Төменгі тақта
Осы нұсқаулықта анық түрде бекітілмеген кез келген
өзгерту немесе модификация осы жабдықты
пайдалану құқығыңызды жоюы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Бұл жабдықты тұрғылықты ортада пайдалану радио
кедергіге себеп болуы мүмкін.
Бұл құрылғыны тұрғын аумақта пайдалануға
болмайды.
Сақтық ескерту (ODS-D77F/D280F)
Осы құжатта көрсетілгеннен басқа басқару тетіктерін
немесе реттеулерді пайдалану, я болмаса,
процедураларды орындау қауіпті сəулелену əсеріне
əкелуі мүмкін.
Сақтық ескерту (ODS-D77F/D280F)
Осы өніммен бірге оптикалық құралдарды пайдалану
көзге əсер ету қауіпін арттырады.
ОПТИКАЛЫҚ ДИСК ҚОЙМАСЫНЫҢ БАС
МОДУЛІ
Өндіруші:Сони Корпорейшн
Өндіруші мекенжайы:1-7-1 Конан, Минато-ку, Токио,
108-0075 Жапония
Жапонияда жасалған
Кеден о д а ғы жеріндегі шетелден əкелуші
«СониЭлектроникс» АҚ, Ресей, 123103, Мəскеу,
Карамышевский өтпе көшесі, 6
ODS-L30M оптикалық диск қоймасының бас модулі
екі қосымша жетек модуліне (ODS-D77F/ODS-D280F)
дейін жəне 30 оптикалық диск мұрағатының
сыйымдылығына дейін қамтитын бас кітапхана модулі
болып табылады. ODBK-103 кеңейту жиынтығын
(жинақта жоқ) ODS-L30M бас модуліне орнату
арқылы PetaSite құрылғысын бірнеше кеңейту
модуліне байланыстыруға болады, бұл жүйені
қажеттіліктеріңізге сəйкес кеңейтуге мүмкіндік
220
Сүзгі қақпағының бұрандасы
береді. Деректерді бірнеше оптикалық диск
мұрағаттау картриджінде тиімді оқуға/жазуға
мүмкіндік беріп, ODS-L30M құрылғысы деректер
материалдарын мұрағаттауды жəне мұрағатталған
деректер материалдарын шығарып алуды (серверге
кері жүктеу арқылы) оңтайландыруға мүмкіндік
береді.
Кеңейтім модульдері ODS-L60E оптикалық диск
қоймасын жəне ODS-L100E оптикалық диск
қоймасының сыйымдылығын кеңейту модульдерін
қамтиды. ODS-L60E модулі төртке дейін қосымша
диск модулін (ODS-D77F/D280F) жəне 61-ға дейін
оптикалық диск мұрағаттау картридждерін қамтиды.
ODS-L100E модулі 101 оптикалық диск мұрағатының
сыйымдылығына дейін қамтиды.
ODS-L30M жəне ODS-L60E ішінде бекітуге болатын
ODS-D77F/ODS-D280F диск модульдері тек
ODS-L30M/L60E модулімен бірге пайдалануға
арналған. Оған қоса, олардың талшықты арнасын
қолдауы жоғары жылдамдықта өңдеуге мүмкіндік
береді.
Өлшемдері (Е × Б × Т)
445 × 308 × 992 мм (шығыңқы
жерлерді қоспағанда)
Массасы
31 кг (диск модульдері мен
сыйымдылықтарды қоспағанда)
Қуат талаптары
100 В - 240 В айнымалы ток, 50 Гц/
60 Гц
Ток тұтынуы
1,6 A - 3,7 A
Қосалқы құралдар
Пайдалану нұсқаулығы (1)
Сөреге бекіту жиынтығы (1)
Сөреге бекіту шайбалары (4)
Бұрандалар (B4 × 10) (8)
Бұрандалар (B5 × 16) (8)
Бекіту кронштейндері (2)
Қалыңдықты өлшеу құралы 025 (3)
Қалыңдықты өлшеу құралы 050 (3)
Қалыңдықты өлшеу құралы 100 (3)
Тірек 025 (3)
Тірек 050 (3)
Тірек 100 (3)
Тірек O 025 (1)
Тірек O 050 (1)
Тірек O 100 (1)
И/Э станциясының белгілері (1 жиын)
Құрылғыдағы немесе қораптағы «жжжж-аа» немесе
«аа-жжжж» пішіміндегі сандар өндіру күнін көрсетеді.
Я болмаса, күн <Ай, Жыл> пішімінде болуы мүмкін.