Ariston LYDOS ECO 100 V 2K EU Manual De Instrucciones página 168

Calentadores eléctricos
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 29
KZ
АСПАПТАРДЫ ЖИНАҚТАУ ЖӨНIНДЕГІ ТАЛАПТАР (жинақтау ұйымының екiлдерi ушiн)
Көлденең орнатылатын модельдерді қоспағанда (1-кесте), бұл өнім дұрыс жұмыс істеуі үшін тігінен орнатылуы
тиіс құрылғы. Орнату аяқталып, су қосылмас немесе қуат жалғанбас бұрын, өлшеу құралымен (яғни, деңгейлікпен)
құрылғының тіп-тік орнатылғанын тексеріп алыңыз.
Құрылғы суды қайнау температурасынан төмен температураға дейін қыздыруға арналған. Ол құрал
өнімділігі мен қуатына бейімделген ыстық судың кіріс магистраліне қосылады.
Құралды қосу алдында келесі әрекеттерді орындау керек:
- Сипаттамалары (зауыттық төлқұжат тақтайшасында көрсетілген ақпаратпен салыстыру) тапсырыс
берушінің талаптарымен сәйкестігін тексеру.
- Құрал қондырғысы қолданбалы заңнаманың IP деңгейі (өтетін сұйықтықтан қорғаныс) нормаларына
сәйкестігіне тексеру.
- Жапсырмада және сипаттама тақтайшасында көрсетілген ақпаратты оқып шығыңыз.
Бұл құрал қолданбалы заңнама нормаларына сәйкес бөлме ішінде орнатуға арналған әрі келесілердің
бар-жоғына қатысты келесі ескертулерді сақтауды талап етеді:
- Ылғал: құралды жабық бөлмелерде (желдетілмейтін) және ылғалдылық деңгейі жоғары бөлмелерде
орнатуға болмайды.
- Суық: құралды температура көрсеткіші теріс мәндерге дейін төмендейтін және мұз құрылысы қаупі
бар орындарда орнатуға болмайды.
- Күн сәулесі: құралға, тіпті, перделер болғанымен тікелей күн сәулесін түсіруге болмайды.
- Ұнтақтар/булар/газ: құралды қышқыл буы, жарылғыш ұнтақтар немесе газ жиналымы сияқты
агрессивті орталарға орнатуға болмайды.
- Электрлік разрядтар: кернеу тербелістерін қорғалмаған электр тогын тасымалдамау желілеріне
құралды орнатуға болмайды.
Қабырғалар кірпіштен, төзімділігі төмен тесік блоктардан немесе кез келген көрсетілгеннен басқа
материалмен салынған жағдайда, бекіту жүйесінің төзімділігін алдын ала тексеру керек.
Қабырғаға бекіту ілмектері толығымен суға толтырылған бойлердің үштік салмағын ұстауға жеткілікті
болуы керек. Аспапты бекiту ушiн диаметрi 12 мм кем болмайтын iлмектердi пайдалану ұсынылады.
Құбыр желiсi арқылы жылу жоғалтуды азайту ушiн аспапты су белетiн торалтан минималды қашықықта
орналастыру керек (А 1-сур.)
Жергілікті нормалар жабдықты ваннаға орнатуға тыйым салуы мүмкін, сол себепті қолданбалы
нормаларға сәйкес минималды қашықтықты сақтаңыз.
Техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жеңілдетуге және электр бөліктеріне қатынас беруге
қалпақша айналасында кемінде 50 см бос кеңістік қалдырыңыз.
Гидравликалық қосылыс
Су жылытқыштың келте қбырларын eң жоғарғы жұмыс қысымы кезiнде 90°С-тан асатын температураға
есептелген құбырлар мен фитингтерге ғана жалғаңыз. Жоғары температураға есептелмеген
материалдарды пайдаланбаңыз.
Құралды қаттылық градусы 12°F төмен сумен немесе керісінше қаттылық градус жоғары (25°F
үлкен) сумен пайдалануға болмайды, тиісті түрді калибрленген және теңшелген тұщыландырушыны
пайдалану ұсынылады, бұл орайда қалдық қаттылық 15°F төмен түспеу керек.
Құралдың "T" тәріздес қосылысының көк түсті сақинамен белгіленген су кірісі түтігін бұраңыз.
Қосылысқа бір жағынан қыздыру бағанасын төгу кранын бұраңыз (B сур. 2), бұл бір құрал көмегімен
басқарылады, басқа жағынан артық қысымға қарсы құрылғымен басқарылады (A сур. 2).
Қауіпсіздік тобы EN 1487 Еуропалық стандартына сәйкес
Кейбір елдерде жергілікті заңнама талаптарына сәйкес арнайы гидравликалық құрылғыны қолдану
талап етілуі мүмкін; құрылғыны монтаждауға жауапты орнатушы қолданылатын сақтандырғыш
құрылғының өлшемдерінің сәйкестігіне көз жеткізуі керек.
Қауіпсіздік құрылғысы мен бойлер арасында ешбір ажырату құрылғысын (клапандар, крандар, т.б.)
пайдалануға тыйым салынады.
Құрылғы шығысы визуалды бақылауға мүмкіндік беретін кемінде 20 мм қашықтықта орналасқан
воронка көмегімен агрегатқа қосылғаннан кем емес диаметрлі түтік желісіне қосылуы керек. Суық су
түтігіне шланг көмегімен қауіпсіздік тобының кірісін қосып, қажет болғанда шығыс кранды қосыңыз (D,
2-сурет). Сонымен қатар, төгу кранын ашқан жағдайда шығысқа орнатылатын суға арналған төгу түтігін
қамтамасыз ету керек (C сур. 2).
Қауіпсіздік тобын бұраған кезде, оны тірелгенше тартпаңыз және конструкциясын өзгертпеңіз.
Егер желінің қысым мәні клапанды калибрлеу мәніне жақын болса, редукциялық қысым клапанын
пайдалану керек. Бұл клапанды орнату құралдан барынша алыс орындалуы керек. Егер араластыру
тораптары (крандар және душ) орнатылса, түтік желісін зақым келтіруі мүмкін ластағыштардан
168

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Lydos eco 50 v 2k euLydos eco 80 v 2k eu

Tabla de contenido