6. Жиі қойылатын сұрақтар
Мына жағдайларда жасалатын әрекеттер:
•
LivingWhites қуатты үнемдеу лампасы
қашықтан басқару құралымен
басқарылмайды
o
Қашықтан басқару құралының ішіндегі
батареяларды тексеріңіз. Батареялар
дұрыс салынған (+ және -) және
зарядталған болуы керек. Басқару құралы
әлі де жұмыс істемесе, батареяларды
ауыстырып көріңіз.
o
Қашықтан басқару құралын лампаға осы
нұсқаулықтың 2-бөлімде түсіндірілген
тәртіп бойынша байланыстырыңыз.
•
Қашықтан басқару құралдарын
пайдаланғаннан кейін Реңк түймелері
жыпылықтайды
o
Бұл қашықтан басқару құралындағы
батарея заряды таусылғанын және оны
ауыстыру керек екенін білдіреді.
•
Қашықтан басқару құралымен LivingWhites
лампасы арасындағы аң ұзақ жұмыс
қашықтығы қандай?
o
Лампа мен қашықтан басқару құралы
арасындағы жұмыс қашықтығы — 15
метр. Яғни, кемінде бір лампа 15 метр
қашықтықта, ал қалған лампалар бір-
бірінен ең көбі 15 метр қашықтықта тұруы
керек.
•
Менің сұрағым бұл тізімде жоқ
o
Көмек алу үшін, Philips компаниясына
хабарласыңыз («Қосымша қолдау» атты
7-бөлімді қараңыз).
7. Қосымша қолдау
Қызмет:
Қосымша ақпарат керек болса және мәселе
туындап жатса, www.consumer.philips.com
мекенжайы бойынша Philips веб-торабына
өтіңіз немесе мына тегін байланыс арқылы
Philips Lighting байланыс орталығына
хабарласыңыз:
00800-PHILIPSL немесе 00800-74454775
Кепілдік:
Өнім нұсқауларға сай және мақсаты бойынша
қолданылған болса, Philips компаниясының екі
жылдық кепілдігі жарамды болады. Кепілдік
бойынша арыздар тек сатып алынған күні,
сатқан мекеменің аты және өнім сипаттамасын
қамтитын түпнұсқалы сатып алу құжаты
(инвойс, сатқан мекеменің түбіртегі немесе чек)
болса ғана, қабылданады.
Мына жағдайларда Philips кепілдігі жарамсыз
болып табылады:
•
Сатып алған құжатта немесе өнім
сипаттамасы құжатында кез келген нәрсе
алмастырылған, шимақталған, өшірілген
немесе анық көрінбейтін болса.
•
Зақым, нашар байланыс немесе дұрыс
қолданбау салдарынан жұмыс істемесе.
•
Найзағай, су тасқыны, өрт, дұрыс
қолданбау немесе немқұрайдылық сияқты
LivingColors шамдарына тікелей қатысты
емес жағдайлар барысында зақым
келгенде.
•
LivingWhites лампасы ашылған немесе
бөлшектенген болса.
Қауіпсіздік нұсқаулары:
1.
Штепсельдік ұшты және LivingWhites
лампаларын сұйық заттар мен ылғалдан
аулақ ұстаңыз.
2.
LivingWhites лампасы тек үй ішінде
пайдалануға арналған. Ванна сияқты
ылғалды жерлерде немесе сыртта
қолдануға болмайды.
3.
LivingWhites лампалары және қашықтан
басқару құралы балалар ойнайтын
ойыншық емес.
4.
Беті ыстық жерге қоймаңыз
5.
Қауіпсіздік үшін және кепілдік шарттары
бойынша, LivingWhites лампаларын ашуға
болмайды.
Қоршаған орта:
Қоқысқа тастау уақыты келгенде, лампаны
жергілікті үкімет нұсқаулары бойынша
тастаңыз. Қашықтан басқару құралын қоқысқа
тастамас бұрын батареяларын алып тастаңыз.
Батареяларды әдеттегі үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды. Ресми жинау орнына
немесе Philips дилеріне апару керек. Осы
екі жерде бұларды қоршаған ортаға қауіпсіз
жолмен жояды.
Техникалық сипаттары:
Айнымалы ток адаптері
Үлгі:
EADP-10EB C (EU түрі)
EADP-10EB D (UK түрі)
74