3M Peltor X Serie Manual Del Usuario página 65

Ocultar thumbs Ver también para Peltor X Serie:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 15
K
Өнімнің құрамына кіретін заттар:
3M™ Peltor™ X Сериясының Пассивті шудан қорғайтын
Құлақшындары.
Басқа арналған доғасы бар нұсқа
X1A, X2A, X3A, X4A, X5A
Дуылғамен киюге арналған нұсқа
X1P3 , X2P3, X3P3, X4P3, X5P3
Осы өнімдер денсаулыққа қауіпті шудың жəне қатты
дауыстардың деңгейін төмендетуге көмектесу үшін
дайындалған.
Осы өнімдер басқа тағатын таңғыш жəне дулыға киілетін
доғалы нұсқаларда жасалған.
Дулығаға лайықты түрі арнайы өндірістік қорғау
дулығаларына сай етіп жасалып, белгіленген тестілеу мен
мақұлдаудан өткен.
Мақұлданған комбинацияларды білу үшін 1 кестесін
қараңыз.
Өнімнің мүмкіндіктері:
Электрден оқшауланған * доға
*Кейде «диэлектрик» деп аталады.
Доғаның металл құрамдастары төмен кернеулі электр
қаупінде (440В айнымалы токтан аз) қолдану үшін
өткізбейтін материалмен қапталған).
Құлаққаптардың электрден оқшаулау қасиеттерін сынау
үшін қолданыстағы стандарттар болмағандықтан, өнім
EN397:1995 мəніне негізделген өзгертілген сынақ əдісі
бойынша сыртқы зертханада бағаланды.
Бағалау барысында, өнімнің сыртқы беті электр көзіне тиіп
тұрған кездегі сыртқа аққан ток 1,2мА мəнінен асқан жоқ.
Пайдаланушы бұл өнімнің арнаулы мақсатына жалпы
лайықтылығын анықтағанда осы өнім сыналып, CE
бойынша мақұлданған шудан басқа да кез келген
қауіптерді ескеруі керек.
^
Өнімнің əрдайым осындай күйде болуын
қадағалаңыз:
- Қолданылу мақсатына сай жарамды екенін;
- Дұрыс киілгенін;
- Көзге əсер ету кезінде пайдаланылуын;
- Қажет болғанда ауыстыруға болатынын.
• Бұл өнім белгілі химикаттарға зиянды əсер етеді
• Жетілдірілген ақпаратты 3M алуға болады,
• Шуға қарсы құлақ жапқыш бүлінген кезде жұмыс
аумағынан дереу шығып кетіңіз.
• Гигиеналық жабындарды жастықшаларда пайдалану
шуға қарсы құлақ жапқыштың акустикалық
қасиеттеріне əсер етуі мүмкін.
• Бұл өнім өзгертуге немесе жөндеуге келмейді.
• Шуға қарсы құлақ жапқыш жəне кейбір жастықшалар
пайдаланған кезде уақыт өте тозады, сондықтан
олардың жарықтары жоқ екендігі тексеріліп отыруы
тиіс.
• Көзілдірік, респиратор сияқты жəне басқа құралдарды
қолданған кезде акустикалық қорғаныс төмендеуі
мүмкін. Бұл шуды азайту коэффициентін төмендетуі
мүмкін. Егер қандай да бір күмəніңіз бар болса,
қауіпсіздік бойынша маманмен немесе 3М
компаниясымен хабарласыңыз.
• Шуға қарсы құлақ жапқышты киіп жүрген кезде олар
қоршаған ортадағы дыбыстардың деңгейін, сондай-ақ
сақтандыру сигналдарын жəне қажетті сөйлесу
кезіндегі дыбыстардың да деңгейін төмендетеді.
Жаныңыздағылардың сөздері сізге естіліп тұруы үшін
жұмыс ортасына сəйкес өнімді дұрыс
таңдағаныңызды үнемі тексеріп отырыңыз.
• Құлақшындар "орташа өлшем ауқымы" немесе "кіші
өлшем ауқымы" немесе "үлкен өлшем ауқымы"
EN352-1 жəне EN352-3 сəйкес келеді.
• "Орташа өлшем ауқымындағы" дулығаға сай етіп
жасалған құлақшындар көпшілікке шақ болып келеді.
"Кіші өлшем ауқымы" немесе "үлкен өлшем ауқымы"
дулығаға сай етіп жасалған құлақшындар болса
"орташа өлшем ауқымындағы" дулығаға сай етіп
жасалған құлақшындар сəйкес келмеген адамдарға
арналып жасалған.
• Дулығаға сай етіп жасалған құлақшындар
мақұлданған дулыға комбинациясының 1 кестесіне
сəйкес қолданылуы керек.
• Өнімді пайдалану кезінде пайдаланушыға сырттан
зиянды шуларды өткізбеудің негізгі шарттары
тығындарды мұқият таңдау, оларды пайдалануға
үйрету жəне тиісті күтім жасау болып табылады.
• Аталмыш ескерту нұсқауларына (арнайы қауіп
белгісінде) аса назар аудару қажет.
• Бұл өнімдердің нұсқауларын ұқыпсыз пайдалануы
жəне\немесе бұл өнімдерді қауіпті мезгілде дұрыс
кимеуі жұмысшының денсаулығына əсер тигізу
мүмкін, адамның қатты немесе өмірге қауіпті ауруға
немесе тұрақты мүгедектікке əкелуі мүмкін.
Оларға тұрақты сілтеме жасау үшін пайдалану мен
қауіпсіздік жөніндегі барлық нұсқауларды қараңыз.
Шуға қарсы құлақ жапқышты киердің алдында оның
ақаулары жоқ екенін тексеріңіз.
Егер қандай да бір ақаулары бар болса, оны лақтырып
тастаңыз жəне жаңасын алыңыз.
Шуға қарсы құлақ жапқышты өлшердің алдында
құлағыңыздың жанындағы шаштарды артқа тараңыз жəне
құлағыңыздағы сырғаларды шешіп тастаңыз.
Басқа арналған доғасы бар нұсқа
1Шуға қарсы құлақ жапқыштың табақшаларын тартыңыз
жəне оны сұлба бойынша құлаққа қарсы орнатыңыз
(сұлбасы 1).
2. Шуға қарсы құлақ жапқыштың доғасын ұстап тұрып, оның
табақшаларын сырғытып, биіктігін жайлы деңгейде реттеңіз
(сұлбасы 2).
3. Дұрыс киілген өнім көрсетілген (сұлбасы 3).
64

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido