Descargar Imprimir esta página

Metabo WEA 19-125 Q M-BRUSH IK Manual Original página 138

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 51
kk
ҚАЗАҚША
Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы
1. Сәйкестік бойынша
мәлімдеме
Жеке жауапкершілігімізбен жариялаймыз: түрі
мен сериялық нөмірі бойынша
сәйкестендірілетін осы бұрыштық ажарлағыш
*1) директивалардың *2) және стандарттардың
барлық тиісті қаулыларына *3). техникалық
құжаттамаларға сәйкес келеді *4) - 4-бетті
қараңыз.
2. Мақсатына сай пайдалану
Бұрыштық ажарлағыш түпнұсқа Metabo керек-
жарағымен бірге су пайдаланбай ажарлауға,
егеуқұм қағазымен ажарлауға, сым
қылшақтармен жұмыс істеуге және металл,
бетон, тас пен ұқсас материалдарды абразивті
кесуге арналған.
WEVA 15-125 Quick, WEVA 15-150 Quick,
сондай-ақ жеңіл жылтырату жұмыстары үшін
жарамды. Ұзақ мерзімді әрі талғампаз
жылтырату жұмыстары үшін біздің бұрыштық
жылтыратқышты пайдалануға кеңес береміз.
WEV... атты аспаптар айналу жиілігін реттеуге
арналған реттегіш дөңгелегінің арқасында сым
қылшақтармен жұмыс істеу үшін айрықша
жарамды.
Мақсатынан тыс пайдаланудан болған
зақымдар үшін пайдаланушыға ғана жауапты
болады.
Жалпыға анық қауіпсіздік техникасының
ережелерін және белгіленген қауіпсіздік
нұсқауларын орындау керек.
3. Қауіпсіздік техникасы
бойынша жалпы нұсқаулар
Жеке басыңызды және электрлік
құралыңызды қорғау үшін осы белгі
қойылған мәтіндік үзінділерді
ұстаныңыз!
ЕСКЕРТУ – Жарақат алу қаупін азайту
үшін пайдалану бойынша нұсқаулықты
оқып шығыңыз.
ЕСКЕРТУ: қауіпсіздік техникасы
бойынша барлық нұсқауларды және
жалпы нұсқауларды оқып шығыңыз.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды
және жалпы нұсқауларды орындамау ток соғу,
өрт және/немесе ауыр жарақат алу қаупін
тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық
нұсқауларды және жалпы нұсқауларды
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Электрлік құралыңызды тек қана осы
құжаттармен бірге табыстаңыз.
138
4. Қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқаулар
4.1
Ажарлау, егеуқұм қағазымен ажарлау,
сым қылшақтармен жұмыс істеу және
абразивті кесу кезіндегі қауіпсіздік
техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
Қолданыс
а) Аталмыш электрлік құралды ажарлағыш,
егеуқұм қағазы ажарлағышы, сым қылшақ
және абразивті кескіш құрылғы ретінде
пайдалану керек. Құрылғымен бірге алған
барлық қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар, нұсқамалар, суреттер мен
деректерді ұстаныңыз. Төмендегі нұсқаулар
орындалмаған жағдайда, ток соғу, өрт және/
немесе ауыр жарақат алу қауіптері туындауы
мүмкін. WEVA 15-125 Quick, WEVA 15-150
Quick, сондай-ақ жылтыратқыш ретінде
пайдаланылуы тиіс.
ә) Аталмыш электрлік құрал жылтырату
үшін жарамайды. Электрлік құрал үшін
жарамайтын жұмыстарды өткізу қауіпті
жағдайлар мен жарақаттануға апарып соғуы
мүмкін. (WEVA 15-125 Quick, WEVA 15-150
Quick үлгілеріне қолданылмайды.)
б) Өндіруші осы электрлік құрал үшін
арнайы әзірлеген және ұсынған керек-
жарақтардан басқасын пайдаланбаңыз.
Керек-жарақты электрлік құралыңызға бекіту
мүмкін болғанда ғана, қауіпсіз қолданысқа кепіл
беріледі.
в) Алмалы-салмалы құралдың рұқсат
етілген айналу жиілігі кем дегенде электрлік
құралда берілген ең жоғары айналу
жиілігімен бірдей болуы тиіс. Рұқсат
етілгеннен жылдам айналатын керек-жарақ
сынуы және шашылып кетуі мүмкін.
г) Алмалы-салмалы құралдың сыртқы
диаметрі мен қалыңдығы электрлік
құралыңыздың өлшем деректеріне сай келуі
тиіс. Қате өлшенген алмалы-салмалы құралды
жеткілікті түрде жабу немесе бақылау мүмкін
болмайды.
ғ) Бұрандалы ендірмесі бар алмалы-
салмалы құралдар ажарлағыш шпиндельдің
ирек оймасына дәл сәйкес келуі тиіс.
Фланец арқылы монтаждалатын алмалы-
салмалы құралдардың саңылау диаметрі
фланецтің бекіткіш диаметріне сәйкес келуі
тиіс. Электрлік құралға дәл бекітілмеген
алмалы-салмалы құралдар ауытқымалы түрде
айналады, қатты дірілдейді және бақылау
мүмкіндігінен айырылуға апарып соғуы мүмкін.
д) Зақымдалған алмалы-салмалы
құралдарды пайдаланбаңыз. Әр пайдалану
алдында ажарлағыш дөңгелектер сияқты
алмалы-салмалы құралдарда
жарықшақтардың және сызаттардың бар-
жоғын, тіреуіш ажарлағыш табақшаларда
сызаттар, тозу немесе қатты ескірудің бар-

Publicidad

loading