Descargar Imprimir esta página

Stihl EVC 4000.1 Manual De Instrucciones página 121

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 22
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
3.2
Белгілер
Белгілер қозғалтқыш үстінде болуы мүмкін
және төмендегіні білдіреді:
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз және
сақтап қойыңыз.
4
Қауіпсіздік техникасы
ережелері
4.1
Ескерту белгілері
Қозғалтқыштағы немесе STIHL
құрылғысындағы ескерту белгілері
төмендегіні білдіреді:
Қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және тиісті шараларды
орындаңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз және
сақтап қойыңыз.
Ыстық беттерге тиіспеңіз.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрса
немесе қатты қызған болса, отын
құймаңыз.
Зиянды газдардың ішке тартылуын
болдырмаңыз.
Коллектор қатты қызып
кетеді. Тиіспеңіз.
4.2
Жанармай және жанармай
құю
Сақтандыру
■ Осы қозғалтқышта пайдаланылатын
жанармай түрі – бензин. Бензин тез
тұтанғыш заттек болып табылады. Ашық
отпен немесе ыстық заттармен жанасқан
жағдайда, бензин өрт немесе жарылыс
қаупін тудыруы мүмкін. Адамдар ауыр
жарақат алуы немесе мерт болуы, сондай-
ақ мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
Бензинді ыстықтан және от көзінен
қорғаңыз.
► Бензинді төкпеңіз.
► Бензин төгілген жағдайда: бензинді
шүберекпен сүртіп алыңыз,
0478-983-9913-B
қозғалтқышты құрылғының барлық
бөлшектері кепкеннен кейін ғана іске
қосыңыз.
► Шылым шекпеңіз.
► Жанармайды от көздерінің жанында
құймаңыз.
► Жанармай құяр алдында қозғалтқышты
сөндіріңіз және суытыңыз.
► Бакты босату қажет болса: сыртта
орындаңыз.
► Қозғалтқышты жанармай құйған орыннан
кемінде 3 м арақашықтықта іске қосыңыз.
► Багында бензині бар қозғалтқышты
ешқашан үй-жайдың ішінде сақтамаңыз.
■ Бензин буымен тыныс алу адамның
улануына әкелуі мүмкін.
Бензин буымен демалмаңыз.
► Жанармайды жақсы желдетілетін жерде
құйыңыз.
■ Жұмыс барысында қозғалтқыш қызады.
Бензиннің көлемі ұлғайып, жанармай
багында артық қысым пайда болуы мүмкін.
Жанармай багының қақпағы ашылған кезде
бензин шашырауы мүмкін. Шашыраған
бензин тұтануы мүмкін. Пайдаланушы ауыр
жарақат алуы мүмкін.
Алдымен қозғалтқышты суытыңыз
және содан кейін жанармай багының
қақпағын ашыңыз.
■ Бензин тиген киім жеңіл тұтанады. Адамдар
ауыр жарақат алуы немесе мерт болуы,
сондай-ақ мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
► Киімге бензин тиген жағдайда: киімді
ауыстырыңыз.
■ Бензин қоршаған ортаға қауіп төндіруі
мүмкін.
► Жанармайды төкпеңіз.
► Бензинді ережелерге сәйкес және
қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен
кәдеге жаратыңыз.
■ Теріге немесе көзге бензин тисе, тері
немесе көз тітіркенуі мүмкін.
► Бензиннің денеге тиюіне жол бермеңіз.
► Егер теріге тисе: терінің бензин тиген
жерлерін сабындап, мол сумен жақсылап
жуыңыз.
► Егер көзге тисе: көзді кемінде 15 минут
бойы көп мөлшердегі сумен шайып,
содан кейін дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
■ Төгілген бензин тұтануы мүмкін. Адамдар
ауыр жарақат алуы немесе мерт болуы,
сондай-ақ мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
қазақ
121

Publicidad

loading