Electrolux ENN3153AOW Manual De Instrucciones página 49

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles

Idiomas disponibles

2.1 Қосу
Құрылғы ашасын розеткаға қосқан соң
бейнебет жанбаса, ON/OFF түймешігін
басыңыз.
Құрылғы іске қосыла салысымен басқару
панелінде келесі шамдар пайда болады:
• Нөлден жоғары не төмен температураны
көрсеткіш, температураның нөлден жоғары
екендігін көрсетіп тұрады
• температура жыпылықтап, бейнебет фоны
қызыл түске енеді де, сигнал естіледі.
Функция түймешігін басыңыз, сонда сигнал
өшеді (сонымен қатар, "Артық температураны
ескерту сигналы" тарауын қараңыз).
Қажетті температураны
орнатыңыз("Температураны реттеу" тарауын
қараңыз).
2.2 Сөндіру
Құрылғы ON/OFF түймешігін 1 секундтан
артық басқанда өшеді.
Осыдан кейін температураның -3 -2 -1-ден
басталатын кері санағы көрсетіледі.
Құрылғыны өшірген кезде, бейнебет те өшеді.
2.3 Тоңазытқыш бөлікті сөндіру
Тоңазытқыш бөлікті сөндіру үшін Тоңазытқыш
температурасының тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы "O" қалпына дейін бұраңыз.
Тоңазытқыш бөлік жұмыс істей береді.
Тоңазытқыш бөлік жабылғаннан кейін
мұздатқыштың температурасы ғана
көрсетіледі.
Бұндай жағдайда мұздатқыш бөліктің ішіндегі
шам сөніп тұрады.
2.4 Температура индикаторы
Тоңазытқыш-мұздатқыш температурасының
индикаторы басылған сайын бейнебетте
бірінен кейін бірі көрсетіледі:
1.
– Тоңазытқыш бөліктің индикаторы
қосулы.
– Бейнебетте тоңазытқыштың ең соңғы
орнатылған температурасы
көрсетіледі.
– Тоңазытқыш бөліктің индикаторы
2.
3)
қосулы.
– Бейнебетте мұздатқыштың ең соңғы
орнатылған температурасы
көрсетіледі.
3) Қалыпты жағдайда.
2.5 Функциялар мәзірі
Функция түймешігін әр басқан сайын
төмендегі функциялар сағат тілінің бағытымен
іске қосылады:
• Action Freeze функциясы
• Shopping функциясы
• FreeStore функциясы
• символ жоқ: қалыпты жұмыс.
Бір мезгілде бір функцияны ON
(қосулы) қалпына қоюға болады.
Функцияларды OFF (сөндірулі) қалпына қою
үшін Function (функция) түймешігін ешқандай
белгіше болмағанша бірнеше рет басыңыз.
2.6 Температураны реттеу
Құрылғының ішіндегі температура
Температура тетігінің көмегімен
басқарылады.
Тоңазытқыш бөліктің температурасын
Тоңазытқыш температурасының тетігімен
реттеуге болады және ол +2°C және +8°C
градус аралығы шамасында болады.
Мұздатқыш бөліктің температурасын
Мұздатқыш температурасының тетігімен
реттеуге болады және ол -15°C және -24°C
градус аралығы шамасында болады.
Тағамды дұрыс сақтау үшін келесі
температураларды орнату керек:
тоңазытқышта +5°C
мұздатқышта -18°C.
Қалыпты жұмыс жасап тұрған кезде,
Температура индикаторы ағымдық
температураны көрсетеді.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
• суықтықты ең жоғары мәнге қою үшін
Температура тетігін сағат тілінің бағытымен
бұраңыз
• ең аз суықтық мәніне қою үшін
Температура тетігін сағат тілінің бағытына
қарсы бұраңыз.
Осы екеуінің аралығы әдетте неғұрлым
оңтайлы температура деп саналады.
Дегенмен, дәл мәнді құрылғының ішіндегі
температураның төмендегі жағдайларға
тәуелді болатынын ескеріп таңдау керек:
• бөлме температурасы
• есіктің қаншалықты жиі ашылатыны
• сақталатын тағамның мөлшері
• құрылғы орналасқан жер.
ҚАЗАҚ
49

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido