OBJ_BUCH-2000-002.book Page 115 Wednesday, June 26, 2013 11:24 AM
Басқа да қауіпсіздік және жұмыс
нұсқаулықтары
Қолыңызды аралау өрісінен тыс ұстаңыз.
Дайындама астынан ұстамаңыз. Ара полотносына
тию жарақаттану қауіпін тудырады.
Электр құралды дайындамаға тек қосулы ретте
апарыңыз. Әйтпесе алмалы-салмалы аспап
дайындамаға ілінсе кері соғу қауіпі пайда болады.
Тіреу тақтасының аралау кезінде бекем тұруына
көз жеткізіңіз. Қисайған ара полотносы сынуы немесе
керу соғуға алып келуі мүмкін.
Жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралын өшіріп,
оның толық тоқтағанынан соң ғана ара полотносын
кесіктен шығарыңыз. Сол арқылы кері соғудан
сақтанып, электр құралын қауіпсіз күйге келтіресіз.
Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз.
Қисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы, кесікті
зақымдауы немесе кері соғу себебін тудырады.
Ара полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы
тоқтатпаңыз. Ара полотносы бұзылуы, сынуы немесе
керу соғу себебін тудыруы мүмкін.
Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жа-
рылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию мате-
риалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Ара полотносы бекем тұруына көз жеткізіңіз. Босаң
ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Ара полотносы қажетті кесіктен ұзын болмауы
керек. Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара
полтноларын пайдаланыңыз.
Ара полотносын шығаруда электр құралын адам не-
месе үй жануарларын жарақаттамайтын күйде
ұстаңыз.
Қорғасын бояу, ағаш, минерал және металдың кей-
бір түрлерінің шаңы денсаулыққа зиян болып, аллер-
гиялық реакция, тыныс алу жолдары ауруларына
және рак ауруына алып келуі мүмкін. Асбестік
материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Bosch Power Tools
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Кездейсоқ қосылудан қорғағыш қуаттандырудан
кейін электр құралының бақылаусыз іске
қосылуын болдырмайды. Қайта пайдалану үшін
ажыратқышты өшірілген күйге келтіріп, электр құралын
қайта қосыңыз.
Корпуста орналастырылған сақтау қапсырмасы (15
суретіне,192 бетінде қараңыз) жұмыс істеу кезінде
ара полотносына кездейсоқ тиюден сақтайды, оны
алып тастау мүмкін емес.
Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдарында т.б. ине,
бұранда т.б. сияқты бөгде денелерді алып тастаңыз.
Қол дискілі арамен тек қана ағаш, гиспокартон т.б.
сияқты жұмсақ материалдарды өңдеңіз. Қол ара
үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз.
Метал галош пластмасса тіреу тақтасын металды
аралау кезінде тырнауға жол бермейді.
Электр құралының параметрлерін пайдалануға
сәйкес реттеңіз. Металды өңдеуде немесе жіңішке
доғалы аралауда жүріс санымен тербелуді
азайтыңыз.
Кіші және жұқа дайындамаларды өңдеу кезінде
әрдайым қозғалмайтын төсем немесе аралау
құрылғысын (жабдық) пайдаланыңыз.
Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша
шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті
жиі үрлеп тазартып артық тоқтан сақтайтын
қосқышты қосыңыз. Металды өңдеуде тоқ өткізетін
шаң электр құралының ішінде жиналуы мүмкін. Электр
құралының оқшаулануы зақымдалуы мүмкін.
Белгілер
Төмендегі белгілер пайдалану нұсқаулықтарын оқып
түсіну үшін маңызды. Белгілер менен олардың
мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну
сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға
көмектеседі.
Белгі
Мағына
GST 160 CE: Электрлі жұқа ара
тұрақтылық электроникасымен
сұр реңді жай: тұтқа (айырылған
тұтқа беті)
Қaзақша | 115
2 609 932 883 | (26.6.13)