тырыспаңыз. Грильді әрқашан ыстыққа төзімді негізі бар түзу, қатты,
орнықты жерге және вентиляциясы жақсы (желдетілетін) бөлмеде
орнатыңыз. Егер грильде тағам көп болса және оны жабу қиын болса,
ешқашан күш қолданбаңыз, бұл құрылғыны зақымдауы мүмкін. Өрт қаупін
болдырмау үшін құралды жұмыс істеп тұрған кезде оны ешқашан
қараусыз қалдырмаңыз. Электр желісіне қосар алдында гриль жабық
күйде болуы керек. Пісіргеннен кейін дайындалған тағамды тек ағаш
немесе ыстыққа төзімді қалақшаны қолданып алыңыз. Тамақты алу үшін
өткір шанышқыны немесе пышақты пайдаланбаңыз, бұл күюге қарсы
жабынды зақымдауы мүмкін. Гриль жасамас бұрын мұздатылған тағамды
толығымен жібіту керек.
Жұмысқа дайындық
Грильдің орамасын ашып, кабельді тарқатыңыз, бірақ оны розеткаға
қоспаңыз. Қыздыру тақталарының (4) (b суретін қараңыз) таза және үстінде
шаң болмауын тексеріңіз. Қажет болса, дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Грильдің артқы жағында майды жинауға арналған пластик астауша (6)
орнатылғанын тексеріңіз (c суретін қараңыз). Грильді мықты негізді, тегіс,
орнықты жерге қойыңыз. Ашаны розеткаға қосыңыз, ақ «Қуат» шамы (2)
жанғанын көресіз (а суретін қараңыз). Осыдан кейін жұмыс бетін алдын
ала қыздыру үшін температура реттегішінің тұтқасын (1) «0»–ден «MAX»
деңгейіне дейін бұраңыз, сол уақытта «Температураны автоматты түрде
басқару» көк шамы (3) жанады. Жұмыс беті белгіленген температураға
жеткенде (бұл шамамен 3–5 минутты алады), көк шам (3) сөнеді. Бұл
грильдің жұмыс істеуге дайын екендігін білдіреді.
Алғаш рет қолданған кезде, құралды он минуттай тамақсыз қыздырыңыз.
Аз мөлшердегі жеңіл түтіннің немесе иістің болуы қалыпты және зиянсыз
болып табылады.
aeno.com/documents
43