Moulinex My Daily Soup LM542110 Manual De Instrucciones página 92

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 40
• 1 май бөлігі
• 2 ас қасық маскарпоне
• 500 мл көкөністер сорпасы
• 10 туралған райхан жапырақтары
• 2 ас қасық қуырылған балқарағай жаңғақтары, үгілген
• 2 ас қасық үгілген пармезан
• Тұз, бұрыш
Жүгері ұнын біраз сұйықтықпен араластырыңыз.
Сорпа әзірлегішке қызанақтарды, пиязды, сарымсақты, майды, араластырылған
жүгері ұнын, маскарпонені салып, көкөністер сорпасын құйыңыз. Азғантай тұз
қосыңыз (сорпаның өзі азғантай тұздалған болады), әрі бұрыш қосыңыз. « smooth
soup » (пюре сорпа) параметрін таңдаңыз.
Сорпаны үгілген балқарағай жаңғақтарын, райхан және пармезан қосып беріңіз.
Бұл пюре сорпаны ыстық немесе салқын күйде беруге болады.
Порей пиязының және стилтонның пюре-сорпасы
• 400 г жұқа етіп кесілген порей пиязы (ақ бөліктер)
• 60 г туралған ақ пияз
• 100 г текшелерге туралған картоп
• 15 г жүгері ұны
• 600 мл тауық сорпасы
• 60 г стилтон
• Тұз
ҮСТЕЛГЕ БЕРУ
• Біраз үгілген жаңғақ
• Жаңғақ майы
• 5 үгілген бұрыш дәні
Жүгері ұнын біраз суытылған сорпамен араластырыңыз.
Сорпа әзірлегішке көкөністерді, жүгері ұны қоспасын, стилтонды салып, сорпаны
құйыңыз. Тұз қосыңыз. « smooth soup » (пюре сорпа) параметрін таңдаңыз.
Сорпаны терең емес сорпа тәрелкелеріне құйыңыз. Үстіне үгілген жаңғақтарды
және жаңғақ майының бірнеше тамшысын себіңіз. Бірнеше салым үгілген бұрыш
қосыңыз.
Сондай-ақ бұл сорпа стейкке дәмді соус бола алады.
Салқындатылған асбұршақ қосылған сорпа
• 300 г асбұршақ
• 60 г майда туралған тәтті пияз
• 300 г текшелерге туралған қияр
• 300 мл су
• 200 мл соя пюресі
• 20 балғын жалбық жапырақтары
• 1/2 лимон
• 1 ас қасық қант
• Тұз, бұрыш
Сорпа әзірлегішке асбұршақты, пиязды, қиярды салып, су мен соя пюресін құйыңыз.
Талғамға сай дәмдеуіштер қосыңыз. « smooth soup » (пюре сорпа) параметрін
таңдаңыз.
92

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido