Қазақша - Philips FC6232 Instrucciones De Seguridad

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 7
ҚазаҚша
кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетінде тіркеңіз.
Маңызды
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып
шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
-
Ешқашан құралды суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа
батырмаңыз. Оны аққан сумен шаймаңыз, тек нұсқауларға сай алуға
және шаюға болатын бөліктерді қоспағанда.
-
Ешқашан құралды тұтанғыш немесе уытты заттардың жанында
пайдаланбаңыз.
-
Ешбір сұйықтықты, тұтанғыш материалды немесе инелер немесе
түйреуіштер сияқты үшкір заттарды шаңсорғышпен сормаңыз.
абайлаңыз!
-
Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
-
Құрал немесе сымы зақымдалған болса, құралды пайдаланбаңыз.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,
сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
-
Балалар құралмен ойнамауы үшін сақ болу керек.
-
Құралды және оның сымын балалардың қолдары жетпейтін жерде
сақтаңыз.
-
Тазаламас немесе жөндемес бұрын, ашаны розеткадан ажырату
керек.
-
Бұл құралда УК эмиттер бар. Жарық көзіне қарап тұрмаңыз және
теріге тиюіне жол бермеңіз.
-
Көзді жарақаттауды болдырмау үшін УК жарыққа тік қарамаңыз.
-
Пайдалану кезінде УК жарықты тікелей қолдарыңызға немесе
денеңізге, басқа адамдардың қолдарына немесе денесіне, я болмаса
үй жануарларына бағыттамаңыз.
-
Тексеру немесе жөндету үшін, құралды тек Philips компаниясы
мақұлдаған қызмет көрсету орталығына апарыңыз. Құралды өзіңіз
жөндейтін болсаңыз, кепілдік өз күшін жояды.
-
Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны
тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында
немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
-
Корпусы зақымдалған немесе ашық болса, құралды ашпаңыз және
құралды желіге қоспаңыз.
Ескерту
-
Әрқашан пайдаланудан кейін және шаң ыдысын алу немесе құралды
тазалау алдында құралды өшіріңіз және розеткадан ажыратыңыз.
-
Күн жарығына немесе қатты жарыққа сезімтал болсаңыз, құралды
пайдаланбаңыз.
-
Ешқашан ауа саңылауларын немесе шаңсорғыш кірісін жаппаңыз.
-
Әрқашан құралды шаң бөлімі және сүзгі жиналған күйде
пайдаланыңыз.
-
EPA сүзгісін тазалау үшін үшкір затты пайдаланбаңыз, өйткені бұл
сүзгіні зақымдайды.
-
Пайдалану кезінде қолдарды шығару саңылауларына немесе
олардың жанына қоймаңыз. Құрал шығарған ауа ыстық болуы мүмкін.
-
Жуу режимі белсенді болса, жуу табандарына тимеңіз.
-
Жуу режимінде құралды қатты едендерде немесе жиһазда
пайдаланбаңыз.
-
Түтін, әдеттен тыс иіс немесе әдеттен тыс дыбыс шығып жатса,
құралды пайдалануды тоқтатыңыз. Құралды бірден розеткадан
ажыратыңыз және Philips тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Қосалқы құралдар немесе қосалқы бөлшектер сатып алу үшін, www.
shop.philips.com/service сайтына кіріңіз немесе Philips дилеріне
барыңыз. Сондай-ақ,еліңіздегі Philips Тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік
парақшасынан қараңыз).
ҚазаҚша

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Fc6231Fc6230

Tabla de contenido