4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Отын құяр алдында қозғалтқышты сөндіріңіз және
суытыңыз.
► Бакты босату қажет болса: сыртта орындаңыз.
► Қозғалтқышты отын құю орнынан кемінде 3 м
арақашықтықта іске қосыңыз.
► Багында бензин бар қозғалтқышты ешқашан бөлме
ішінде сақтамаңыз.
■ Ішке тартылған бензин буы адамның улануына әкелуі
мүмкін.
Бензин буын ішке тартпаңыз.
► Жақсы желдетілетін жерде отын құйыңыз.
■ Жұмыс барысында қозғалтқыш қызады. Бензин
таралып, жанармай багында артық қысым пайда
болуы мүмкін. Жанармай багының құлпы ашық болса,
бензин шашырауы мүмкін. Шашыраған бензин тұтануы
мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат алуы мүмкін.
Алдымен қозғалтқышты суытыңыз және
содан кейін жанармай багының құлпын
ашыңыз.
■ Бензин тиген киім оңай тұтанады. Адамдар жарақат
алуы не қаза табуы немесе материалдық зияннан
зардап шегуі мүмкін.
► Киімге бензин тиген жағдайда: киім ауыстырыңыз.
■ Бензин қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін.
► Жанармайды төкпеңіз.
► Бензинді ережелерге сәйкес және қоршаған орта
үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жаратыңыз.
■ Егер бензин теріге немесе көзге тисе, тері немесе көз
тітіркенуі мүмкін.
► Бензиннің тиюіне жол бермеңіз.
► Егер теріге тисе: сұйықтық тиген жерді сабындап,
сумен жақсылап жуыңыз.
0478-983-9912-A
► Егер көзге тисе: көзді кемінде 15 минут ішінде үлкен
мөлшердегі сумен шайып, содан кейін дәрігердің
көмегіне жүгініңіз.
■ Төгілген бензин тұтануы мүмкін. Адамдар жарақат
алуы не қаза табуы немесе материалдық зияннан
зардап шегуі мүмкін.
► Бензинмен ластанған беттерді тазалаңыз.
► Бензин буы суалғанша, тұтанудың алдын алыңыз.
■ Қозғалтқыштың от алдыру қондырғысы ұшқын
шығарады. Ұшқын сыртқа шығуы және тұтанғыш
немесе жарылғыш ортада өрт және жарылыс қаупін
тудыруы мүмкін. Адамдар жарақат алуы не қаза табуы
немесе материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
Қозғалтқышты тек бұрап кіргізілген от
алдыру білтесімен іске қосыңыз.
► Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта сипатталған
от алдыру білтелерін қолданыңыз.
► От алдыру білтесін бұрап кіргізіңіз және мықтап
тартыңыз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін мықтап
қысыңыз.
■ Егер қозғалтқыш жарамсыз бензинмен толтырылса,
қозғалтқыш зақымдалуы мүмкін.
► Таза, этилденбеген бензин маркасын қолданыңыз.
► Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы
мәліметтерге назар аударыңыз.
4.3
Жұмыс істеу
Сақтандыру
■ Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда, пайдаланылған
газдар шығады.
қазақ
169