Пайдалы Нұсқаулар Менен Кеңестер - Electrolux ENN3153AOW Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles

Idiomas disponibles

3.11 FreeStore
4. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
4.1 Қуатты үнемдеуге қатысты
ақыл-кеңес
• Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан
артық уақыт ашып тұрмаңыз.
• Орта температурасы жоғары болса,
температура регуляторы ең жоғарғы
параметрге қойылса және тоңазытқыш
ішіне тамақ толтырылса салынса,
компрессор буландырғыш құралдың үстіне
мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін.
Бұндай жағдай орын алса, температура
регуляторын құрылғы электр қуатын
үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі
көрсеткішке қойыңыз.
4.2 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық
заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
• тағамның бетін жабыңыз не оны орап
салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
• тағамды ауа оның айналасында еркін
айнала алатындай етіп орналастырыңыз
Тоңазытқыш камера тағамдарды жылдам
суытып, камера ішіндегі температураны
барынша біркелкі ұстауға көмектесетін
құралмен жабдықталған.
Бұл құрал қажетті болғанда өздігінен іске
қосылады, мысалы есік ашылғаннан кейін
немесе бөлме температурасы жоғары болған
кезде температураны жылдам қалпына
келтіреді.
Қажет болғанда құралды қолмен қосуға
мүмкіндік береді ("FreeStore функциясы"
тарауын қараңыз).
FreeStore құралы есік ашық кезде тоқтайды
да, есік жабылғаннан кейін дереу іске
қосылады.
4.3 Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап
көкөніс суырмасының үстіңгі жағындағы шыны
сөреге қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек
бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.:
бұлардың бетін жауып кез келген сөреге
қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият
тазалап арнайы сөреге (лер) салу қажет.
Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа
өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий
қағазға не полиэтилен қалтаға орап,
мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет.
Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын
жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға
қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен
сарымсақты тоңазытқышта ұстауға болмайды.
4.4 Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді
жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер
берілген:
ҚАЗАҚ
53

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido