▶ Қосылған электр құралға қуат берілуін қалпына келтіру үшін максималды ток автоматын басыңыз.
Сақтандырғыш аспап розеткасын максималды жүктемеден қорғайды.
Сақтандырғыш іске қосылғанда, мөлдір қақпақтың астында максималды ток автоматы (ақ)
жанады.
Сақтандырғыш қайта іске қосылмауы үшін, ақаулық себебін жойыңыз, мысалы, қосылған
электр құралды аспап розеткасынан ажыратыңыз.
8
Күту және техникалық қызмет көрсету
8.1
Аспапқа күтім көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғудан пайда болатын қауіптер. Электрлік бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттануға апарып
соғуы мүмкін.
▶ Электрлік бөлшектерді жөндеу жұмысын тек электрші маман орындауы тиіс.
▶ Аспапты, әсіресе тұтқыштың беттерін, таза және құрғақ күйде, май мен майлайтын майдың іздерінсіз
сақтаңыз. Құрамында силикон бар тазалау заттарын қолданбаңыз.
▶ Сорғышты бітелген желдету саңылауларымен қолдануға болмайды! Желдету саңылауын жайлап
құрғақ щеткамен тазалаңыз. Аспаптың ішкі бөлігіне бөгде заттардың кіруін болдырмаңыз.
▶ Аспаптың сыртқы жағын сәл суланған шүберекпен жиі тазалаңыз. Тазалау үшін бүріккіш аспаптарды,
бу ағызу аспаптарын немесе ағатын суды қолданбаңыз, себебі аспаптың электрлік қауіпсіздігіне қауіп
төнуі мүмкін.
▶ Контейнердің жоғарғы жиегін және оның ойығын тазалау қажеттігіне ерекше назар аударыңыз,
себебі бұл кір жинағыш пен сорғыш бастиегі арасындағы тығыздауыш үшін маңызды болып
табылады.
VC 20M-X
VC 40M-X
M класты сорғыштар үшін:
Күту және тазалау жұмыстарын өткізгенде аспаппен ол техникалық қызметкерлерге және басқа
тұлғаларға қауіп төндірмейтіндей жұмыс істеу керек.
▶ Сүзгілеу бар мәжбүрлі желдетуді қолданыңыз.
▶ Қорғауыш киімді киіңіз.
▶ Жинауды орындағанда жұмыс аймағында зиянды заттардың болмауын қадағалаңыз.
▶ Ішінде зиянды заттар бар бөлмеден аспапты тасымалдау алдында аспап корпусын тазалау,
құрғақ етіп сүрту немесе герметикалық түрде орамалау керек. Бұл кезде зиянды шаңның
бөлмеде таралуына қарсы шараларды қолдану керек.
▶ Күту және жөндеу жұмыстарын орындағанда толығымен тазаланбайтын барлық аспап
бөлшектерін және түйіндерін герметикалық пакеттерге орамалау және күшіндегі қоқыстарды
кәдеге жарату бойынша нормаларға сай кәдеге жарату керек.
▶ Кемінде жылына бір рет аспапта техникалық тексеруді өткізіп, сүзгілерде зақымдар жоқ екенін,
аспаптың герметикалық екенін және оның басқару бөлшектерінің дұрыс жұмыс істейтінін
тексеру керек. Бұл жұмыстарды Hilti сервис орталығы немесе арнайы оқытылған қызметкерлер
орындайды.
8.2
Сүзгіні тазалау
Сүзгіш элементті қатты заттарға ұруға я болмаса оны тазалауға арналған қатты немесе үшкір
заттармен өңдеуге тыйым салынады. Мұның салдарынан оның қызмет көрсету мерзімі азаяды.
Сүзгіш элементті жоғары қысымды пневматикалық тазалағыш көмегімен тазалауға тыйым
салынады. Бұл сүзетін материалдың зақымдарына әкелуі мүмкін.
Сүзгіш элемент тез тозатын бөлшек болып табылады.
▶ Сүзгіш элементті кем дегенде алты ай сайын алмастырыңыз.
▶ Сүзгіш элементті қолдану жиілігі жоғарырақ болғанда, оны одан да жиі алмастырыңыз.
*2268215*
2268215
Қазақ
311