Descargar Imprimir esta página

SIGVARIS Compreflex Standard Thigh Manual De Instrucciones página 41

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 15
Сезімтал тері жағдайында қысу өнімдерінің
астында қышу, қабыршақтану және қабыну
белгілері пайда болуы мүмкін, сондықтан
теріге тиісінше күтім қажет. Терапияның
сәтті өтуін қолдау үшін жүйелі түрде
дәрігерлік бақылау қажет. Егер кию кезінде
қатты ауырсыну немесе терінің тітіркенуі
байқалса, дереу дәрігерге барыңыз. Бұл
жағдайда дәрігер басқаша тағайындағанға
дейін медициналық күтім тоқтатылуы керек.
Назар аударыңыз:
Мұнда келтірілген ескертулер мен қарсы
көрсетілімдер медициналық кеңес емес,
тек ұсыныстар болып табылады.
Ерекше нұсқаулар
• Қызмет ету мерзімін сақтау үшін қысу
жабдықтамасын жақпа майды, майларды
және майлауыштарды қолданудан
қорғаңыз.
• Қысу өнімдерін ашық жараларға киюге
болмайды. Жаралар тиісті таңғыштармен
жабылуы керек.
• Нұсқауларды сақтамау өнімнің қауіпсіздігі
мен тиімділігін төмендетуі мүмкін.
• Өнімге қатысты орын алған барлық ауыр
оқиға туралы өндіруші мен құзыретті
органға хабарлау керек.
• Қысу жабдықтамасын қолданған
кезде қысымның дисталды бөліктен
проксималды бөлікке (дисталды-
проксималды) төмендеуін (қысымның
төмендеу градиенті) қамтамасыз ету
қажет.
• Қорғауыш шұлықтың жиырылып
қалмауына көз жеткізіңіз.
Процедура
Compreflex
Standard Thigh бандажын кию
®
1. Жиынтыққа кіретін қорғауыш шұлықты
киіңіз. Ақыры сан жабдықтамасын кимес
бұрын, ең алдымен балтыр бұлшықеті
жабдықтамасы мен тізе таңғышын
нұсқаулыққа сәйкес киетініңізге көз
жеткізіңіз.
2. Таңу алдында әр жабысқақ түймелікті
өнімге бүкіл ұзындық бойынша жайыңыз,
ұштарын артқа айналдырыңыз және
шырмап тастамауы үшін оларды сол
жерге бекітіңіз. Табанды серпімді
ендірме мен өнім арасындағы ойыққа
салыңыз және өнімді саннан сәл төмен
тартыңыз (бірақ қорғауыш шұлықтан
алыс емес). Тоқыма жапсырма аяқтың
артқы жоғарғы жағында орналасқан
және сыртқа қаратылған.
3. Ең төменгі екі жабысқақ түймелікті
аяғыңызға ақырын жайыңыз және
қыспай бекітіңіз. Жабысқақ түймеліктер
мүмкіндігінше аз қабаттасуы керек,
дегенмен жабысқақ түймеліктер
арасында бос орын болмауы керек.
Жабысқақ түймеліктердің ұшын
бүйірлеріне мықтап басыңыз. Басқа
жабысқақ түймеліктерді дәл осылай
жайыңыз және бекітіңіз.
4. Accutabs жүйесін орнатыңыз: сәйкесінше
дәрігеріңіз сізге қай қысу аймағы сізге
қолайлы екенін айтуы керек. Accutabs
жүйесін сәйкесінше киіңіз, содан
кейін нұсқауларға сәйкес жабысқақ
дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
түймеліктерді жабыңыз (сондай-ақ
Accutab
жүйесін пайдалану бойынша
®
нұсқаулықты қараңыз).
5. Содан кейін жамбас бекіткішін белге
ораңыз. Белдікті қажетті ұзындыққа дейін
кесуге болады. Жамбас бекіткішінің кең
ұшын белдікке бекітіңіз. Тар ұшын тізеге
бағытына тартып, оны орамаға бекітесіз.
Compreflex
Standard Thigh бандажын
®
шешу
Шешу кезінде ең алдымен белдік пен
жамбас бекіткішін алыңыз. Содан кейін әр
жабысқақ түймелікті босатыңыз, ұштарын
артқа айналдырыңыз және шырмап
тастамауы үшін оларды сол жерге бекітіңіз.
Өнімді аяқтан алыңыз және қорғауыш
шұлықты шешіңіз.
Сақтау, тасымалдау және қызмет ету
мерзімі
Егер дәрігеріңіз басқаша нұсқау бермесе,
қысу жабдықтамасын күндіз де, түнде де
киюге болады. Дегенмен теріні тазарту
және жараларды емдеу қажеттілігіне орай
өнімді күніне бір рет шешіп тұру керек.
Осыдан кейін өнімді пайдалану жөніндегі
нұсқаулыққа сәйкес қайта таңу керек. Теріні
тексеру, жараны тазарту және/немесе
күтім көрсету бойынша өнімді алу жиілігі
емделушілердің жеке қажеттіліктеріне
және дәрігердің нұсқауына байланысты.
Әрбір қысу өнімінің астына қорғауыш
шұлықты кию керек. Қысу жабдықтамасын
күнделікті кию және жуу медициналық
қысымның өзгеру сипатының және орама
серпімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Қаптамада құм сағатының белгісі бар сақтау
мерзімі көрсетілген. Келесі 6 ай ішінде кию
барысында максималды әсерге кепілдік
береміз.
Күтім және сақтау
w o s m U
Қаптамада және/немесе тоқыма
жапсырмасында көрсетілген күтім
нұсқауларын орындаңыз. Жуу алдында
барлық жабысқақ түймелікті немесе
қорғауыш таспаларды жабыңыз. Өнімді
жұмсақ жуғыш затпен ұқыпты жуу
режимінде кір жуу торында жуыңыз.
Ағартқышты немесе мата жұмсартқышты
қолданбаңыз. Өнімді кептіру машинасында
төмен температурада / жылусыз немесе
таза ауада құрғатыңыз (орамалардың
қызмет ету мерзімін ұзарту үшін ауада
кептіру ұсынылады). Өнімді бөлме
температурасында, құрғақ жерде және
жарық көздерінен алыс жерде сақтаңыз.
Оны тікелей қыздыру көзінен аулақ ұстаңыз.
Алғаш шұлықтарды алғаш рет пайдаланар
алдында жуыңыз.
Кәдеге жарату
Медициналық қысу жабдықтамасын
кәдеге жарату бойынша арнайы талаптар
жоқ. Оларды қалдық немесе тұрмыстық
қалдықтармен бірге кәдеге жаратуға
болады. Бұл ретте тоқыма өнімдерін кәдеге
жаратудың жергілікті ережелеріне назар
аударыңыз.
41

Publicidad

loading