты хабар нақты VOX орнатылғанын растайды.
PTT таратылымы бос емес арнаның құлыптанғанына қарамастан әрқашан мүмкін болады (жоғарыдағы «VOX»
бөлімін қараңыз.)
BLUETOOTH ФУНКЦИЯСЫ
Телефонда Bluetooth құрылғылармен сымсыз байланысуға арналған кірістірілген электрондық схема бар. Bluetooth
– ең үлкен жұмыс ауқымы 10 метрдей болатын қысқа ауқымды сымсыз беріліске арналған техникалық стандарт
атауы.
Телефонды құлақаспап/хэндсфри (HSP/HFP) немесе дыбыстық ағымды (A2DP) қолдайтын Bluetooth
құрылғыларымен байланыстыруға немесе жұптастыруға болады. Белсенді Bluetooth байланысы көк диодты жарық
шамымен көрсетіледі.
298

Publicidad

loading