Descargar Imprimir esta página

Metabo WEA 19-125 Q M-BRUSH IK Manual Original página 140

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 51
kk
ҚАЗАҚША
в) Бұрыштар, өткір жиектер және т.б.
аймағында айрықша сақтықпен жұмыс
істеңіз. Алмалы-салмалы құралдың
дайындамадан ұшып кетуіне және қысылып
қалуына жол бермеңіз. Айналмалы алмалы-
салмалы құрал бұрыштарда, өткір жиектерде
немесе секіріп қалған жағдайда қысылуға бейім.
Бұл бақылау мүмкіндігінен айырылуға немесе
кері соққыға апарып соғады.
г) Шынжырлы немесе тісті ара төсемін
пайдаланбаңыз. Мұндай алмалы-салмалы
құралдар жиі кері соққыға немесе электрлік
құралды бақылау мүмкіндігінен айырылуға
апарып соғады.
4.3
Ажарлау және абразивті кесу кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша
арнайы нұсқаулар:
а) Тек электрлік құрал үшін мақұлданған
абразивті құралдарды және тиісті абразивті
құралға арналған қорғаныш қалпақты
пайдаланыңыз. Электрлік құралға арналмаған
абразивті құралдарды жеткілікті түрде жабу
мүмкін болмайды және олар қауіпті болып
табылады.
ә) Иілген ажарлағыш дөңгелектерді
ажарлайтын беті қорғаныш қалпақ жиегінің
астында болатындай етіп орнату керек.
Қорғаныш қалпақ жиегінен жоғары тұрған, қате
орнатылған ажарлағыш дөңгелектерді тиісінше
жабу мүмкін болмайды.
б) Қорғаныш қалпақ электрлік құралға берік
орнатылуы және ең жоғары қауіпсіздік
мақсатында абразивті құралдың барынша
шағын бөлігі пайдаланушыға ашық болып
тұратындай етіп реттелуі тиіс. Қорғаныш
қалпақ пайдаланушыны сынықтардан,
абразивті құралмен кенет жанасудан және
киімді тұтандыра алатын ұшқыннан қорғауға
көмектеседі.
в) Абразивті құралдарды тек ұсынылатын
мақсатына сәйкес қолдануға болады.
Мысалы: еш жағдайда кескіш дөңгелектің
бүйірлік бетімен ажарламаңыз. Кескіш
дөңгелектер материалды дөңгелектің жиегімен
алуға арналған. Кескіш дөңгелекке бүйірінен
күш қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
г) Әрдайым зақымдалмаған қыспа фланецті
пайдаланыңыз, оның өлшемі мен пішіні
таңдалған ажарлағыш дөңгелекке сәйкес
келуі тиіс. Жарамды фланецтер ажарлағыш
дөңгелек үшін тірек болып табылады және
осылайша оның сынып қалу қаупін азайтады.
Ажарлағыш дөңгелектерге арналған фланецтер
басқа ажарлағыш дөңгелектерге арналған
фланецтерден өзгешеленуі мүмкін.
ғ) Үлкенірек электрлік құралдардың тозған
ажарлағыш дөңгелектерін пайдаланбаңыз.
Үлкенірек электрлік құралдарға арналған
ажарлағыш дөңгелектер шағын электрлік
құралдардың жоғары айналу жиілігіне
жобаланбаған және сынуы мүмкін.
140
4.4
Абразивті кесу кезіндегі қауіпсіздік
техникасы бойынша қосымша арнайы
нұсқаулар:
а) Кескіш дөңгелектің сыналануына немесе
тым жоғары басу қысымына жол бермеңіз.
Тым терең кесік жасамаңыз. Кескіш
дөңгелекке артық жүктеменің түсуі оның артық
керілісіне және қиғаштануға немесе сыналануға
әкеліп, абразивті құралдың керіс соққы немесе
сыну мүмкіндігін арттырады.
ә) Айналып тұрған кескіш дөңгелектің
алдында және артында тұрмаңыз. Егер
кескіш дөңгелекті дайындамамен бірге өзіңізден
ары жылжытсаңыз, кері соққы жағдайында
электрлік құрал айналып тұрған дөңгелекпен
бірге тура өзіңізге қарай лақтырылуы мүмкін.
б) Кескіш дөңгелек қысылып қалса немесе
жұмысты тоқтатсаңыз, құрылғыны өшіріңіз
де, дөңгелек толық тоқтағанша қолыңызда
ұстай тұрыңыз. Әлі айналып тұрған кескіш
дөңгелекті кесіктен шығарып алуға әрекет
жасамаңыз, әйтпесе кері соққы туындауы
мүмкін. Қысылу себебін анықтап жойыңыз.
в) Электрлік құрал дайындамада орналасса,
оны қайта қоспаңыз. Алдымен кескіш
дөңгелекке толық айналу жиілігіне жетуге
мүмкіндік беріңіз, тек содан кейін кесу
әрекетін абайлап жалғастырыңыз. Кері
жағдайда дөңгелек ұсталып қалуы,
дайындамадан секіріп кетуі немесе кері соққы
тудыруы мүмкін.
г) Кескіш дөңгелектің сыналануынан кері
соққы қаупін азайту үшін тақталар мен үлкен
дайындамаларды өңдеген кезде тіреп
қойыңыз. Үлкен дайындамалар өз салмағының
әсерінен майысып қалуы мүмкін. Дайындаманы
дөңгелектің екі жағынан, әсіресе кесік пен
жиектің жанында тіреп қою керек.
ғ) Бар қабырғаларда немесе басқа да
көрінбейтін аймақтарда текше кескен кезде
ерекше мұқият болыңыз. Батырылатын
кескіш дөңгелек газ немесе су құбырларын,
электрлік сымдарды немесе басқа нысандарды
кескен кезде кері соққы тудыруы мүмкін.
4.5
Егеуқұм қағазымен ажарлау кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша
арнайы нұсқаулар:
а) Өлшемдері шамадан артық
қажақсыдырғыларды пайдаланбаңыз, оның
орнына қажақсыдырғы өлшемдері бойынша
өндіруші мәліметтеріне назар аударыңыз.
Тіреуіш ажарлағыш табақшалардан шығып
тұратын қажақсыдырғылар пайдаланушыға
жарақат тигізуі мүмкін және бұғатталуға,
қажақсыдырғылардың үзілуіне немесе кері
соққыға апарып соғуы мүмкін.
4.6
Тек WEVA 15-125 Quick, WEVA 15-150
Quick үшін: жылтырату кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша
арнайы нұсқаулар:
Қалпақтың бөліктерін, әсіресе бекіткіш
өзектерді бос қалдырмаңыз. Бекіткіш
өзектерді орналастырыңыз немесе

Publicidad

loading