Әндердің мәтінін бейнелеу
Аудиофайлды жаңғыртқан кезде мәтіні экранда бейнеленеді (мәтіндік
файлдар жеке жүктеледі).
Сағат
Оятқыш
Жаңа дабылды орнату үшін күту тәртібінде қосымшалардың тізімін
ашыңыз, «Сағат» - «Оятқыш» тармағын таңдаңыз. Қажетті уақытты және
жаңғырту кезеңін белгілеңіз.
Оятқыш іске қосылған кезде дыбыстық дабылды уақытша сөндіру үшін
қалқып шығатын терезеде оятқыштың иконкасын солға қарай жылжытыңыз.
Кері есептеу таймері
Күту тәртібінде қосымшалар тізімін ашыңыз, «Сағат» - «Таймер»
тармағын таңдаңыз.
Кері есептеу үшін бастапқы уақытты белгілеңіз.
Есептеуді бастау үшін «Старт» тармағын таңдаңыз.
Есептеуді аяқтау үшін «Стоп» тармағын таңдаңыз.
Секунд өлшегіш
Күту тәртібінде қосымшалар тізімін таңдаңыз, «Сағат» - «Секунд
өлшегіш» тармағын таңдаңыз.
Есептеуді бастау үшін «Старт» тармағын басыңыз.
Аралық үзілісті сақтау үшін «Аралық» тармағын сақтаңыз.
Аяқтау үшін «Стоп» тармағын басыңыз.