Sordin SHARP Manual De Instrucciones página 149

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 16
• Құлаққаптың шуды басу деңгейін реттеп отыруға болады. Пайдаланушы құрылғыны кимес
бұрын, жұмыстың дұрыстығын тексеру керек. Қандай да бір өзгерістер немесе ақаулар туын-
даған жағдайда, пайдаланушы өндірушінің пайдалану және батареяны ауыстыру бойынша
нұсқаулығына жүгінуі керек.
• Батареяны пайдаланған сайын оның жұмыс істеу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін. Құлаққап бата-
реясының әдеттегі үздіксіз пайдалану кезеңі пайдалану режіміне және дыбыс қаттылығына
байланысты. Қоршаған ортада және дыбыстың шығу деңгейі орташа болған жағдайда, әдеткі
қолдану мерзімі 36 сағатты қамтиды.
• Бұл құлаққаптың шығыс деңгейіне тәуелді тізбегі сыртқы дыбыс деңгейінен асып кетуі мүмкін.
• Құлаққап аудиожүйемен жабдықталған. Осындай аудиожүйенің (FM радиоқабылдағыш және
Bluetooth тарату) құлаққа зиянсыз қысым деңгейі 82 дБ (A) дейін.
• Ойын-сауық мүмкіндігін пайдаланған кезде арнайы жұмыс орнындағы ескерту сигналының
естілуі нашарлауы мүмкін.
• Бұл өнімге кейбір химиялық заттар әсер етуі мүмкін. Қосымша ақпаратты өндірушіден алуға
болады.
• Өнімді жүейлі түрде тазалап отырыңыз. Матаны сумен және сабынмен қолданыңыз. Жумаңыз
немесе суға толық батырмаңыз.
• Құлаққаптын амбушюраларының сапасы пайдалану кезінде нашарлауы мүмкін және оларды
сызаттар мен ағып кетуіне үнемі тексеріп отыру керек.
• Жастықшалардың гигиеналық қақпақтарын бекіту есту мүшесін қорғау құралдарының акустик-
алық өнімділігіне әсер етуі мүмкін.
• Өнім тұтанғыш немесе жарылғыш атмосферада тұтануы мүмкін батарея мен электрлік ком по-
ненттерден тұрады. Ұшқындар өртке немесе жарылысқа себеп болатын орталарда пайда лан-
баңыз.
• Өнімді + 55 °C-дан жоғары және -20 °C-дан төмен температурада сақтамаңыз.
• Өнімді тек -20°C және +55°C температура аралығында қолданыңыз.
• Өнімді тек 0 °C-дан + 40 °C-ға дейінгі температурада қуаттаңыз.
• Тасымалдау және пайдалану кезінде өнімнің зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құлаққапты шлемге жақындатпаңыз, себебі бұл шлемнің бүйірлерінде сызаттар қалдыруы
мүмкін.
• Өнімдегі бөлшектерді өзгертпеңіз немесе алып тастамаңыз. Осы нұсқаулықта көрсетілген
өзгерістерді ғана енгізіңіз. Барлық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары бекітілген сервис
орталықтарында жүргізілуі керек.
• Пайдаланылатын қуаттау кабелі мен қуаттау құрылғысының ұлттық ережелерге сәйкес екен ді-
гіне көз жеткізіңіз. Қуаттау кезінде құлаққапты қараусыз қалдырмаңыз.
• Тек Sordin түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
• Дыбысты өткізбейтін құлаққаптарды қаптамада көрсетілген өндірілген күнінен 10 жылдан ар-
тық пайдаланбаңыз.
• Өнімді ұлттық заңнамаға сәйкес жойыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Кіріспе
ЕСКЕРТУ:
Өнімді пайдаланбас бұрын, қауіпсіздік ережелеру туралы тарауды оқып, түсінуіңіз тиіс.
Орнату нұсқауларын орындамас бұрын, шашыңызды бір жаққа қарай жинаңыз, дыбыс өтуіне
әсер ететін заттарды алып тастаңыз. Өнімді қолданар алдында тығыздағыш сақиналардың
құлақтарыңызға мықтап киілгеніне көз жеткізіңіз.
Құлаққапты қосу үшін (Sordin SHARP-1): Жастықшаларды құлақ үстіне орнатып, шлемнің
керме реттегішін және жастықшаларды ыңғайлы күйге орнатылғанша реттеңіз. Құлаққаптарды
құлағыңыздың айналасына берік орнатылғанша реттеп, басқа қарай бекітіңіз. (2-сур.)
149

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido