GP ReCyko E811 Manual De Instrucciones página 18

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 9
Зарядтағыш құрылғының сипаттары
• 4 бөлек зарядтау каналымен жабдықталған
• Әр зарядтаған сайын 2 дана / 4 дана / 6 дана / 8 дана AA немесе AAA NiMH қайта зарядталатын батареяларын
зарядтау
• Кез келген USB ұясы арқылы қуаттандырылады
• Қуатты автоматты түрде өшіру: теріс дельта кернеуі және қауіпсіздік таймері
• Нашар және бір рет пайдалануға арналған батереяны анықтау
Құрылғыны пайдаланбас бұрын пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Нұсқаулықты болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Зарядтау бойынша нұсқаулар
1. USB кабелінің микро USB ұшын зарядтағыш құрылғының микро USB портына жалғаңыз.
2. USB кабелінің басқа ұшын 5 В / 1 А немесе бірдей USB портына жалғаңыз.
3. 2 дана, 4 дана, 6 дана немесе 8 дана NiMH батареясын, батареядағы және зарядтағыш құрылғыдағы "+"
белгілерін сәйкестендіріп, зарядтағыш құрылғыға енгізіңіз.
4. Батареяларды бірдей түрі мен қуаттылығы бойынша жұп жасап зарядтаңыз. Бір жұпта әртүрлі батареяларды
араластырмаңыз. Батареялар зарядталып жатқанда, жарық диодты индикаторлар жасыл түспен
жыпылықтайды. Нашар немесе бірреттік батареялар үшін жарық диодты индикаторлар жасыл түспен жылдам
жыпылықтайды.
5. Батареялар толық зарядталған соң (жарық диоды жасыл түспен жанып тұр), батареяларды шығарып,
зарядтағыш құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі және қауіпсіз болуы үшін, әрдайым GP NiMH
батареяларын қолданыңыз.
Пайдалану бойынша кеңестер
• Батареялардың зарядтау кезінде қызып кетуі қалыпты құбылыс болып табылады және олар толық
зарядталғаннан кейін бөлме температурасына дейін біртіндеп суып қалады.
• Егер электр құрылғысы ұзақ уақыт пайдаланылмаса, одан батареяларды алып тастаңыз.
• Батареяны сақтау температурасы: -25 ~ + 60°C
• Зарядтау температурасы: ‎ 0 ~ +33°C
• Зарядтау уақыты батареяның әртүрлі қуаттылық мәндеріне байланысты өзгешеленуі мүмкін. (Зарядтау
уақытының кестесін қараңыз)
Қауіпсіздік туралы ақпарат
• Бұл зарядтағыш құрылғы тек NiMH батареяларын зарядтауға арналған. Басқа батареяларды зарядтау
жарылуға, батареяның жарылуына немесе ағып кетуіне, жарақат алуға немесе мүліктің бүлінуіне әкелуі мүмкін.
• Бұл зарядтағыш құрылғы тек бөлме ішінде пайдалануға арналған. Зарядтағыш құрылғыны жаңбыр, қар
немесе тікелей күн сәулесінің астына қоймаңыз.
• Зарядтағыш құрылғыны ылғалды шарттарда пайдаланбаңыз.
• Зарядтағыш құрылғы 0–33°C аралығында пайдаланылғанына көз жеткізіңіз.
• Қайта зарядтауға келмейтін, LiFePO4, NiCD немесе литий-иондық батареяларды пайдаланбаңыз.
• Зарядтағыш құрылғының ашасы зақымдалған жағдайда, оны пайдалануға болмайды.
• Зарядтағыш құрылғыны құлағаннан немесе зақымданғаннан кейін оны пайдалануға болмайды. Зарядтағыш
құрылғыны ашпаңыз/бөлшектемеңіз.
• Батареялар толығымен зарядталғаннан кейін, батареяларды алып тастап, зарядтағыш құрылғыны қуат
көзінен ажырату ұсынылады.
• Батарея қабығы зақымданған жағдайда, оны зарядтағыш құрылғыда пайдаланбаңыз.
• Батареялардан сыртқы қабығын алуға болмайды.
• Зарядтағыш құрылғыны жақсы желдетілетін жерде пайдаланыңыз және қызып кетуіне жол бермеу үшін
зарядтағыш құрылғыны жабатын басқа заттар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Зарядтау кезінде бірнеше
зарядтағыш құрылғыны қабаттамаңыз.
• Бұл зарядтағыш құрылғы техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді, бірақ оны жүйелі түрде құрғақ әрі
жұмсақ шүберекпен сүртіп тұру керек. Абразивтерді немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Зарядтағыш
құрылғыны тазаламас бұрын розеткадан суырып алыңыз.
• 8 жасқа толған балалар және дене, сезім және ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдар бақыланған немесе бұл құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану жөнінде нұсқау алған
және оған қатысты тәуекелдерді түсінген жағдайда бұл құрылғыны пайдалана алады. Балалар құрылғымен
ойнамауы тиіс. Балалар тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бақылаусыз өткізбеуі тиіс
Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне сәйкес келеді. Пайдалану мына екі шартқа бағынады: (1) бұл құрылғы зиянды
кедергі тудырмауы тиіс және (2) бұл құрылғы алынған ешқандай кедергілерді, соның ішінде қалаусыз іске қосылуға әкелуі
мүмкін кедергіні қабылдауы тиіс.
Электрлік құрылғыларды сұрыпталмаған қалалық қоқысқа тастамаңыз, бөлек қоқыс жинау мекемелеріне жіберіңіз.
Қолжетімді қоқыс жинау жүйелері туралы ақпарат алу үшін жергілікті үкіметке хабарласыңыз. Электрлік құрылғылар қоқыс
тастайтын жерлерге немесе қоқыс орындарына тасталса, зиянды заттектер жер асты суларға жылыстап, қоректік тізбекке
түсуі және денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
KZ

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido