– сақтандырғыш құрылғылар
(мысалы, резеңке жиекпен
лақтырманың қақпағы, корпус, бас
тұтқа, қозғалтқышты тоқтату тұтқасы)
мінсіз күйде екенін жəне тиісінше
қызмет ететінін,
– шөп жинағышта (керек-жарақ –
жеткізілім жинағына кірмейді)
зақымдалған жерлердің бар-жоғын
жəне дұрыс орнатылғандығын –
зақымдалған шөп жинағышты
қолдануға болмайды.
Қажет болса, барлық қажетті
жұмыстарды орындаңыз немесе
делдалға хабарласыңыз. VIKING
компаниясы VIKING делдалдарын
ұсынады.
4.6 Жұмыс уақытында
Жануарлар немесе құстар,
əсіресе балалар қауіпті
аумақта болғанда, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Құралдағы орнатылған алмастырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды. Атап айтқанда,
қозғалтқышты тоқтату тұтқасын
меңгерікке ешқашан бекітпеңіз
(мысалы, байлау арқылы).
Тұтқасы тиісті тұрпатта монтаждалуға
тиіс, құрылымына еш өзгеріс енгізуге
болмайды. Тұтқасы жиналып қойылған
көгалшапқышты ешқашан
қолданбаңыз.
Ешбір жағдайда заттарды меңгерікке
қыстырмаңыз (мысалы, жұмыс киімін).
Ұзартқыш кабель меңгерікке оратылып
қалмауын қадағалаңыз.
414
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
жəне əсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Бұйымды жаңбырдың астына
қалдырмаңыз.
Құрылғыны қосу:
«Құрылғыны іске қосу» бөліміндегі
нұсқауларды сақтай отырып,
құрылғыны абайлап қосыңыз. (
Аяқтар пышақтардан əрқашан жеткілікті
қашықтықта болуын қадағалаңыз.
Іске қосу алдында əрқашан аэратор
блогын тасымалдау күйіне орнатыңыз.
Қосқан кезде құрылғы тегіс жерде тұруы
тиіс.
Сөндірер алдында жəне қосу
процессінде құрылғы аударулы күйде
болмауы тиіс.
Лақтырманың науасы лақтырманың
қақпағымен немесе шөп жинағышпен
(керек-жарақ – жеткізілім жинағына
кірмейді) жабылмаған болса, электр
қозғалтқышты қоспаңыз.
Қысқа уақыт аралығында, жиі қосуды,
атап айтсақ қосу түймешігін қайта-қайта
басып «ойнамаған» жөн. Электр
қозғалтқышының қызып кету қаупі!
Ұсақтағышты қосу салдарынан болған
қуаттың тұрақсыздығы үшін желінің
белгілі бір параметрлерінде осы электр
желісіне қосылған басқа құрылғылар
істен шығуы мүмкін. Бұл жағдайда
сəйкес əрекеттерді орындау қажет
(мысалы, құрылғыны басқа электр
желісіне немесе кедергісі ең төмен
желіге қосуға болады).
Еңістерде жұмыс істеу:
Еңіс жерде тек көлденең бағытта
қозғалуға болады, бірақ бойлай
қозғалмаңыз.
Егер пайдаланушы, еңістің бойымен
жұмыс істеген кезде оны басқара алмай
қалған болса, қопсытып жатқан құрылғы
аударылып кетуі мүмкін.
Егер Сіз қозғалыс бағытын жүріп жатқан
кезде өзгертетін болсаңыз, өте сақ
болыңыз.
Еңіс жерде жұмыс істеген кезде
шапқыштың орнықтылығын байқап
10.)
тұрыңыз, өте еңіс жердегі шөпті
шаппаңыз.
Қауіпсіздік түсінігіне орай, құрылғыны
25° (46,6 %) жоғары болатын еңіс жерде
асып қойып жұмыс істеуге болмайды.
Жарақат алу қаупі бар!
25° ылди тіктігі - 46,6 см тік өріне жəне
100 см көлденең ұзындығына сай
келеді.
Жұмыстың басталуы:
Назар аударыңыз – жарақат
алу қаупі бар!
Айналатын бөліктердің үстіне
0478 670 9902 H - KK