ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
!
· Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен дене, сезім мүшелері мен
ой қабілеті тұрғысынан арнайы қажеттілігі бар адамдар, сонымен
қатар тәжірибесі немесе білімі жеткіліксіз адамдар басқа адамдардың
бақылауымен немесе құрылғыны пайдалану нұсқауларын алса және
оны дұрыс пайдаланбаған жағдайда туындайтын қатерлерін түсінсе,
онда қолдануына болады.
· Бұл пайдаланушы нұсқаулығын құрылғыны пайдалану алдында мұқият
оқып, кейін қарап жүру үшін сақтап қою керек.
· Бұл балаларға арналған ойыншық құрылғы емес.
· Тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын 8 жасқа толмаған балалар
басқаның қадағалауынсыз орындамауы керек.
· Құрылғыны және оның желі адаптерін 8 жасқа толмаған балалардан
алыс ұстау керек.
· Құрылғыны көрсетілген мақсатта қолданбаса, оған зақым келуі
немесе адамдар жарақат алуы мүмкін.
· Құрылғыны тек өзіне сай келетін розеткаға жалғау керек, ал желідегі
кернеу құрылғының бойындағы техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген мәндерге сәйкес келуі керек.
· Бұл құрылғыны мына желі адаптерімен ғана пайдалану керек: „Үлгі
нөмірі: BI13240050Cd / FJSW1982400500".
· Электр желісіне қосатын адаптерінің кабелі немесе ашасы
зақымдалған құрылғыны қолданысқа енгізбеу керек.
· Тазалау немесе жөндеу жұмыстарын орындамас бұрын, сонымен қатар
басқа жерге орналастыру немесе тасымалдау әрекеттерін жасамас
бұрын желілік адаптерді розеткадан суыру керек.
· Егер құрылғы құлап қалса немесе басқаша зақымданған болса, онда
оны іске қолдануға болмайды.
· Электр құрылғыларын жөндеу жұмыстарын тек кәсіби мамандар ғана
орындауға тиіс. Кәсіби мамандар тарапынан іске асырылмаған жөндеу
жұмыстары пайдаланушының өзін жарақаттауы мүмкін.
· Құрылғының үстіне ешқашан отыруға немесе үстіне нәрсе қоюға
болмайды.
· Құрылғының ішіне ешқашан басқа нәрсе салуға болмайды.
· Құрылғының үстіңгі бөлігін ешқашан суға немесе басқа сұйықтыққа
батыруға болмайды.
KZ
313