Descargar Imprimir esta página

Kärcher K 5 Compact Manual Del Usuario página 141

Ocultar thumbs Ver también para K 5 Compact:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 29
Қолдану
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
2 минуттан артық құрғақ күйдегі жұмыс жоғары
қысымды сорғыштың зақымдалуына апарып
соғады. Бұйымды 2 минут ішінде қысымсыз
қалпына келтіріңіз, бұйымды өшіріңіз жəне
"Ақаулықтар бойынша анықтама" бөліміндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Жоғары қысыммен қолдану
АБАЙЛАҢЫЗ
Лакталған беттерді тазалау кезінде зақымдарға
жол бермеу үшін ағыннан кемінде 30 см
қашықтықта тұрыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Шина, лак не ағаш сияқты сезімтал беттерді
шашырату құбырымен тазаламаңыз, себебі
зақымдалу қаупі бар.
Сурет
 Шашырату құбырын қол бүріккішіне енгізіңіз
жəне 90° айналымда бекітіңіз.
 Бұйымды "I/ON" күйіне ауыстырыңыз.
 Қол бүріккішінің иінтірегін құлыптан босатыңыз.
 Иінтіректі тартыңыз да, бұйым қосылады.
Нұсқау: Иінтірек босатылғаннан кейін бұйым
өшіріледі. Жүйедегі жоғары қысым сақталады.
Тазалау бұйымдарымен бірге қолдану
Нұсқау: Тазалау бұйымдарын тек орташа
қысыммен араластыруға болады.
ҚАУІП
Тазалау бұйымдар қолдану кезінде тазалау бұйым
шығарушының заттардың қауіпсіздік паспортты,
əсіресе жеке қорғану құралдар туралы
нұсқауларды сақтау қажет.
Сурет
 Тазалағыш заттың сорғыту шлангісін қалаған
ұзындыққа корпустан тартыңыз.
 Тазалағыш заттың сорғыту шлангісін тазалағыш
зат қоспасы бар сауытқа іліңіз.
 Қысым реттегіші бар шашырату құбырын (Vario
Power) пайдаланыңыз.
 Ыдыратушы түтікті «ЖҰМСАҚ» бағытына қарай
тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: Осының нəтижесінде пайдалану
кезінде тазалағыш зат қоспасы су ағынына
қосылады.
Ұсынылған тазалау тəсілі
 Тазалау бұйымын құрғақ үстіртке үнемді түрде
шашыратып, сіңу үшін (кептіріп кеткізбей ғана)
біраз қалтыруыңыз лазым.
 Ерітілген кірді жоғары қысымды ағынмен шайып
жіберіңіз.
Көбік шүмегі
Сурет
 Көбік шүмегін тазалағыш зат сауытына
жалғаңыз.
 Көбік шүмегін қол бүріккішіне енгізіңіз жəне 90°
айналымда бекітіңіз.
Қолдануды уақытша тоқтату
 Қол бүріккішінің иінтірегін босатыңыз.
 Қол бүріккішінің иінтірегін құлыптаңыз.
 Ұзақ жұмыс кідірістері (5 минуттан артық) үшін
бұйымды "0/OFF" күйіне ауыстырыңыз.
Жұмысты аяқтау
АБАЙЛАҢЫЗ
Жүйеде қысым жоқ болғанда жоғары қысымды
шлангіні тек қол бүріккішінен не бұйымнан
ажыратыңыз.
Ағын не жоғары қысымды шлангісін ажырату
арқылы қолдану кезінде ыстық суды ұяшықтардан
шығаруға болады.
 Тазалағыш затпен жұмыс істеу кезінде:
Бұйымды шамамен 1 минут шаю үшін жұмыс
істетіңіз.
 Қол бүріккішінің иінтірегін босатыңыз.
 Бұйымды "0/OFF" күйіне орнатыңыз.
 Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
 Құбыр кранын жабыңыз.
 Жүйедегі бар қысымды төмендету үшін қол
бүріккішінің иінтірегін басыңыз.
 Қол бүріккішінің иінтірегін құлыптаңыз.
 Бұйымды су беру жүйесінен ажыратыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу жəне зақымдалу қаупі бар!
Тасымалдау кезінде бұйымның салмағына назар
аударыңыз.
Қолмен тасымалдау
 Тұтқаларынан құрылғыны көтеріңіз жəне алып.
 Тасымалдау тұтқасын шығарыңыз, ол
бекітіледі.
Бұйымды тасымалдау тұтқасына тартыңыз.
Ұшақтарда тасымалдау
 Құрылғыны сырғанап кетуден жəне соғылудан
қорғаңыз.
Бұйымның сақталынуы
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу жəне зақымдалу қаупі бар!
Бұйымды сақтау кезінде салмағына назар
аударыңыз.
Бұйымды сақтау
 Бұйымды тегіс бетке қойыңыз.
 Қол бүріккішіндегі ажырату түймесін басыңыз
жəне жоғары қысымды шлангіні қол бүріккішінен
ажыратыңыз.
 Жоғары қысымды шлангіге арналған жылдам
ажыратылатын муфтаның корпусын көрсеткі
бағытымен басыңыз жəне жоғары қысымды
шлангіні тартып шығарыңыз.
 Қол бүріккішін қол бүріккішін сақтау орнына
қойыңыз.
 Шашырату құбырын өзінің сақтау орнына
қойыңыз.
 Бірлікке жоғары қысымды шланг жəне қорек
сымын сақтаңыз.
 Сурет
Жоғары қысымды шланг пен қуат сымын
резеңке таспамен бекітіңіз.
– 6
KK
Тасымалдау
141

Publicidad

loading