• Өнімді ешқашан сатыда немесе баспалдақта тұрып пайдаланбаңыз. Иық
биіктігінен жоғары пайдаланбаңыз.
• Шаршаған немесе əлсіреген кезде жұмысты тоқтатыңыз. Күшіңізді қалпына
келтіру үшін, тұрақты түрде үзіліс жасап тұрыңыз. Өнімді пайдаланған кезде,
зейін қоймау салдарынан ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
• Шаршаған, ауырған кезде, ішімдік немесе есірткі қабылдаған жағдайда,
құрылғыны пайдаланбаңыз
• Сырғанамайтын аяқ қорғанысын, сонымен бірге денеде тығыз тұратын
киімдерді киіңіз
• Барлық дене мүшелерін ара шынжырынан алшақ ұстаңыз. Ара шынжыры
қозғалып тұрған кезде, кесілген материалдарды алмаңыз немесе кесілетін
материалдарды ұстамаңыз. Кептеліп қалған материалды тазалау кезінде,
ажыратып-қосқыштың өшірілгенін тексеріңіз. Өнімді пайдаланған кезде,
зейін қоймау салдарынан ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
• Өнімді пайдаланған кезде, дененің барлық бөліктерін ара шынжырынан
алыс ұстаңыз. Өнімді іске қоспас бұрын, аралау шынжырына ешбір заттың
тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз. Өнімдерді пайдаланған кезде зейін қоймау
салдарынан киіміңіз немесе денеңіз ара шынжырына оралып қалуы мүмкін.
• Əрқашан жұмыс кезінде өнімді екі қолыңызбен тұтқасынан жəне жұмсақ
ұстағышынан ұстаңыз. Өнімді тек бір қолмен немесе ұстауға арналмаған
бөліктерінен ұстау дене жарақатын алу қаупін арттырады, сондықтан
құралды ешқашан олай ұстауға болмайды.
• Қорғаныш көзілдірігі мен құлаққа арналған қорғаныс құралын киіңіз. Басқа,
қолға, аяқ пен табанға арналған қосымша қорғаныс жабдығы ұсынылады.
Тиісті қорғаныс киімі қалдықтардың тиіп кетуінен немесе ара шынжырымен
кездейсоқ жанасудан болатын дене жарақаттарын алу қаупін азайтады.
• Өнімді ағашта пайдаланбаңыз. Өнімді ағашта пайдалану жарақат алуға
əкелуі мүмкін.
• Өнімді əрқашан тұрақты қалпыңызды сақтап, бекітілген, тұрақты жəне тегіс
бетте тұрғанда ғана пайдалаңыз. Тайғақ немесе тұрақсыз беттер тепе-
теңдікті немесе өнімді басқаруды жоғалтуға əкелуі мүмкін.
• Өнім өшірулі жəне денеңізден алшақ болған кезде жұмсақ ұстағышынан
ұстаңыз. Өнімді тасымалдау немесе сақтау кезінде əрқашан шина қабын
орнатыңыз. Өнімді дұрыс қолдану жылжымалы ара шынжырының кездейсоқ
тиіп кету ықтималдығын азайтады.
• Майлау, шынжырды керу жəне керек-жарақтарды ауыстыру үшін
нұсқауларды орындаңыз. Дұрыс емес керілген немесе майланған шынжыр
үзіліп кетуі немесе кері соққының орын алу ықтималдығын арттыруы мүмкін.
225
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN