Пайдалану Түрлері; Нивелирлеу Автоматикасы - Bosch GLL 2-80 P Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GLL 2-80 P Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 23
OBJ_BUCH-907-005.book Page 115 Monday, July 4, 2016 2:41 PM
Өшу автоматикасын өшіру
Егер шам. 30 мин соң өлшеу құралында ешбір түйме
басылмаса, өлшеу құралы батерея зарядын сақтау үшін
автоматты өшкені.
Өлшеу құралын автоматты өшуден соң қайта қосу үшін,
қосқыш/ажыратқышты 7 алдымен "off" күйіне
жылжытып, сосын өлшеу құралын қайта қосуға немесе
жұмыс түрі пернесін 5 немесе пульстік функция пернесін
3 бір рет басуға болады.
Өшу автоматикасын өшіру үшін (өлшеу құралы қосулы
болғанда) жұмыс түрлері пернесін 5 кемінде 3 сек басып
ұстаңыз. Өшу автоматикасы өшкен болса лазер сәулелері
растау үшін қысқа уақыт жыпылықтайды.
Автоматты өшуді белсенді ету үшін өлшеу құралын өшіріп,
қайта қосыңыз немесе оның орнына жұмыс түрлері
пернесін 5 кемінде 3 сек. басып ұстаңыз.
Сигналдық дыбысты өшіру
Өлшеу құралы қосылғанда сигналдық дыбыс әрдайым
қосулы болады.
Сигналдық дыбысты өшіру немесе қосу үшін жұмыс
түрлері пернесі 5 мен пульстік функция пернесін 3 бірдей
басып кемінде 3 сек. ұстаңыз.
Белсендендіру мен өшіруді де растау үшін қысқа
сигналдық дыбыстар шығады.
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында үш жұмыс түрі бар, оларды әрқашан
ауыстыруға болады.
– Горизонталды жұмыс: көлденең лазер жазықтығын
жасайды,
– Вертикалды жұмыс: тік лазер жазықтығын жасайды,
– Қиысу жұмысы: көлденең мжәне тік лазер
жазықтықтарын жасайды.
Қосудан соң өлшеу құралы горизонталды жұмыста
болады. Пайдалану түрін ауыстыру үшін пайдалану
түрлері пернесін 5 басыңыз.
Үшпайдалану түрлерінің барлығын нивелирлеу
автоматикасымен немесе онсыз таңдауға болады.
Пульстік функция
Лазер қабылдауышымен 17 жұмыс істеу үшін – пайдалану
түріне – байланыссыз пульстік функцияны белсендіруге
болады.
Пульстік функцияда лазер сызықтары жоғары жиілікте
жыпылықтап, лазер қабылдауышы үшін 17 көрінетін
болады.
Пульстік функцияны қосу үшін 3 түймешесін басыңыз.
Пульстік функция қосулы болса көрсеткіш 4 жасыл
жанады.
Адам көзі үшін пульстік функция қосулы болғанда лазер
сызықтарының көрінісі төмендетіледі. Лазер
қабылдауышысыз жұмыс істегенде пульстік функциясын
3 түймешесін қайта басып өшіріңіз. Пульстік функция
өшірулі болғанда 4 көрсеткіші өшеді.
Bosch Power Tools
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденең жылжымайтын табанға қойып
19 ұстағышқа немесе 22 штативіне бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін
қосқыш/өшіргішті 7 төмендегі функцияға жылжытыңыз
"
on".
Нивелирлеу автоматикасы ±4° өз нивелирлеу
аймағындағы тегіс еместіктерді автоматты тегістейді.
Лазер сызықтары басқа қозғалмаса нивелирлеу аяқталды.
Автоматты нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы өлшеу
құралы тұрған табан көлденең сызықтан 4° көп ауыған
болса лазер сызықтары жылдам жыпылықтайды.
Сигналдық дыбыс белсенді болса максималды 30 сек
сигналдық дыбыс жылдам тактта дыбыс шығарады.
Қосудан соң 10 сек ішінде бұл дабыл өлшеу құралын
туралауға мүмкіндік беру үшін өшеді.
Өлшеу құралын көлденең қойып, өз нивелирлеу аяқтал-
ғанша күтіңіз. Өлшеу құралы өз нивелирлеу аймағында
±4° тұрса лазер сызықтары үздіксіз жанып, сигнал
дыбысы өшеді.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа
нивелирлеуден соң қателердің алдын алу үшін көлденең
немесе тік лазер сызығының күйін негізгі нүктелерге
салыстырып тексеріңіз.
Нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істеу
Нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істеу үшін қосқыш/
өшіргішті 7 "
on" күйіне жылжытыңыз. Нивелирлеу
автоматикасы өшік болғанда 6 көрсеткіші қызыл түсте
жанып лазер сызықтары 30 сек жай жыпылықтайды.
Нивелирлеу автоматикасы өшкенде өлшеу құралын еркін
қолда ұстау немесе қисайған табанға қою керек. Айқыш-
ұйқыш сызықтармен жұмыс істегенде екі лазер сызығы
бір біріне перпендикуляр ретте болмауы мүмкін.
Нивелирлеу дәлдігі
Дәлдікке әсер ететін жағдайлар
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Еден жағынында температура өзгерістері қатты болғаны
үшін өлшеу құралын 20 м қашықтықтан бастап штативке
орнату керек. Өлшеу құралын мүмкіншілік бойынша
жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Алдымен көлденең лазер сызығының нивелирлеу дәлдігін
тексеріп сосын тік лазер сызығының нивелирлеу дәлігін
тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеруде максималды ауытқуды
арттырса, оны Bosch сервис орталығында жөндетіңіз.
Қaзақша | 115
1 609 92A 1YU | (4.7.16)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido