Descargar Imprimir esta página

Metabo WEA 19-125 Q M-BRUSH IK Manual Original página 141

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 51
қысқартыңыз. Бос жатқан, өздігінен айналып
тұрған бекіткіш өзектер саусағыңызды ұстап
қалуы немесе дайындамада тұрып қалуы
мүмкін.
4.7
Сым қылшақтармен жұмыс істеу
кезіндегі қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқаулар:
а) Сым қылшақ әдеттегідей пайдаланылған
кезде де, оның ішінен сым бөлшектері
түсетінін ескеріңіз. Сымдарға тым жоғары
басу қысымы арқылы артық жүктеме
түсірмеңіз. Ұшпа сым бөлшектері жұқа киім
және/немесе тері арқылы оңай кіріп кетуі
мүмкін.
ә) Қорғаныш қалпақты пайдалануға кеңес
берілсе, қорғаныш қалпақ пен сым
қылшақтың жанасуына жол бермеңіз.
Тәрелкелі және табақшалы қылшақтардың
диаметрі басу қысымы мен ортадан тепкіш
күштің әсерінен ұлғаюы мүмкін.
4.8
Қауіпсіздік техникасы бойынша
қосымша нұсқаулар:
ЕСКЕРТУ – Әрдайым қорғаныш
көзілдірікті тағып жүріңіз.
ЕСКЕРТУ – электрлік құралды әрдайым
екі қолмен пайдаланыңыз.
Иілгіш төсемелерді ажарлағыш құралмен бірге
жеткізілген және талап етілген жағдайда
қолданыңыз.
Құрал мен керек-жарақ өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз! Дөңгелектерді май
мен соққыдан қорғаңыз!
Ажарлағыш дөңгелектерді өндірушінің
нұсқауларына сәйкес ұқыпты сақтау және
қолдану керек.
Ешқашан кескіш дөңгелектерді сиыра ажарлау
жұмыстары үшін пайдаланбаңыз! Кескіш
дөңгелектерге бүйірлік қысым қолдануға тыйым
салынады.
Дайындаманы, мысалы, қысқыш
құрылғылардың көмегімен берік бекіту және
жылжып кетуден қорғау керек. Үлкен
дайындамаларды жеткілікті түрде тіреп қою
керек.
Бұрандалы ендірмесі бар алмалы-салмалы
құралдар пайдаланылған кезде, шпиндель ұшы
ажарлағыш құрал саңылауының түбіне тимеуі
тиіс. Алмалы-салмалы құрал ирек оймасының
ұзындығы шпиндель үшін жеткілікті екендігіне
көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы құралдың ирек
оймасы шпиндельдің ирек оймасына сәйкес
келуі тиіс. Шпиндель ұзындығы мен шпиндель
ирек оймасын 4-беттен және «Техникалық
деректер» атты 14.-бөлімнен қараңыз.
Стационарлық сорғыш құрылғыны пайдалануға
кеңес беріледі. Әрдайым макс. жылыстау тогы
30 мА құрайтын FI автоматты ажыратқышын
(RCD) алдын ала қосыңыз. Бұрыштық
ажарлағыш FI автоматты ажыратқышы арқылы
өшірілген жағдайда, аспапты тексеру және
тазалау керек. «Тазалау» атты 9.-бөлімді
қараңыз.
Зақымдалған, деформацияға ұшыраған немесе
дірілдейтін құралдарды пайдалануға тыйым
салынады.
Газ немесе су құбырларының, электрлік
желілердің және көтергіш қабырғалардың
(статика) зақымдалуына жол бермеңіз.
Қандай да бір реттеу, қайта жабдықтау немесе
техникалық қызмет көрсету әрекетін орындамас
бұрын желілік ашаны розеткадан шығарып
алыңыз.
Metabo S-automatic сақтандырғыш муфтасы.
Сақтандырғыш муфта іске қосылған жағдайда,
аспапты дереу өшіріңіз!
Зақымдалған немесе жарықшақтары бар
қосымша тұтқышты алмастыру керек. Қосымша
тұтқышы бұзылған аспапты пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе жарықшақтары бар
қорғаныш қалпақты алмастыру керек. Қорғаныш
қалпағы бұзылған аспапты пайдаланбаңыз.
Шағын дайындамаларды бекітіңіз. Мысалы,
оларды білдек қысқышында қысыңыз.
Шаң жүктемесін азайту:
ЕСКЕРТУ - Егеуқұм қағазымен ажарлау,
аралау, ажарлау, бұрғылау және басқа да
жұмыстарды өткізген кезде пайда болатын
шаңның кейбір түрлері обырды, туа біткен
кемістіктерді немесе көбею жүйесінің басқа да
зақымдарын тудыратыны белгілі химиялық
заттарды қамтиды. Мұндай химиялық
заттардың бірнеше мысалы:
- қорғасын қамтитын бояу ішіндегі қорғасын,
- құрылыс кірпіші, цемент пен басқа кірпіш қалау
заттектерінен пайда болатын минералды шаң
және
- химиялық жолмен өңделген сүректегі күшәла
және хром.
Тәуекел дәрежесі мұндай жұмыстардың түрі
қаншалықты жиі орындалатындығына тәуелді.
Мұндай химиялық заттардың әсерін азайту
үшін: жеткілікті түрде желдетілген жайларда
жұмыс істеңіз және жұмыс барысында
микроскопиялық бөлшектерді сүзгілеу үшін
арнайы әзірленген респиратор сияқты жеке
қорғаныс жабдығын қолданыңыз.
Бұл ереже басқа материалдардан, мысалы,
сүректің белгілі бір түрлерінен (емен немесе
шамшат сүрегінің шаңы), металдан, асбесттен
пайда болатын шаңға да қатысты болып келеді.
Басқа белгілі сырқаттарға, мысалы,
аллергиялық реакциялар және тыныс алу
жолдарының сырқаттары жатады. Шаңның
денеге енуін болдырмаңыз.
Материалыңыз, қызметкерлер, жұмыс жағдайы
мен жұмыс орны бойынша қолданылатын
директиваларды және ұлттық нұсқамаларды
сақтаңыз (мысалы, еңбекті қорғау ережелері,
кәдеге жарату).
Пайда болатын бөліктерді дәл сол жерде
жинаңыз, қоршаған ортаға түсуіне жол
бермеңіз.
ҚАЗАҚША kk
141

Publicidad

loading