Descargar Imprimir esta página

Kärcher FC 3d Cordless Manual Del Usuario página 205

Ocultar thumbs Ver también para FC 3d Cordless:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 42
Күту мен техникалық тексеру
жұмыстары
ҚАУІП
Сурет
Құрылғыда электр компоненттері бар, сондықтан
оны ағынды судың астында немесе су
толтырылған контейнерлерде ұстауға, сондай-ақ
құрылғыны тазалауға болмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сурет
Құрылғыны тазалау үшін жеке бөлшектерді (еден
бетінің қақпағы, тұщы жəне лас су ыдысы мен
білікшелер) бөлек алып тастау жəне тазалау
керек. Құрылғының өзін дымқыл шүберекпен
сүртуге болады.
Кір су багын тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ластың бак түбінде тұнып қалмауы үшін лас суға
арналған бакті жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Дірілді бастың қақпағын жуу машинасында
тазаламаңыз: Егер дірілді бас қақпағы жуу
барысында майысса жəне жиек білікшеге
қажетінше жабыспаса, құрылғы жұмысы бұзылуы
мүмкін. Тазалау нəтижесі нашарлайды.
Сурет
 Бұйымды өшіру үшін, бұйым қосқышын (қосу/
өшіру) басыңыз.
Сурет
 Құрылғыны тұрақтату станциясына орнатыңыз.
Сур.
 Кір су багын бұйымнан алыңыз.
"Кір су багын босату" тарауын қараңыз.
 Дірілді бас қақпағын, лас суға арналған бакті
жəне лас суға арналған бактің қақпақтарын
құбыр суымен тазалаңыз.
 Лас суға арналған бактің екі камерасының
қақпағын шешіп алып, бөлек тазалауға болады.
 Лас суға арналған бакті жəне лас суға арналған
бактің қақпақтарын жуу машинасында жууға
болады.
Нұсқау
Лас суға арналған бактің қақпақтарының резеңке
жабыны жуу машинасында жуылғандықтан
жабысқақ болуы мүмкін. Алайда бұл бітеулікке əсер
етпейді.
Сур.
 Егер құрылғы бұдан əрі пайдаланылмайтын
болса, білікшелерді де тазалаңыз.
«Білікшелерді тазалау» бөлімін қараңыз.
Сурет
 Тазалаған соң қақпақтары бар лас суға
арналған бакті жəне дірілді басы қақпағын
құрылғыға орнатыңыз.
Дірілді басын тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ластанған болса, дірілді басын тазалаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Дірілді бастың қақпағын жуу машинасында
тазаламаңыз: Егер дірілді бас қақпағы жуу
барысында майысса жəне жиек білікшеге
қажетінше жабыспаса, құрылғы жұмысы бұзылуы
мүмкін. Тазалау нəтижесі нашарлайды.
Сурет
 Бұйымды өшіру үшін, бұйым қосқышын (қосу/
өшіру) басыңыз.
Сурет
 Құрылғыны тұрақтату станциясына орнатыңыз.
Сурет
 Дірілді басы қақпағының фиксаторының үстінен
басыңыз.
 Дірілді басының қақпағын шешіп алыңыз.
Сурет
 Дірілді бас қақпағын ағын су астында тазалаңыз.
 Лас суға арналған бакті жəне білікшелерді
тазалаңыз.
«Лас суға арналған бакті тазалау» бөлімін
қараңыз.
«Білікшелерді тазалау» бөлімін қараңыз.
 Білікшелер сымын ылғалды шүберекпен
тазалаңыз.
Сурет
 Дірілді бас қақпағын дірілді басқа орнатыңыз.
Білікшелерді тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Білікшелерде уақыт өтісімен көбіктің түзілуіне
əкелуі мүмкін жуғыш заттардың қалдықтарының
тұрып қалмауы үшін білікшелерді пайдаланған соң,
құбыр суымен немесе жуу машинасында жуыңыз.
Білікшелерді шешу үшін құрылғы еденге
жатқызылса, таза жəне лас суға арналған
бактерді босатыңыз. Осылайша, құрылғы еденге
жатқызылғанда бактерден сұйықтық ақпайды.
Сурет
 Бұйымды өшіру үшін, бұйым қосқышын (қосу/
өшіру) басыңыз.
Сурет
 Құрылғыны тұрақтату станциясына орнатыңыз.
Сурет
 Тазалағыш білікшелерді тұтқасынан шығарып
тастаңыз.
Сурет
 Тазалағыш білікшелерді ағынды су астында
тазалаңыз.
немесе
 Тазалағыш білікшелерді кір жуу машинасында
ең көбі 60°C температурасында жуыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір жуу машинасында тазалаған кезде,
кондиционерді қолданбаңыз. Сөйтіп
микроталшықтар зақымдалмайды жəне
тазалағыш білікшелер өзінің жоғары тазалау
өнімділігін сақтап тұрады.
Тазалағыш білікшелерді кептіргіште кептіруге
болмайды.
Сур.
 Тазалаған соң білікшелерді тұрақтату
станциясына орнатып, ауада құрғатыңыз.
 Білікшелерді алдымен сығып алсаңыз, құрғату
уақыты қысқарады.
 Егер құрылғы бұдан əрі пайдаланылмайтын
болса, дірілді бас қақпағын жəне лас суға
арналған бакті де тазалаңыз.
 Білікшелер сымын ылғалды шүберекпен
тазалаңыз.
– 11
KK
205

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Fc 3d cordless premium