L класты сорғыштар үшін қосымша
▶ L шаң класына жататын аспап құрғақ, жанғыш емес шаң, ағаш жоңқасын және шығарылымның
шектік мәні 1 мг/м³-ден үлкен зиянды шаңды соруға арналған. Белгілі бір шаң түрі тудыратын
қауіпке байланысты аспап сәйкес сүзгілермен жабдықталуы керек.
3
Сипаттама
3.1
Өнімге шолу
1
3.2
Мақсатына сай қолдану
Мұнда сипатталған өнімдер коммерциялық қолданысқа арналған өнеркәсіптік сорғыш болып табылады.
Олар құрғақ және ылғалды шарттар үшін жарамды.
Өнімді адамдарға және жануарларға бағыттауға тыйым салынады. Сорғышты су астында қолдануға
тыйым салынады.
▶ Өніммен жұмыс істемес бұрын қызмет көрсету, материалдардан пайда болатын зияндар мен
материалдарды қауіпсіз кәдеге жарату бойынша мәліметтермен танысыңыз.
▶ Өнімді тұрақты түрде үздіксіз жұмыс режимінде автоматты немесе жартылай автоматты
қондырғыларда қолданбаңыз.
▶ Жарақат алу қауіптерін болдырмау үшін Hilti ұсынған түпнұсқа керек-жарақтар мен құралдарды
ғана қолданыңыз.
▶ Электр статикалық потенциалдың пайда болуын болдырмау үшін антистатикалық соратын шлангіні
қолданыңыз.
▶ Сізді жарақаттауы мүмкін заттарды сорғышпен тазалауды орындамаңыз (мысалы, үшкір заттарды
немесе утилизациялық пакетті тесіп, сыртқа шығып тұруы мүмкін жиегі үшкір заттарды).
▶ Өнімді саты ретінде қолданбаңыз.
▶ Жергілікті қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаңыз.
Бұл өнім өнеркәсіптік салада төмендегі әрекеттерге арналған:
•
Шаңның үлкен мөлшерлерін Hilti алмасты ажарлағыштарымен, абразивті ажарлағыштарымен,
перфораторларымен және құрғақ бұрғылау коронкаларымен сорғылау.
•
Минералдық бұрғылау шламын Hilti алмас қырнаушыларымен немесе Hilti алмас араларымен
және сұйық сорғылау материалымен 60°C (140°F) кем температурада сорғылау.
•
Май мен сұйық заттектерді 60°C (140°F) кем температурада сорғылау.
•
Қабырға мен еден беттерін ылғалды және құрғақ тазалау
Шаң сорғылау кезінде шығыс ауа бөлмеге қайтып кірген жағдайда бөлме ішінде жеткілікті ауа алмасу
деңгейін (L) қамтамасыз ету қажет. Ұлттық нұсқамаларды ұстаныңыз.
*2268215*
@
;
=
%
&
(
)
+
§
/
:
∙
$
£
2268215
Тасымалдау тұтқасы (созылмалы)
Hilti сандығына арналған бекіткіш ілмек
Тұтқыш
Құрылғы розеткасы (тек XE)
Индикация және басқару панелі
Радио модульге арналған жапқыш
(қосымша)
Аспап ажыратқышы
Сорғыш шланг жалғағышы
Резервуар құлпы (2x)
Желілік кабель
Резеңке тартқышы бар бекіткіш ілмек (2x)
Сорғыштың жоғарғы бөлігі
Кір жинағыш
Бұғаттау қамыты бар сүзгіш кассета
Қазақ
303