Descargar Imprimir esta página

Bosch 0.601.64L.901 Manual Original página 121

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 24
OBJ_BUCH-1272-007.book Page 121 Wednesday, October 12, 2016 12:19 PM
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
 Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Қосу бүғаттамасын 6 солға басып электр құралын
кездейсоқ қосылып кеткеннен қорғаңыз.
Зарядталған аккумуляторды 12 разъемға бекітілгенін
және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз.
Қосу/өшіру (D суретін қараңыз)
Қосу бұғаттамасын 6 оңға басыңыз.
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 7 басып
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 7
жіберіңіз.
Сосын қосу бұғаттамасын 6 солға қайта басыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті 7 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының жүрістер санын біртіндеп
реттеуге болады.
Қажетті жүрістер саны дайындама және жұмыс
жағдайларына байланысты болуы мүмкін.
Ара полотносын дайындамаға қоюда және пластмасса,
алюминийді аралау кезінде жүрістер санын азайтқан
дұрыс.
Температураны бақылау/артқы жүктеу қорғанысы
индикаторы
Қызыл жарық диодтық көрсеткіш 10 акуумуляторды
қызып кетуден және қозғалтқышты артық жүктеуден
қорғауда көмектеседі.
Жарық диодтық көрсеткіш 10 үздіксіз қызыл жанса,
акуумулятор температурасы тым жоғары болып электр
құралы автоматты ретте өшеді.
– Электр құралды өшіріңіз.
– Жұмысты жалғастырудан алдын аккумуляторды
суытыңыз.
Жарық диодтық көрсеткіш 10 қызыл түсте
жыпылықтаса, электр құралы блокталған болып
автоматты өшеді.
– Электр құралын аспаптан тартып алыңыз.
Блокталу жойыллғаннан соң электр құралы реттелген
жүріс санымен жұмысын жалғастырады.
Пайдалану нұсқаулары
 Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
Bosch Power Tools
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Ұсыныстар
 Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде заң
нұсқауларын және материал өндірушісінің
ұсыныстарын орындаңыз.
Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдарында т.б. ине, бұранда
т.б. сияқты бөгде денелерді алып тастаңыз.
Электр құралын қосып өңделетін дайындамаға апарыңыз.
Тіреу тақтасын 2 дайындама сыртына қойып материалды
бір қалыпты ретте басып немесе жылжытып аралаңыз.
Жұмыс әдісін аяқтағаннн соң электр құралын өшіріңіз.
Ара полотносы тұрып қалса электр құралын бірден
өшіріңіз. Араланған аралықты сайкес аспаппен аз
кеңейтіп электр құралын шығарыңыз.
Қол арасы (E суретін қараңыз)
 Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон т.б. сияқты
жұмсақ материалдарды өңдеуге болады! Қол
арасымен метал заттарын өңдемеңіз!
Қол ара үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз.
Электр құралының тірек тақтасының 2 қырын
дайындамаға қойып қосыңыз. Жүріс басқаруы бар электр
құралдарда максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр
құралын қатты дайындамаға басып ара полотносын
ақырын дайындамаға кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы 2 толық бетімен дайындамада жатқанда
қажетті аралау сызығымен аралаңыз.
Белгілі жұмыстарда ара полотносын 1 180° бұрап (тістері
жоғары) қайта орнатуға болады.
Суытқыш/Майлау заттары
Металды аралау кезінде материал қызуы себебінен аралау
сызығында суытқыш немесе майлау затын жағу керек.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ
щеткамен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Назар аударыңыз! Қызмет көрсету мен тазалау
жұмыстарынан алдын электр құралын өшіріп қосу
бұғаттамасын 6 құлыптаңыз.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
1 609 92A 2PA | (12.10.16)
Қaзақша | 121

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gsa 10,8 v-li professional