Descargar Imprimir esta página

Sony PWS-100 Manual De Operaciones página 67

Ocultar thumbs Ver también para PWS-100:

Publicidad

Қазақстан
Құрылғыны пайдалану алдында осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз жəне болашақта анықтама
алу үшін сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту
үшін бұл құрылғыны жаңбырдың
астында немесе ылғалды жерде
қалдырмаңыз.
Ток соғуды болдырмау үшін
құрылғының корпусын ашпаңыз.
Жөндеу жұмыстарын білікті мамандар
ғана орындауы тиіс.
БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖЕРГЕ ҚОСУ КЕРЕК.
Құрылғының қуат қосқышы жоқ.
Құрылғыны орнатқан кезде, бекітілген электр
схемасына оңай қол жеткізуге болатын
ажыратқышты қосыңыз немесе штепсельді
құрылғының жанындағы оңай қол жеткізуге
болатын желілік розеткаға қосыңыз. Құрылғыны
пайдалану кезінде ақау пайда болса, қуат көзін
ажырату үшін ажыратқышты пайдаланыңыз
немесе штепсельді ажыратыңыз.
Назар аударыңыз - өнімді сөреге
орнатқанда:
1. Тармақ тізбегіне артық жүктеме түсіруді
болдырмау
Осы өнім сөреге орнатылғанда жəне сөредегі
розеткадан қуат берілгенде сөре желілік тізбекке
артық жүктеме түсірмеуін қамтамасыз етіңіз.
2. Қорғағыш жерге тұйықтауды қамтамасыз
ету
Осы өнім сөреге орнатылғанда жəне сөредегі
розеткадан қуат берілгенде розетка жарамды
қорғағыш жерге тұйықтау қосылымымен
қамтамасыз етілгенін тексеріңіз.
3. Сөренің ішкі ауа температурасы
Осы өнім сөреге орнатылғанда сөренің ішкі ауа
температурасы осы өнімнің көрсетілген шегінде
екенін тексеріңіз.
4. Біркелкі емес механикалық жүктемеге
байланысты қауіпті жағдайға жетуді
болдырмау
Осы өнім сөреге орнатылғанда біркелкі емес
механикалық жүктемеге байланысты сөренің
қауіпті жағдайға жетпейтінін тексеріңіз.
5. Жабдықты жабдықтың жұмыс
температурасын ескере отырып
орнатыңыз
Жабдықтың жұмыс температурасын
пайдаланушы нұсқаулығындағы техникалық
сипаттамалардан қараңыз.
6. Орнатуды орындау кезінде тиісті жылу
шығаруды жəне таратуды алу үшін
қабырғалардан келесі бос орынды
сақтаңыз.
Оң, сол : 4 см немесе көбірек
Арты
: 10 см немесе көбірек
Орнату кезінде орнату аумағы желдету жəне
қызмет көрсетуді есепке ала отырып көзделуі
тиіс.
• Сол жəне оң жақ бүйір панельдердегі желдету
тесіктерін жəне желдеткіш саңылауларын
бөгемеңіз.
• Құрылғы айналасында желдету үшін бос аралық
қалдырыңыз.
• Жұмыс ауқымын қамтамасыз ету үшін
құрылғының артқы жағында 40 см артық
аралықты қалдырыңыз.
Құрылғы үстел немесе оған ұқсас бетке
орнатылғанда, сол жəне оң жағынан 4 см
аралықты қалдырыңыз. Құрылғының үстінен
40 см не одан артық аралықты қалдыру қызмет
көрсету операциялары үшін ұсынылады.
ЕСКЕРТУ
1. Мүмкін болса, мақұлданған жəне əр елдің
қауіпсіздік ережелеріне сай Қуат сымын (3-
өзекті желі сымы) / Құрылғы коннекторын /
Жерге тұйықтау түйіспелері бар айыр
штепсельді пайдаланыңыз.
2. Тиісті көрсеткіштерге (Кернеу, ампер) сай Қуат
сымын (3-өзекті желі сымы) / Құрылғы
коннекторын / Айыр штепсельді
пайдаланыңыз.
Егер жоғарыдағы Қуат сымын / Құрылғы
коннекторын / Айыр штепсельді пайдалану
туралы сұрақтарыңыз болса, білікті маманға
жүгініңіз.
Осы нұсқаулықта анық түрде бекітілмеген кез
келген өзгерту немесе модификация осы
жабдықты пайдалану құқығыңызды жоюы мүмкін.
KZ
67

Publicidad

loading