OBJ_BUCH-2005-001.book Page 173 Wednesday, August 28, 2013 8:57 AM
Пневматикалық құралды дұрыс қарау және пайдалану
Дайындаманы бекес ұстап тіреу үшін қысу
жабдықтарын немесе қысқышты пайдаланыңыз.
Дайындаманы қолмен ұстасаңыз немесе денеге
біресеңіз, пневматикалық құралды дұрыс
пайдаланалмайсыз.
Пневматикалық ққралды аса көп жүктемеңіз.
Жұмысыңыз үшін жарамды пневматикалық
құралды пайдаланыңыз. Жарамды пневматикалық
құралды керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді
жұмыс істейсіз.
Қосқыш/өшіргіші дұрыс болмаған пневматикалық
құралды пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге
болмайтын пневматикалық құрал қауіпті болып, оны
жөндеу қажет болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз ауа
жетістіруін тоқтатыңыз. Бұл сақтық шарасы
пневматикалық құралдың кездейсоқ істеп кетуінің
алдын алады.
Пайдаланылмайтын пневматика құралдарды
балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл пневматикалық құралды
пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар
қолында пневматикалық құралдар қауіпті болады.
Пневматикалық құралдарды ұқыпты күтіңіз.
Құралдың қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына,
пневматикалық құралдың зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар
пневматикалық құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Пневматикалық құралдардың дұрыс
күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Пневматикалық құралды, жабдықтарды, алмалы-
салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Осылай
шаң пайда болуы, тербелулер және шуыл пайда болуы
төмендетіледі.
Пневматикалық құралды тек қана маман және
жатыққан пайдаланушылар орнатуы, реттеуі
немесе пайдалануы қажет.
Пневматикалық құралды өзгерту мүмкін емес.
Өзгертулер сақтық шараларының әсерін төмендетіп
пайдаланушы қауіптерін көтеруі мүмкін.
Қызмет
Пневматикалық құралыңызды тек білікті маманға
және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол
арқылы пневматикалық құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
Bosch Power Tools
Бұрыштық пневматикалық тегістеу
машиналары үшін қауіпсіздік техникасы
туралы нұсқаулар
Зауыттық тақтайшадағы жазуларды оқу
мүмкіндігіне көз жектізіңіз. Керек болса өндірушіден
басқасын алыңыз.
Дайындама немесе жабдық немесе пневматикалық
құрал бұзылса бөлшіктер жоғары жылдамдықпен
ұшіп кетуі мүмкін.
Пайдалануда, жөндеуде немесе қызмет көрсетуде
және пневматикалық құрал жабдықтарын
алмастыруда соқыға қарсы көз қорғанысын кию
қажет. Қажетті қорғаныс деңгейін әрбір
пайдаланудан алдын бағалау керек.
Кірістірілмелі құрал пневматикалық құралмен
үйлесімді екеніне, шпиндель жарамды екеніне
және оның берік қысылғанына көз жеткізіңіз. Ирек
ойманың түрі мен өлшемі пневматикалық құралға
сәйкес болуы керек. Пневматикалық құралда дұрыс
тұрмаған кірістірілмелі құралдар біркелкі айналмайды,
қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға әкелуі
мүмкін.
Әрбір қызмет көрсетуден соң айналымдар санын
айналымдар санын өлшейтін аспаппен тексеріп
пневматикалық құралды қатырақ дірілдеуін
тексеріңіз.
Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген
айналымдар саны кемінде пневматикалық құралда
белгіленген максималды айналымдар санына
сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам
айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін.
Қорғағыш қаптаманы пневматикалық қаптамаға
берік бекіту керек және тегістеу шеңберінің ең аз
бөлігі операторға қарап тұратындай барынша
қауіпсіз қашықтықта орнату керек. Қорғағыш
қаптаманы жүйелі түрде тексеріп тұру керек.
Қорғағыш қаптама операторды кездейсоқ
сынықтардан, тегістеу шеңберіне кездейсоқ тиюден
және киімді тұтандыруы мүмкін ұшқындардан
қорғайды.
Ажарлау шпинделінің бос айналу моментін жүйелі
түрде өлшеңіз. Егер өлшелген көлем берілген бос
айналу моментінен n
(„Техникалық мәлиметтерді"
0
қараңыз) жоғары болса, пневматикалық құралды
Bosch сервистік орталығында тексерту керек.
Жоғары бос айналу моментінде алмалы-салмалы аспап
сынуы мүмкін, төмен айналымдар санында жұмыс
қуаты төмендейді.
Әрқашан зақымдалмаған, таңдалған тегістеу
шеңбері үшін өлшемдері және пішіні дұрыс
қысқыш фланецтерді пайдаланыңыз. Дұрыс
фланецтер тегістеу шеңбері үшін тірек болып табылады
және оның сыну қаупін азайтады. Кесу шеңберлеріне
арналған фланецтер тегістеу шеңберлеріне
арналғаннан ерекшеленуі мүмкін.
Қaзақша | 173
3 609 929 C70 | (28.8.13)