Тазалау
RIDGID micro LM-100 құрылғысын суға батырмаңыз. Ластанған
жерін дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз. Әсері күшті
тазалау құралдарын не еріткіштерді пайдаланбаңыз. Құралға
телескоп немесе камера секілді қараңыз.
Сақтау
RIDGID micro LM-100 лазерлік қашықтық өлшегіші -10°C (14°F) және
60°C (158°F) аралығындағы температурада құрғақ қауіпсіз аумақта
сақталуы керек.
Құралды құлыптаулы орында, балалар мен лазерлік қашықтық
өлшегішпен таныс емес адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Батареядан электролиттің ағып кетпеуі үшін ұзақ мерзімді сақтау
не жөнелту алдында батареяларды шығарып қойыңыз.
Қызмет көрсету және жөндеу
Орынсыз қызмет көрсету немесе жөндеу RIDGID micro LM-100
лазерлік қашықтық өлшегішін пайдалануды қауіпті етуі мүмкін.
RIDGID micro LM-100 құрылғысына қызмет көрсету және жөндеу RIDGID
тәуелсіз өкілетті қызмет орталығымен орындалуы керек.
Ең жақын RIDGID өкілетті тәуелсіз қызмет көрсету орталығы немесе кез
келген қызмет не жөндеу сұрақтары бойынша ақпарат алу үшін:
• Жергілікті RIDGID дистрибьюторына хабарласыңыз.
• Жергілікті Ridge Tool байланыс орнын табу үшін RIDGID.com веб-
торабына кіріңіз.
• Ridge Tool Техникалық қызмет бөліміне rtctechservices@emerson.com
мекенжайы немесе АҚШ пен Канада аумағында (800) 519-3456 нөміріне
қоңырау шалу арқылы хабарласыңыз.
999-998-391.09_REV. D
ЕСКЕРТУ
micro LM-100 лазерлік қашықтық өлшегіші
Ақаулықтарды жою ұсыныстары бойынша Ақаулықтарды жою
бөлімін қараңыз.
Тастау
micro LM-100 лазерлік қашықтық өлшегішінің бөліктерінде құнды
материалдар бар және оны қайта өңдеуге болады. Жергілікті
жерде орналасқан қайта өңдеумен айналысатын компаниялар бар.
Құрамдастарды барлық қолданылатын талаптарға сәйкес кәдеге
жаратыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті қалдықтарды
реттеу ұйымына хабарласыңыз.
ЕО
елдері
қоқыстармен бірге тастамаңыз!
Еуропа елдерінің 2012/19/EU Қалдық электр және
электрондық жабдық бойынша нұсқаулығына және
оның ұлттық заңдарға ендірілуіне сәйкес, бұдан әрі
пайдаланылмайтын электр жабдығы жеке жиналып, қоршаған
ортаға зиян келтірмейтіндей тасталуы керек.
Батареяны жою
ЕО елдері үшін: ақаулы немесе пайдаланылған батареяларды
2012/19/EU талаптарына сәйкес қайта өңдеу керек
үшін:
Электр
жабдығын
тұрмыстық
323