Descargar Imprimir esta página

3M Peltor WS Lite-Com Manual Del Usuario página 301

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 46
ЕСКЕРТУ! Дыбысты (стерео дыбыс/музыка) тек A2DP Bluetooth профилін қолдайтын құрылғыдан (ұялы
телефоннан, компьютерден және т.б.) шығаруға болады.
ЕСКЕРТУ! Телефонмен байланыстырылған Bluetooth құрылғысы түріне қарай, функциялардың кейбіреулері
төмендегі ақпараттан басқаша болуы мүмкін.
BLUETOOTH Арқылы Жұптау (бір Bluetooth құрылғысы басқа Bluetooth құрылғысына сенімді жұп ретінде
байланысқан)
• Жұптау режимін тек ӨШІРУЛІ күйінде қолдануға болады.
• Телефонды ON/OFF/MODE (Θ) түймесімен іске қосып, оны «Bluetooth pairing on» (Bluetooth жұптау қызметі
қосулы) хабары естілгенше бес секундтай басып тұрыңыз. (Тым қысқа бассаңыз, «no paired devices» (еш
жұпталған құрылғы жоқ) хабары естілуі мүмкін.) Жұптау режимі көк диодты шамның жыпылықтауымен (1 Гц)
көрсетілуі мүмкін. «Bluetooth paring on» (Bluetooth жұптау қызметі қосулы) хабары жұптау қызметі телефоннан іске
қосылғанша қайталана береді (ең көбі – 3 минут).
• Қашықтағы Bluetooth құрылғысынан «search for new devices» (жаңа құрылғыларды іздеу) әрекетін орындаңыз.
Қашықтағы құрылғы телефонды «Peltor WS5 Lite-Com» ретінде таниды.
• Телефон екі құрылғының байланысуына мүмкіндік беретін код сұраса, «Peltor WS5 Lite-Com» тармағын таңдап,
«0000» кодын теріңіз. «Connected» (Қосылды) хабары жаңа орнатымды растайды және көк диодты жарық шамы
жыпылықтайды.
Телефонның жаңа құрылғы байланысын қабылдау мына дыбысты хабарлармен расталады: «Pairing complete»
(Жұптау аяқталды) , «Connecting Bluetooth» (Bluetooth қызметін қосу) және соңында «connected» (қосылды).
Қосылым кезеңінде бір нәрсе дұрыс болмаса, ол «connect failed» (қосылым мүмкін болмады) дыбысты хабарымен
көрсетіледі, ал жұптау режимін басқа бір пайдаланушы үзсе, «pairing off» (жұптау аяқталды) дыбысты хабары
шығады. Қашықтан байланысқан құрылғының ажыратылғаны «disconnected» (ажыратылды) дыбысты хабарымен
көрсетіледі.
Bluetooth жұптау функциясы іске қосылғанда, ол келесі пайдаланылғанда басқа құрылғымен автоматты түрде
байланыс орнатуы мүмкін. Ол әрекет «connecting Bluetooth» (Bluetooth байланысын қосу) дыбысты хабарымен
расталып, құрылғылар ажыратылған кезде «connected» (қосылды) дыбысты хабары естіледі. Телефонда соңғы
3 жұптастырылған құрылғылар аты сақталып қалады. Телефон ең алдымен соңғы байланысқан құрылғымен
автоматты түрде қосылуға әрекеттенеді.
ТЕЛЕФОН ҚОҢЫРАУЛАРЫН БАСҚАРУ
Телефон қоңырауларын басқару үшін, телефон Bluetooth мүмкіндігі бар құрылғымен жұптасқан немесе
байланысқан болуы керек. Жоғарыдағы «BLUETOOTH АРҚЫЛЫ ЖҰПТАУ» бөлімін қараңыз.
ТЕЛЕФОН ҚОҢЫРАУЫНА ЖАУАП БЕРУ
Құлақаспап телефонға Bluetooth арқылы қосылғанда және кіріс қоңырауы болғанда, «incoming call» (кіріс қоңырау)
растау дыбысты хабары естіледі және телефоннан қоңырау үні естілуі де мүмкін, ал ол әрбір үш секунд сайын
қайталанады. Сол жақтағы Bluetooth түймесін тез басып қалу арқылы жауап беріңіз (A:5).
Ағымдағы телефон байланысы ON/OFF/MODE (Θ) түймесіндегі жылдам жыпылықтайтын көк LED (жарық
шығаратын диод) шамымен көрсетіледі.
ЕСКЕРТУ! Телефон ішіндегі акустикалық шуылмен түзетілетін сөйлесу микрофоны ауызға өте жақын болуы керек
(1–3 мм)!
ҚОҢЫРАУДЫ ҚАБЫЛДАмАУ
Телефон қоңырауынан бас тарту үшін, Bluetooth түймешігін 2 секундтай басып тұрыңыз.
BLUETOOTH ДЫБЫСЫНЫҢ ДЕҢГЕйІН РЕТТЕУ
«BLUETOOTH» мүмкіндігін іске қосу үшін, ON/OFF/MODE (Θ) түймешігін басыңыз. Қоңырау шалу кезінде дыбыс
деңгейін (+) немесе (–) түймешіктерін басу арқылы реттеңіз.
ТЕЛЕФОН ҚОҢЫРАУЫН ТАСЫмАЛДАУ
Қоңырау белсенді болған кезде, құлақаспапты пайдаланудың орнына, дыбысты телефонға тасымалдауға болады.
299

Publicidad

loading