B-500 Моделі тасымалданатын құбыр тегістеу білдегі
Сым орнын үздіксіз бақылаңыз (тек қиғаш кесу құралын
жылжыту) және қиғаш кесу құралын жұмыс нысанында
бақылаңыз. Сымның бұрғылау басынан алшақ
тұрғанынан көз жеткізіңіз. Қиғаш кесу пішіні алынғаннан
кейін, алмастыру қаптамасының құбыр не пластина
шетіне дейін толы екеніне көз жеткізіңіз. Айналдыру
тұтқасын айналдыруды тоқтатып, ӨШІРУ түймесін (O)
басыңыз. Егер:
• Алмастырылатын қаптамасы бұйымнан алшақ
жылжыса.
• Фрезаның бұйымда пайдаланылып жатпағанына көз
жеткізіңіз.
• Процесті кез келген себеп бойынша тоқтату қажет
болуы мүмкін.
Бұл қиғаш кесу құралының бұйымды бақылауын
болдырмауға көмектеседі. Қиғаш кесуді жалғастыру
үшін процедураны бірінші қадамнан бастап қайталаңыз.
Қиғаш кесу аяқталғанша тұтқаны айналдыра беріңіз.
11. Қиғаш кесуді орындағаннан кейін, ӨШІРУ түймесін (O)
басып, бұрғылау басының толығымен тоқтатылғанына
көз жеткізіңіз. Қиғаш кесу құралын ұзартқыш сымнан
ажыратыңыз (Тек қиғаш кесу құралын жылжыту).
12. Бұрғылау басын құлыптан босату үшін тақтайшаның
қысқыш бұрандасын босатыңыз.
13. Үңгуіш машинаның беру бөлігі бұрандасын пайдалану
арқылы бұрғылау басын толығымен қайтарыңыз.
14. Қиғаш кесу құралының және жұмыс нысанының
бекітілгеніне көз жеткізіп, құбырды босататын иіндерді
ашу үшін қамыт бұрандасын босатыңыз.
15. Қиғаш кесу құралын және жұмыс нысанын бөліңіз.
Құбырдың өткір жиектерінен абай болыңыз. Ендірмелер
зақымын болдырмау үшін кескіш бастиегін құбырмен
соқпаңыз.
Техникалық қызмет көрсету
нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Қиғаш кесу құралының ажыратылғанын тексеріп, қандай
да бір техникалық қызмет көрсетпес не реттеулер жасамас
бұрын ӨШІРУ түймесін басыңыз.
Үнемі көзді қорғау құралын киіп жүріңіз.
Электр тогінің соғуы, шатысуы және басқа себептерге
байланысты жарақат алу қаупін азайту үшін осы
процедуралар
бойынша
пайдаланыңыз.
Тазалау
Әр қолданыстан кейін, барлық сынықтарын, әсіресе,
манипулятор, бағыттауын планкалар немесе беру бөлігінің
бұрандасы сияқты қатысты тасымалдау аймақтарын жұмсақ,
таза матамен не щеткамен сүртіңіз. Қозғалтқыш дренажынан
барлық шаң мен шөгінділерді тазалаңыз.
442
ққиғаш
кесу
құралын
Жетек білікшесінің доңғалақшасын сымды щеткамен
тазалаңыз (22-суретті қараңыз.)
22-сурет – Жетек білікшесінің доңғалақшасын
тазалау
Майлау
Ай сайын (немесе, қажетінше жиі-жиі) барлық сыртқы
қозғалмалы бөлшектерін (мысалы, беру бөлігі бұрандасы,
қысқыш бұранда мен айналу нүктелері) жеңіл маймен
майлаңыз. Сыртқы беттерінен артық майды сүртіңіз.
Қорғаныс пластинасындағы екі майсауыт және жетек
білікшесіндегі бір майсауыт үшін артық қысымды ("EP") литий
майын пайдаланыңыз. (23-суретті қараңыз.) Азғантай
көлемі шыққанша майды жағыңыз (тақтайшаның және жетек
түйінінің ұшына).
23-сурет – Майсауыт
Алмалы-салмалы тістерді айналдыру/
ауыстыру
Егер ұшы өтпейтін, ескі не сынған болса, тістерді айналдыру
не ауыстыру керек. Ұзақ уақыт кесу тістің ескіргенін білдіреді.
Тістерін пайдалану кезінде мұқият болыңыз. Тістеррдің
бір біріне тиюіне немесе басқа қатты беттерге тиюіне жол
бермеңіз, олар сынуы немесе зақымдануы мүмкін.
Майсауыт
999-995-045.09_REV. F