Descargar Imprimir esta página

Bosch PFS 7000 Manual Original página 219

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 40
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Су негізіндегі бояуларды пайдаланғаннан кейін
тазалау (M суретін қараңыз)
Бүріккіш пистолетті және бүрку материалының
контейнерін әрдайым жылы сумен тазалаңыз.
Бүріккіш пистолеттің саптама және ауа саңылауларын еш
жағдайда үшкір заттармен тазаламаңыз.
– Негізгі блокты (22) өшіріп, ауа шлангісін (20) бүріккіш
пистолеттен (1)шығарыңыз.
– Контейнерді (7) бүріккіш пистолеттен (1)босатыңыз.
Контейнерді (7) көтергіш құбырдың (17) астында
ұстап тұрып, бүрку материалы контейнер ішіне ағуы
үшін, бүріккіш пистолеттің басқару қосқышын (5)
басыңыз.
– Контейнерді (7) толықтай босатыңыз.
Бүрку материалын кейінірек пайдалану үшін тығыз
жабылған бояу контейнерінде сақтауға болады. Ол
үшін, мысалы, қақпағы бар қосалқы контейнерді (8)
немесе түпнұсқа бүрку материалының контейнерін
қолданыңыз.
– Контейнерді (7) тазалаңыз.
– Көтергіш құбырды (17) контейнер
тығыздауышымен (16) бірге бөлшектеп, жақсылап
шайыңыз.
Көтергіш құбырды (17) контейнер
тығыздауышымен (16) бірге бүріккіш пистолетке
қайтадан бекітіңіз.
– Контейнерді (7) жылы сумен толтырып, бүріккіш
пистолетке (1)қайтадан бекітіңіз.
– Ауа шлангісін (20) бүріккіш пистолетке (1)қайтадан
жалғаңыз.
– Таза су ғана шыққанша бүркіңіз. Қажет болса,
контейнерді жылы сумен қайтадан толтырыңыз.
– Ауа шлангісін (20) негізгі блоктан (22) да, бүріккіш
пистолеттен (1)де шығарып алыңыз.
– Қажет болса, негізгі блокты ылғалды шүберекпен
тазалап, содан кейін негізгі блокты (22) және ауа
Bosch Power Tools
шлангісін (20) тікелей тазалау аймағынан алып
тастаңыз.
– Жаппа гайканы (3), ауа қалпағын (2), пайдаланылған
саптама қалпағын (10)/(11)/(12) және көтергіш
құбырды (17) контейнер тығыздауышымен (16) бірге
бөлшектеңіз.
– Жылы су құйылған бір шелекте барлық бояу өткізетін
бөліктерді тазалау қылшағымен (28) немесе әдеттегі
шаю қылшағымен тазалаңыз. Сондай-ақ бүріккіш
пистолеттің (1)бояу каналын (19) тазалаңыз.
– Көтергіш құбырда (17) контейнер
тығыздауышымен (16) бірге бүрку материалының
жоқтығына және зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
– Желдету саңылауын (18) тазалау қылшағымен (28)
тазалаңыз.
– Қажет болса, толтыру торын (13) жылы сумен мұқият
тазалаңыз.
– Контейнерді (7) және бүріккіш
пистолетті (1)сыртынан суланған шүберекпен
тазалаңыз.
– Құрастырудан бұрын барлық бөліктерді жақсылап
кептіріңіз.
– Майда бүріккіш жүйені кері реттілікпен қайтадан
монтаждаңыз.
Контейнер тығыздауышын (16) көтергіш
құбырдың (17) ойығына қайтадан жоғары қарай
жылжытыңыз.
Бүріккіш пистолетті тиісінше тығыздау үшін контейнер
тығыздауышы көтергіш құбыр ойығының айналысында
дәл орналастырылғанын қамтамасыз етіңіз.
Көтергіш құбырды (17) міндетті түрде бояу
каналының (19) үстіне тірелгенше қайта жылжытыңыз.
Еріткіш негізіндегі бояуларды пайдаланғаннан кейін
тазалау (M суретін қараңыз)
Бүріккіш пистолетті және бүрку материалының
контейнерін әрдайым пайдаланылған бүрку материалына
арналған тиісті сұйылтқышпен тазалаңыз.
Бүріккіш пистолеттің саптама және ауа саңылауларын еш
жағдайда үшкір заттармен тазаламаңыз.
Еріткіштермен және еріткіш негізіндегі бояулармен
тазалау жұмыстарын өткізген кезде арнайы қолғап киіп
жүріңіз.
– Негізгі блокты (22) өшіріп, ауа шлангісін (20) бүріккіш
пистолеттен (1)шығарыңыз.
– Қажет болса, негізгі блокты сұйылтқышпен
дымқылданған шүберекпен тазалап, содан кейін
негізгі блокты (22) және ауа шлангісін (20) тікелей
тазалау аймағынан алып тастаңыз.
– Контейнерді (7) бүріккіш пистолеттен (1)босатыңыз.
Контейнерді (7) көтергіш құбырдың (17) астында
ұстап тұрып, бүрку материалы контейнер ішіне ағуы
үшін, бүріккіш пистолеттің басқару қосқышын (5)
басыңыз.
– Контейнерді (7) толықтай босатыңыз.
Бүрку материалын кейінірек пайдалану үшін тығыз
жабылған бояу контейнерінде сақтауға болады. Ол
Қазақ | 219
1 609 92A 84E | (12.07.2022)

Publicidad

loading