Тазалағыш жəне күтімге арналған заттар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жарамсыз тазалағыш жəне күтімге арналған
заттарды қолдану бұйымға зақым келтіруі жəне
кепілдік күшінің жойылуына апарып соғуы мүмкін.
Нұсқау
Қажетінше еденді тазалау үшін KÄRCHER
тазалағыш немесе күтімге арналған заттарын
қолданыңыз.
Тазалағыш жəне күтімге арналған заттарды
мөлшерлеген кезде, өндірушінің мөлшер
бойынша нұсқауларын орындаңыз.
Көбіктің пайда болуын болдырмау үшін, таза су
багын алдымен сумен, ал содан кейін
тазалағыш жəне күтімге арналған затпен
толтырыңыз.
Таза су багының "MAX" толтыру көлемінен
асырмау үшін, су құйған кезде тазалағыш жəне
күтімге арналған заттың мөлшері үшін орын
қалдырыңыз.
Кедергілер болғанда көмек алу
Кемшіліктердің себебін астыда көрсетілген тізімге
сəйкес Өзіңіз жоя алуыңыз мүмкін. Күдікті
жағдайларда немесе осында аталған емес себебі
жағдайларда Қызмет Көрсету бөлімінің арнайы
мамандарымен хабарласыңыз.
Аккумулятор зарядталмайды!
Зарядтау ашасы/қуат беру ашасы қате
салынған.
Зарядтау ашасы/қуат беру ашасын дұрыстап
салыңыз.
Құрылғы қосылмайды
Аккумулятордың заряды жоқ.
Құрылғыны зарядтаңыз.
Зарядтау сымының құрылғыға қосылғанын
тексеріңіз.
Зарядтау сымын ажыратыңыз, себебі зарядтау
сымы қосулы болғанда пайдалану мүмкін емес.
Ақаулықтар индикациясының
жарықдиодтары
Астыңғы жарықдиодты шам құрылғыны қосқанда
жыпылықтайды, ал құрылғы жұмыс істемейді.
Аккумулятордың заряды жоқ.
Құрылғыны зарядтаңыз.
Барлық жарықдиодты шамдар бір уақытта тез
жыпылықтайды.
Құрылғы қозғалтқышы құлыпталған (мысалы,
білікшеге қатты қысым түскеннен немесе
қабырға/бұрышқа келіп тірелгеннен).
Бұйымды өшіріңіз жəне қайта қосыңыз.
немесе
Сəйкес емес немесе зақымдалған қуат беру
блогын пайдалану.
Түпнұсқалық қуат беру блогын пайдаланыңыз/
ақаулы қуат беру блогын ауыстырыңыз.
Үш жарықдиодты шам секундтық тактпен бірінен соң
бірі жанады.
Жұмыс барысында құрылғы тым қызып кеткен
(мыс., қоршаған орта температурасы жоғары
болғанда пайдаланған жағдайда).
Үзіліс жасап, құрылғының салқындауын күтіңіз.
206
Құрылғы өшірілсе:
Үзіліс жасап, құрылғының салқындауын күтіңіз.
Құрылғы салқындаған соң қайтадан қосылады.
Білікшелер тым құрғақ
Білікшелер дұрыс суланбаған.
Құрылғыны бір орында алға-артқа жылжыту
арқылы білікшелерді сулаңыз.
Тұщы су ыдысының астындағы сүзгі дұрыс емес
немесе мүлдем пайдаланылмайды.
Тұщы су ыдысының астындағы сүзгінің
құрылғыға дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
Ортасындағы сары түйрегі бар көбікпласт
жоғары қарай бағытталуы керек.
Нұсқау
Егер сүзгі жоқ болса, оны қосалқы бөлшек ретінде
тапсырыс беріп алуға болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы құралдар туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында
қолжетімді.
Бұйым кірді кетірмейді
Таза суға арналған бакте су жоқ.
Суды толтырып құйыңыз.
Таза су багы бұйымға дұрыс орнатылмаған.
Таза су багын бұйымда берік орнатылатындай
етіп салыңыз.
Тазалағыш білікшелер жоқ немесе дұрыс
орнатылмаған.
Тазалағыш білікшелерді салып қойыңыз да,
тазалағыш білікшелерді тірелгенше білікше
бекіткішіне бұрап бекітіңіз.
Тазалағыш білікшелер ластанған немесе тозған.
Тазалағыш білікшелерді тазалап шығыңыз.
немесе
Тазалағыш білікшелерді ауыстырыңыз.
Қосылмаған, қате мөлшерде қосылған немесе
жарамсыз тазалағыш құрал
Тек KÄRCHER тазалағыш құралын
пайдаланып, дұрыс мөлшерде қосылуын
қадағалаңыз.
Дірілді басы қақпағы қате орнатылған
Дірілді басы қақпағы дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз. Ол үшін қақпақты шешіп, қайтадан
кигізіңіз.
Дірілді басында жəне еденде көбіктің
Нұсқау
Жұмыс барысында еденде шамалы көбіктің
жиналуы қалыпты жағдай болып табылады жəне
функция мүмкіндігіне ешбір шектеу келтірмейді.
Көбік шектен тыс көп жиналса ғана (мысалы, еденде
көбік жолақтары пайда болса) қосымша шара
қолдану қажет болады.
Жарамсыз тазалағыш құрал немесе оны қате
мөлшерлеу.
Тек KÄRCHER тазалағыш құралын
пайдаланып, дұрыс мөлшерде қосылуын
қадағалаңыз.
Құрылғының жұмысы тазалағыш білікшелердегі
қоқыстарды тазартуға негізделген. Еденнің үстіне
жиналған қоқыстар мен тазалағыш құралдың
қалдықтары лас су сауытына жиналады. Кейбір
нақты жағдайларда бұл көпіршуге əкелуі мүмкін.
Лас суға арналған бакті, дірілді басы қақпағын
жəне тазалағыш білікшелерді тазалаңыз.
– 12
KK
түзілуі