OBJ_BUCH-2092-002.book Page 140 Thursday, February 23, 2017 11:46 AM
140 | Қaзақша
Пневматикалық құралдың ішкі клапан бөлшектерін
зақымдамау үшін, шлангтық келте құбырды 9 ауа
кірісінің 7 алдындағы біріктіретін келсе құбырына
бұрап кіргізу немесе шығару кезінде жазылма кілттімен
(кілт көлемі 22 мм) тіреңіз.
– Шланг қамыттарын 12 ауа құйылу шлангында 13
босатып ауа құйылу шлангын келте құбыр 9 үстінен
шланг қамытын тартып бекітіңіз .
Ескертпе: Ауа құйылу шлангын алдымен пневматикалық
құралға сосын қызмет көрсету құрылғысына қосыңыз.
Бұрғылау патроны мен аспаптарды таңдау
Перфоратормен бұрғылау және ою үшін (ою тек қана
MV 200 жабдығымен) SDS-plus аспап патронына
салынатын SDS-plus аспаптары керек болады.
Қағусыз ағашты, металды, керамиканы, пластмассаны
және бұрандаларды бұрғалау үшін SDS-plus сыз аспаптар
(мысалы цилиндрлік тұтқалық бұрғылар) пайдаланылады.
Осы аспаптар үшін жылдам қысу бұрғылау патроны
немесе тісті тәждік бұрғылау патроны қажет.
Тісті тәждік бұрғылау патронын алмастыру
SDS-plus-сіз аспаптарымен (мысалы цилиндр тұтқалық
бұрғы) жұмыс істеу үшін сәйкес аспап патронын
орнатыңыз (тісті тәждік немесе жылдам бекіту бұрғылау
патроны, керек-жабдықтар).
Тісті тәждік бұрғылау патронын орнату
(C суретін қараңыз)
– SDS-plus-аспап патронын 16 тісті тәждік бұрғылау
патронына 15 бұрап бекітіңіз. Тісті тәждік бұрғылау
патронын 15 тоқтатқыш бұрандасымен бекітіңіз 14.
Тоқтатқыш бұрғысында сол бағыттық ойма
болатынына назар аударыңыз.
Тісті тәждік бұрғылау патронын орнату
(D суретін қараңыз)
– Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын аспап патронына өзі
бекітілгенше бұрап салыңыз.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын бекітілуін тартып
тексеріңіз.
Тісті тәждік бұрғылау патронын шығару
– Бекіту төлкесін 3 артқа жылжытып тісті тәждік бұрғылау
патронын 15 шешіңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан сақтайтын бұқтырмамен 2 жұмыс істеу кезінде
бұрғылау шаңының аспап патронына кіруіне жол
бермейді. Аспапты пайдаланудан алдын шаңнан
сақтайтын бұқтырманың 2 зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз.
Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырма бірден
алмастырылуы қажет. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
1 609 92A 33X | (23.2.17)
SDS-plus электр құралын пайдалану
(E суретін қараңыз)
SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты
жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай
алмастыру мүмкін.
– Алмалы-салмалы аспаптың салынатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы жұмыс құралын патронға автоматты
бекітілгенше бұрап салыңыз.
– Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос
қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда
болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені
бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
SDS-plus алмалы-салмалы аспабын шығару
(F суретін қараңыз)
– Бекіту төлкесін 3 артқа жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
SDS-plus-сіз алмалы-салмалы аспаптарды орнату
Ескертпе: SDS-plus-сіз аспаптарды перфораторлық
бұрғылау немесе ою үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus-сіз
аспаптар перфораторлық бұрғылауда немесе оюда
бұзылады.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын 15 („Тісті тәждік
бұрғылау патронын алмастыру", 140 бетінде қараңыз)
орнатыңыз.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын 15 аспап
орнатылғаныша бұраңыз. Аспапты орнатыңыз.
– Бұрғылау патроны кілтін тісті тәждік бұрғылау
патронының 15 тиісті ойықтарына орнатып аспапты
бекітіңіз.
SDS-plus-сіз алмалы-салмалы аспаптарды шешу
– Тісті тәждік бұрғылау патронын 15 бұрғылау патроны
кілтімен сағат тіліне қарсы бағытта алмалы-салмалы
аспап шешілгенше бұраңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Пневматикалық құрылғы қосылған жағдайда ауа кірісінде
өлшенген 5 бар (72,5 пси) жұмыс қысымында істейді.
Пайдалану түрін орнату
Қағуды/айналуды тоқтату қосқышымен 5 пневматикалық
құралдың пайдалану түрін таңдаңыз.
Ескертпе: Пайдалану түрін тек пневматикалық құралды
өшіріп өзгертіңіз! Әйтпесе пневматикалық құралды
зақымдауыңыз мүмкін.
– Соққылауды/бұрауды тоқтату қосқышын 5 керекті
күйге бұраңыз.
Bosch Power Tools