Техникалық Күтім Және Қызмет; Тұтынушыға Қызмет Көрсету Және Пайдалану Кеңестері - Bosch EasyVac 3 Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para EasyVac 3:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 19
OBJ_BUCH-2992-001.book Page 82 Thursday, December 8, 2016 10:51 AM
82 | Қaзақша
Бұл үшін сыртқы ауа тесігінің 20 үстіндегі сақинаны тесік
барынша ашылғанша бұраңыз.
– Шаңсорғыштың бастау/тоқтау
автоматикасын іске қосу үшін
пайдалану түрлерінің реттегішін 2
"Бастау/тоқтауавтоматикасы"
белгісіне орнатыңыз.
– Шаңсорғышты пайдалануға беру үшін розеткасына 4
қосулы электр құралын қосыңыз. Шаңсорғыш
автоматты ретте жұмыс істеуді бастайды.
– Электр құралын өшіріп соруды тоқтатыңыз.
Бастау/тоқтау автоматикасының қосымша істеуі 6 с
шейін болады, ол сору шлангінден қалған шаңдарды
сорып алу үшін керек.
– Шаңсорғышты өшіру үшін пайдалану
түрлерінің реттеуішін 2 "Өшіру" белгісіне
орнатыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын шаңсорғыш айырын
розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Сүзгі блогын тазалау (E1–E3 суреттерін қараңыз)
– Босату түймешігін 8 басып, шаң контейнерін 9
шаңсорғыштан шығарыңыз.
– Мата сүзгіні 21 сүзгі себетімен шешіп, мата сүзгіні
жұмсақ қылшақпен тазалаңыз.
– Жалпақ жиналатын сүзгіні 22 қалқасынан ұстап оның
сүзгілеу себетімен бірге шешіңіз.
Жалпақ жиналатын сүзгіні жұмсақ қылшақпен
тазалаңыз немесе оны ағатын су астында шайып
жақсылап кептіріңіз.
– Тазаланған сүзгіні қайта орнатыңыз және оның қатты
және дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Шаң камерасын тазалау
– Шаң контейнерін 9 стандартты ысқаланбайтын тазалау
құралымен тазалап, артынан жақсылап кептіріңіз.
Тұрақты сүзгіні тазалау (F суретін қараңыз)
Тұрақты сүзгіні 24 тазалап тұрыңыз, онда шаңсорғыштың
оңтайлы қуаты жетіледі.
– Ауа шығару қаптамасын 23 ашып, тұрақты сүзгіні 24
шешіңіз.
– Тұрақты сүзгіні 24 ағын су астында шайып, жақсылап
кептіріңіз.
– Тазаланған сүзгіні қайта орнатыңыз және оның қатты
және дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Ауа шығару
қаптамасын қайта жабыңыз.
1 609 92A 3FG | (8.12.16)
Ақаулықтар
Сору қуаты жетерлік болмаса төмендегілерді тексеріңіз:
– Шланг жүйесі бітеліп қалған ба?
– Сүзгілер шаңмен қапталған ба?
– 9 шаң камерасы толды ма?
– Шаң қабы 18 толған ба?
Қызып кетуде шаңсорғыш өшеді. Төмендегілерді
орындаңыз:
– Шаңсорғышты 60 мин суытыңыз.
– Желі айырын розеткадан шығарып, оны қайталап
розеткаға салыңыз.
– 9 контейнері мен 18 шаң қабы бос болуын және сору
шлангы 10, сүзгі 21/22 және тұрақты сүзгі 24
бітелмеуіне көз жеткізіңіз.
Жүйелік түрдегі босату оптималды сору қуатын
қамтамасыз етеді.
Егер сору қуаты жетілмесе шаңсорғышты қызмет көрсету
шеберханасына апару керек.
Сақтау (G суретін қараңыз)
– Сору шлангы ұстағышының иілімді таспасын 1 ашып,
сору шлангын 10 шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінің
айналасынан ұстағышына салыңыз.
Иілмелі таспаларды қайта асыңыз.
– Сору керек-жарақтарын тиісті ұстағышына 6
шаңсорғышта салыңыз.
– Желілік кабелін кабель ұстағышынан ораңыз 3.
– Шаңсорғышты тек тасымалдау тұтқасынан 5 ұстаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido