сақтандыру қысқышының жұмысына карабиннің кедергі жасамауын қамтамасыз етіңіз. Карабиндер өздігінен
жабылатын/өздігінен құлыпталатын болуы тиіс. Жалғанған жерлердің өлшемдері, пішіні және беріктігі үйлесімді
болғанына көз жеткізіңіз. Сақтандыру қысқышына бекітілген жалғағыш тұтқаны еркін айналдыруға мүмкіндік
беріп, сақтандыру қысқышының жұмысына кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз.
4.5
ҰСТАТЫП ҚОЮ МҮМКІНДІГІ:
A. Ұстатып қою мүмкіндігін белсендіру үшін, иінтіректі сақтандыру қысқышының бүйіріндегі құлақшадан
босатып, оның көлденең күйден тік күйге айналуына мүмкіндік беріңіз (2-суретті қараңыз).
B. Ұстатып қою мүмкіндігі енді жұмыс істейді және сақтандыру қысқышын арқанның бойымен төмен жібермей
ұстап тұрады. Бұл қолданушы белсенді болғанда сақтандыру қысқышының арқан бойымен төмен жылжу
қаупінен қорғап, сақтандыру арқанында қолданушының біраз уақыт ілініп тұруына мүмкіндік береді.
Ұстатып қою мүмкіндігі қосылған кезде, сақтандыру қысқышы қол режимінде жұмыс істейді.
C. Ұстатып қою мүмкіндігін өшіру үшін, автоматты құлыпталатын иінтіректі жоғарғы күйіне қайтарып,
иінтіректегі тесікті сақтандыру қысқышының бүйіріндегі құлақшаға тік күйде іліңіз және құлыптау жүгіргішін
жоғары көтеру арқылы оны арқаннан босатыңыз.
5.0 ТЕКСЕРУ
5.1
ТЕКСЕРУ ЖИІЛІГІ:Сақтандыру қысқышы мен арқанды 2-бөлімде көрсетілген аралықтарда тексеріп тұру қажет.
Тексеру процедуралары «Тексеру және техникалық қызмет көрсету журналында» (2-кесте) сипатталған.
Жұмыс жасауға қолайсыз жағдайлар (ауа-райы қолайсыз жерлер, ұзақ уақыт пайдалану
;
және т. б.) тексеріс жиілігін арттыруды талап етуі мүмкін.
5.2
ҚАУІПТІ НЕМЕСЕ ЖАРАМСЫЗ КҮЙІ: Егер тексеріс барысында қауіпті екені немесе зақымданғаны анықталса,
сақтандыру қысқышын дереу қолданыстан шығарып, байқаусызда пайдаланылуына жол бермеу үшін оны
жойыңыз.Сақтандыру қысқышы мен арқандар жөндеуге келмейді.
5.3
ӨНІМНІҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ: 3M сақтандыру қысқышы мен арқандарының қызмет ету мерзімі
жұмыс шарттары және техникалық қызмет көрсету бойынша анықталады. Максималды жарамдылық мерзімі
экстремалды жағдайларда көп қолданылған жабдықтар үшін 1 жылдан, ал орташа деңгейлі жағдайларда
аракідік қолданылған жабдықтар үшін 10 жылға дейін баруы мүмкін. Өнім тексеріс талаптарына сай болып
шықса, оны ең көбі 10 жыл бойы пайдалана беруге болады.
6.0 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ
6.1
ТАЗАЛАУ: Сақтандыру қысқышын және сақтандыру арқанын сумен және жұмсақ сабын ерітіндісімен тазалаңыз.
Жабдықты таза, құрғақ шүберекпен сүртіп, кептіру үшін іліп қойыңыз. Жылудың көмегімен күштеп кептіруге
болмайды. Кір, бояу, т.б. заттардың көп жиналуы себебінен сақтандыру қысқышы немесе сақтандыру арқаны
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін және ауыр жағдайларда олардың әлсіреп, қолданыстан шығарылуына әкелуі
мүмкін. Сақтандыру қысқышы немесе сақтандыру арқанының жағдайына қатысты сұрақтарыңыз болса немесе
оларды қолдануға қатысты күмәніңіз болса, 3M Fall Protection компаниясына хабарласыңыз.
6.2
ЖӨНДЕУ: Сақтандыру қысқышы мен арқан жөндеуге келмейді. Егер сақтандыру қысқышы мен арқанға құлау
күші қолданылса немесе тексеріс барысында қауіпті не ақаулы күйі анықталса, сақтандыру қысқышын дереу
қолданыстан шығарып, қоқысқа тастаңыз. Тексеру жиілігін 5.1 бөлімінен қараңыз.
6.3
САҚТАУ/ТАСЫМАЛДАУ: Сақтандыру қысқышы мен сақтандыру арқанын салқын, әрі құрғақ және күннің тік
сәулесі түспейтін таза ортада сақтап, тасымалдаңыз. Химиялық заттардың буы бар болуы мүмкін жерлерден
алыс ұстаңыз. Ұзақ уақыт сақтауда болған сақтандыру қысқышы мен сақтандыру арқанын мұқият тексеріп
шығыңыз.
7.0 ТАҢБАЛАР
7.1
12-суретте сақтандыру қысқышы мен арқанындағы өнім таңбалары көрсетілген. Таңбалардың барлығы өз
орнында болып, оңай оқылуы қажет.
Орналасқан жері: Таңбалары бар жапсырмалар сақтандыру қысқышында және арқандағы термошөгімді
түтіктің астында орналасқан. Әр таңбада келесідей мәлімет беріледі:
12-суретті
Сипаттама:
қараңыз:
1
Үлгі нөмірі
2
Сериялық нөмірі
3
Топтама нөмірі
4
Өндірушінің мекен-жайы
5
Нұсқауларды қараңыз
6
Еуропалық стандарт
Еуропалық Одақ талаптарына сәйкес
7
келетінін білдіретін CE таңбасы
8
Сәйкестік тексерісін жүргізетін өкілетті органның нөмірі
9
Ұзындығы
10
Жасап шығарылған айы
11
Жасап шығарылған жылы
12
Өндірушінің веб-мекенжайы
Диаметрі 14-16 mm (0,55-0,63 in) 3M™ COBRA™
13
сақтандыру арқанымен ғана қолданыңыз
14
Жүк көтергіштігі
15
Қолданыстағы дұрыс бағдар
145