Descargar Imprimir esta página

Bosch GCM 12 GDL Professional Manual Original página 317

Ocultar thumbs Ver también para GCM 12 GDL Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 63
Жұмыс істеуге дайындау
Аралау үстелін ұзарту (C суретін қараңыз)
Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары 11
көмегімен солға немесе оңға үлкейту мүмкін.
– Қысу тұтқышын 51 арқаға қайырыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын 11 керекті ұзындыққа
шейін сыртқа тартыңыз (максималды 250 мм).
– Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысу
тұтқышын 51 қайта сыртқа басыңыз.
Тіреуіш планканы ұзарту (D суретін қараңыз)
Вертикалды еңіс бұрыштарда тіреуіш планканың
ұзартқыштарын 9 жылжыту керек.
– 52 қысқыш тұтқышты алға бұраңыз.
– Тіреуіш планка ұзартқышын 9 толығымен сыртқа
тартыңыз.
– Жылжытылатын тіреуіш планканы бекіту үшін 52
қысқыш тұтқышын қайта арқаға басыңыз.
Жылжытылатын тіреуіш планканы алып қою
(E суретін қараңыз)
Аса вертикалды еңіс бұрыштарда тіреуіш планка
ұзартқыштарын 9 толығымен алып тастау керек.
– Қалғанды 53 сыртқа бұраңыз.
– 52 қысқыш тұтқышты алға бұраңыз.
– Тіреуіш планка ұзартқышын 9 толығымен сыртқа
тартыңыз.
– Тіреуіш планка ұзартқыштарын жоғарыға көтеріп
қойыңыз.
Жылжымалы тұтқаның бәсеңдеткіштерін реттеу
(F суретін қараңыз)
Жылжымалы тұтқаның 28 жылжыту механизмі зауытта
алдын ала реттелген болып электр құралы жеткізілген
кезінде бәсеңдетілмеген.
Жылжыту механизмінің бәсеңдетілуін жеке ретте
бәсеңдеткіште 54 реттеу мүмкін:
қатты – бақыланған жұмыс әрекеттері;
жұмсақ – жылдам аралау әрекеттері.
– Екі реттеу бұрандасын 55 алты қырлы дөңбек кілтпенl
(4 мм) 20 жұмсақ бәсеңдету үшін босатыңыз
немесе
екі реттеу бұрандасын 55 қатты бәсеңдету үшін қатты
тартыңыз.
Дайындаманы бекітіңіз (G суретін қараңыз)
Оптималды жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым бекем қысу керек.
Қатты қысуға өте кіші болған дайындамаларды өңдемеңіз.
– Дайындаманы тіреуіш планкаға 10 басыңыз.
– Жинақтағы бұрандалы қысқышты 22 оған арналған
тесіктерге 56 салыңыз.
– Құлақты бұранданы 57 босатып бұрандалы қысқышты
дайындамаға дұрыстаңыз. Қалақты бұрғыны берік
бекітіңіз.
– Дайындаманы бұрандалы өзекті 58 бұрап қысыңыз.
Bosch Power Tools
Горизонталды еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін белсенді пайда-
ланудан соң электр құралының параметрлерін тексеріп
керек болса реттеу керек („Негізгі реттеулерді тексеріп
реттеңіз" 321 бетінде қараңыз).
 Бекіту басын 15 аралаудан алдын әрдайым бекем
бекітіңіз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы
мүмкін.
Көлденең стандартты қисайту бұрышын реттеу
(H суретін қараңыз)
Жиі пайдаланылатын қисайту бұрыштарын жылдам және
нақты реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар 18 болады:
солда
15°; 22,5°; 31,6°; 45°
– Бекіту басы 15 тартылған болса оны босатыңыз.
– Тұтқышты 16 тартып аралау үстелін 38 керекті ойыққа
дейін солға немесе оңға бұраңыз.
– Тұтқышты жіберіңіз. Тұтқыш сезімді ретте ойыққа кіруі
керек.
Кез келген көлденең қисайту бұрышын реттеу
(I суретін қараңыз)
Көлденең қисайту бұрышын 52° (сол жақтық) мен 60° (оң
жақтық) аралығында реттеу мүмкін.
– Бекіту басы 15 тартылған болса оны босатыңыз.
– 16 тұтқышын тартып бір уақытта бұрышты бұғаттау
аспабын 14 алғы төменге басыңыз.
16 тұтқышы бұғатталып аралау үстелін жылжыту мүмкін
болады.
– Аралау үстелін 38 бекіту басында солға немесе оңға
бұрыш көрсеткіші 59 керекті еңіс бұрышын
көрсеткенше бұраңыз.
– Бекіту басын 15 қайта тартыңыз.
– Тұтқышты 16 қайта босату үшін (стандартты еңіс
бұрышын реттеу үшін), тұтқышты жоғарыға тартыңыз.
Бұрышты бұғаттау аспабы 14 бастапқы күйіне оралып
16 тұтқышы 18 ойықтарына қайта түсуі мүмкін.
Вертикалды еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін белсенді пайда-
ланудан соң электр құралының параметрлерін тексеріп
керек болса реттеу керек („Негізгі реттеулерді тексеріп
реттеңіз" 321 бетінде қараңыз).
Вертикалды еңіс бұрышын 47° (сол жақтық) мен 47° (оң
жақтық) аралығында реттеу мүмкін.
Жиі қолданатын еңіс бұрышын жылдам және нақты реттеу
үшін 0°, 22,5°, 45° және 47° бұрыштары үшін тіреуіштер
қолданылады.
Қaзақша | 317
оңда
15°; 22,5°; 31,6°; 45°; 60°
1 609 92A 0XN | (13.10.14)

Publicidad

loading