Sony қабырғаға орнататын кронштейнді
(SU-WL850) пайдалану туралы орнату
ақпараты
Қолдау көрсетілетін моделдер*:
KD-75XH92xx / 75XH90xx / 65XH92xx / 65XH90xx / 55XH92xx /
55XH90xx
KE-75XH92xx / 75XH90xx / 65XH92xx / 65XH90xx / 55XH92xx /
55XH90xx
FW-75BZ40H / 65BZ40H / 55BZ40H
* Нақты модель атауындағы «xx» белгісі əрбір арнайы модель үшін сандарды жəне/немесе
таңбаларды көрсетеді.
Тұтынушыларға
Өнім қорғанысы жəне қауіпсіздік себептері үшін Sony компаниясы теледидарды немесе СКД
Мониторды орнату Sony дилерлері немесе лицензияланған мердігерлер тарапынан орындалуын
қатаң ұсынады. Оны өзіңіз орнатуға əрекет етпеңіз.
Sony дилерлері мен мердігерлеріне
Бұл өнімді орнату, мерзімді түрде техникалық қызмет көрсету жəне тексеру барысында
қауіпсіздікке толық назар аударыңыз.
Бұл өнімді орнату үшін, əсіресе теледидардың немесе СКД Монитордың ауырлығын
көтеріп тұру үшін қабырғаның бекемдігін анықтау үшін тиісті сараптама жасау керек.
Бұл өнімді қабырғаға бекітуді Sony дилерлеріне немесе лицензияланған
мердігерлерге тапсырыңыз жəне орнату барысында қауіпсіздікке тиісті назар
аударыңыз. Қате қолдану немесе қате орнату арқылы кез келген зақым немесе
жарақат үшін Sony компаниясы жауапты емес.
Қауіпсіздік жəне дұрыс орнату үшін қабырғаға бекітілетін кронштейн пайдалану нұсқауларын,
теледидарды немесе СКД Мониторды орнату нұсқаулығын жəне осы нұсқаулықтағы нұсқауларды
орындаңыз.
− 2 (KZ) −